kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекелік іс-шара: Жа?а Жыл 2016

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптар?а арнал?ан Жа?а жыдды? мереке.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік іс-шара: Жа?а Жыл 2016»

Жалмауыз кемпір:

(Банер болады Жаңа жылға шақыру)Қарай гөр мыналарды! Тағы да Жаңа жыл ма? Мені тағы да мейрамға шақырмаған, қазір көрсетемін мен оларға!

Осы кезде бір дыбысты естіп, тығылып қалады. (Жердегі кішкентай шыршаны басына ұстап тұрады)

Қарақшы:

Қалтада ақша бітті. ООО АЛЛТТЫЫНН! Мына шыршада да жалған алтын, немене шоколадтан жасап қойған ба? Кризис!!! Бүкіл елде!!! Қайдан көп алтын тапсам екен! Қалай бай болсам екен!

Осы кезде Жалмауыз кемпір алдынан атып шығады.

Жалмауыз кемпір:

Әй, қарақшы, қалың қалай? Неге соншама қиналып жүрсін? Маған жұмыс істегін келе ме? Мен саған көп алтын беремін?

Қарақшы:

Сәлем! Сәлем! Кімге ? Саған жұмыс істейін ба? Кім айтты сенде ақша бар деп?

Жалмауыз кемпір:

Әй, қарақшы сен теңіздерде жүзіп, бүкіл жаңалықтардан құр қалған сияқтысың?!

Қарақшы:

Қандай жаңалықтардан құр қалып қойыптым?

Жалмауыз кемпір:

Мен қазір жай Жалмауыз кемпір емеспін! Ми-Ми туф қалай еді? Қазір АЙФОНЫМНАН дұрыстап оқып алайыншы! ЕЕЕ былай екен ғой.

Милиардер Жалмауыз кемпір. (FORBES журналына Жалмауыз кемпір милиардер деп жазылып тұрған суретті көрсетеді)

Қарақшы:

ААА? Қашаннан бері? Мен ең бай болатынмын.

Жалмауыз кемпір:

Ой, че та тоңып кеттім. (норковый шубасын киіп алады) Алдыңғы жылдар теңгемді долларға айналдырып қойғанмын, сол бәле өсіп кетіп, ақшам он есе көбейіп кетіп, аяқ астынын Мт ми милиардер болып кеттім.

Қарақшы:

Жалмеке! Мені жұмысқа аласың ба?

Жалмауыз кемпір:

Тыңда міне саған мынандай жұмыс (Аяз Атаның фотосын көрсетеді). Осы адамды сен ұстап алып, тығып қоюын керек. Жарай ма?

Қарақшы:

Жарайды, Жалмеке. Әміріне құлдық.

Осы кезде біреудің келе жатқанын сезіп, қашып кетеді. Светті өшіреміз. Қыздар 1 «Қ» шыршаның жанында отыра қалады, «Ақшақарлар» қар сияқты отырып 1-1-ден тұрып тақпақ айтады:

 1 – бала

Жаңа жыл

Жаңа жыл

Жаңа жылда – жаңа жыр

2 – бала

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

3 – бала

Тамаша

Тамаша

Шыршамыз тұр жараса

4 – бала

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

5 – бала

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

 Асқар тау қарлы шың.

6 – бала  

Жаңа жыл, жол болсын.

Тынбасын жарқын ән

Камбада мол   болсын

Ақ маржан – алтын дән

Жүргізуші:

Қайырлы кеш, құрметті қонақтар! Біздің Жаңа Жыл шыршасына қош келдіңдер!

Жаңа Жыл– туындаған жаңа армандар,

Жаңа Жыл- шуылдаған жаңа армандар.

Ал мынау- мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар

Жаңа Жыл- қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Музыка Метель. Сол кезде Аққала домаланып шығады.

Аққала (Рауан):

Сәлем! Мен қайда келдім?

Жүргізуші:

Сәлем! Аққала! Сен Жаңа жыл мерекесіне келдің!

Аққала (Рауан):

Мынау шырша ма? Ал, балалар қайда?

Жүргізуші:

Балалар, қазір шығады. Сен бізге әсем ән айтып бер. Сенің әніне балалар билеп-билеп шығады.

Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр-әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер, оқушылар-дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық.

Аққала (Рауан) «Жаңа жыл» әнін орындайды. Балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Балалар, көрдіңдер ме, бізге қонаққа Аққала келіпті. Қане бәріміз Аққаламен амандасайық.

Аққала:

Сәлем балалар. Мен сендерге сонау суық жерден келдім.

Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Ендеше ойнайық.



Жалмауыз кемпір шығады.

Жалмауыз кемпір:

Так-так-так. Тағы да менсіз мейрамды өткізбексіңдерме.?

Қарақшы:

БІССІЗ!

Жүргізуші мен Аққала:

Жоға, Жалмауыз кемпір, о не дегеңіз! Сізсіз мейрам мейрам ба?

Біз сол сізді ойынға шақырайық деп жатқанбыз.

Жалмауыз кемпір:

ЕЕЕЕ, ол қандай ойын, ойнасақ ойнайық. Қазір көлігімді (Шаңсорғыш)

қойып қою керек.

Шанамен ойын. 2 жақта 4 шанадан тұрады, әр жаққа 4-4 баладан шығады және Жалмауыз кемпір мен Қарақшы. Музыка ойнап тұрады, балалар шананы айнала билейді, музыка тоқтағанда шанаға отыра қалу керек.



Жалмауыз кемпір мен Қарақшы:

Ох, ух қатты шаршадық!

Жүргізуші:

Ендеше демалып, ән орындайық.

ХОРОВОД.

Жалмауыз кемпір мен Қарақшы:

 Сендерге айтатын бір жаңалығымыз бар.Сіз күтіп жүрген Аяз ата мен Ақшақарды біз ұстап отырмыз.

Жүргізуші: 

Оныңыз қалай? Аяз атасыз мереке қалай өтеді? Кәнеки, балалар , мыстан ападан жақсылап сұрайықшы.

Балалар хормен: 

Қардан аппақ әдемісіз, мыстан апа,

Шашың күміс жылтыраған мұздай, апа.

Келіп қосыл арамызға, қарсы аламыз,

Сіз боп, біз боп Жаңа Жыл салтын, апа.

Жалмауыз кемпір мен Қарақшы:

Жарайды, жарайды, ал сендерде бізге беретін сыйлық бар ма? (Сол кезде Мешін шығады)

Мешін: 

О, мыстан, не шу шығарып жатсың? Саған сыйлық берсем Аяз ата мен Ақшақарды жібересің бе?

Жалмауыз кемпір мен Қарақшы:

 Енді оны қандай сыйлық алғанымызға қарай көреміз.

Мешін: 

Менде сиқырлы банан айнасы бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады.

Жалмауыз кемпір мен Қарақшы:

(ойланып,ойланып)

Үнділердің биін көргім келеді, ал көрсетші.

Мешін: 

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Шығыстардың өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Суф....

Аққала:

ТТТоса тұрыңдар. Бұл залда менімен бірге келген достарым бар, олар сонау Антарктикадан келді. Пингвиндер Шығыс қыздарымен бірге билесіңші.

(Қарақшы:

ТТТоса тұрыңдар. Бұл залда менімен бірге келген достарым бар, ҚАРАҚШЫЛАР. Қарақшылар Шығыс қыздарымен бірге билесіңші.)

Жалмауыз кемпір:

ООО, міне нағыз қызық деп осыны айт! Билесе билесің!

Би: 0 «Ә» қыздары мен ұлдары.

(Би: 3 «Ә» қыздары мен ұлдары.)

Қарақшы:

О, мынау тамаша екен. Ал енді ән айтқызып бере аласың ба?

Мешін: 

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Шырша әнін сайрат.

Суф- суф- суф

Хоровод.

Жалмауыз кемпір:

Ай, тамаша, ризамын, ризамын. Қазір менің көмекшім Аяз атаны алып келеді. Олар келгенше мен сендермен ойнай тұрамын.

Әй, сен өзі кім боласың?

Мешін:

Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,

Мешін жылы боламын!

Жүргізуші:

Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт- береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Аққала:

 Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
        Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
        Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
        Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!

Мешін:

Рахмет, көп рахмет! Ал балалар, енді бір ойын ойнап жіберейік. Менде жалғыз келген жоқпын, биыл 2016 Жаңа жыл. Сол себепті өзіммен бірге 16 мешінімді ала келдім. Қане. ортаға шықсыңшы.

Ойынның шартын айтып ойын ойнатылады. 2 еркек адам- пальма ағашы болады, 2 мешін мойнына отырады, қолдарына обруч алады. Обручта банандар байланып тұрады. 3-3 баладан ортаға шығады. Олар маймылша секіріп, бананды жұлып алу керек.

Жүргізуші:

Біздің балалар нағыз маймылдар сияқты секіреді екен.

Мешіндер биі.

Жалмауыз кемпір:

Әй, менің АЙФОНЫМНЫҢ қуаты таусылып қалды. Қарақшыға звандай алалмай отырмын. Олар мына омбы қарда адасып қалуы мүмкін. Қане бәріміз айғайлап шақырайықшы.

Жүргізуші:

Шыныменде Аяз Атамыз кешігіп жатыр! Балалар қане, бәріміз бірге шақырайықшы.

Бәрі:

Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Аяз Ата: Ой мына Жалмауыз кемпір мен Қарақшы бізді ұстап алып, тығып қойды. Қане, таяғым қайда? Мұз болып қатырып тастайын!

Жалмауыз Кемпір:

Жоға, атажан біз қателігімізді түсіндік, кешіріңдерші бізді!

Ақшақар: Олай болса, келіңдер ортаға , біздермен бір көңілді би билеп берсеңдер – сенеміз сендерге. 
Жүргізуші: Бұл қандай би, Ақшақар? 
Ақшақар: Бұл жай би емес – сиқырлы би. 
Жалмауыз Кемпір:

Бидің сиқыры қандай? 
Ақшақар: Қазір көресіңдер. 
Қарақшы: Билегім келмейді. Жоқ, біз билемейміз. Жүр, кеттік Жалмеке. 
Аққала: Жоқ, билейсіңдер. Билемесеңдер, жібермейміз. 
Маэстро, музыка! 
«Кел, билейік» - ән-сауық. 
Жалмауыз Кемпір:

Ой-ой-ой, аяғымай, шаршадым, - деп, құлайды. 
Қарақшы: Ой-ой-ой, басым айланып кетті. Біз бәрін түсіндік. Енді ешқашан Жаңа Жыл мейрамын бұзбаймыз.

Жүргізуші: Қандай жақсы болды! 


Ән: «Аяз Ата»

Жүргізуші:

Аяз Ата шырша шамын жағасыз ба?

Аяз – Ата:

Иә, иә. Мүлде есімнен шығып кетіпті-ау! Қане, жағайық!

1,2,3 Шырша шамы жарқыра!

Балалар бірге айтады. Бірақ шырша шамы жанбайды.

Аяз – Ата:

ЕЕЕ балалар, есіме жана ғана түсті, бұл шырша Қазақстанның шыршасы емес. Бұны маған Америкадан Санта досым сыйға берген. Бұл шырша біздің тілімізді түсінбейді. Қане бәріміз Санта Клаусты шақырайық.

Балалар Санта Клаус деп айқайлайды. Араларынан Санталар шығады.

Санта Клаус:

Хэлоу! Хэлой! Вери гуд! Уи а Санта Клаус!

Аяз – Ата:

Сәлем бердік. Бағанадан бері ортамызда жүр екенсіндер ғой. Бізге шыршаның шамын жағып беріңдерші.

Санта Клаус:

Окей! Бұл өте оңай! Тек қана былай айтамыз: Уан, ту, сри Шырша шамы жарқыра!

3 рет қайталайды шырша жанады. Санта Клаустар Биі: 1 «Қ» (4«Ә»)

Ән айтады. «Jingle bells»
0:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

0ә: 2ә:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

0ә: 2ә:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

0ә: 2ә:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

0ә: 2ә:

Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Аяз ата:

Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Ал менімен ойнандар, қазір мен сендермен Хоккей ойнаймын.

Хоккей ойыны.

Жүргізуші:-

Балалар, жаңа жыл болса қасымызда тұр, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда? Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(Қой билеп шығады)
Би: ҚОЙ ФЛЕШМОБ

Жүргізуші:-

- Ау,қойым сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)

Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Қой:

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Бала:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ

Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған.

Аяз ата:

Жарайсыңдар аңдарым! Балалар, менімен ойын ойнайсыңдар ма? 
Балалар: Иә, ойнаймыз! 
Жүргізуші: Бұл қандай ойын, Аяз ата? 
Аяз ата: «Кім жылдам?» атты ойын. Бүл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі ойыншықтарды жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, ойыншықтарды айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда – жылдам 1 ойыншықты алу керексіңдер. Кімге ойыншық жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады. 
«Кім жылдам?» Аяз атамен ойын. 
Жүргізуші:
Қандай қызықты ойын! Рахмет, Аяз ата. 
Ақшақар: Ата, қараңызшы, қаншама көп қар жауыпты! Ұлпақарларымды ортаға шақырайын, би билеп берсін. 

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
1қ:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

Ақша қарлар 1 «қ » билейді және ән айтады.


Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Ақшақар: Ата, біздің жолға шығатын мезгіліміз келді. 
Аяз-ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бізді басқа балалар да күтіп қалды. Сау-сәлемет болыңыздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Кездескенше, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.













































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Мерекелік іс-шара: Жа?а Жыл 2016

Автор: Нысанбаева Айнур Ардаковна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327271

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?СТАЗЫМ – ?ЛА?АТЫМ "
    ["seo_title"] => string(19) "u-stazym-u-lag-atym"
    ["file_id"] => string(6) "152790"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420903537"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства