Просмотр содержимого документа
«Мені? ?лкемдегі ?ОС іздері»
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
«Таврия орта мектебі» КММ
Мұғалім:Мукатаева Ж.Б.
Сабақтың тақырыбы: Менің өлкемдегі Ұлы Отан соғысының іздері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы жеңіс жайлы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата - апаларымыздың ерен ерліктері туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігі жайлы білім беру. 2. Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет дағдыларын ояту. Олардың тарихтан алған білімдерін шыңдау, дамыту. 3. Оқушыларды теориялық білімдерін өмірде пайдалана білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Слайд 1 Видео 1
Кіріспе:
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында Қазақстандық патриотизм идеясын ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті. «Елбасы жолдауында ,біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Сондықтан да Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ,фашистік Германияға қарсы соғысқан ардагерлеріміздің ерлігіне, соғыстан кейінгі тағдырына мән беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қадірлі қонақтар ,Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды ерлік туын желбіретіп, бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен және соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Видео 1941 - 1945жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, азаматтықты қорғап ерекше ерлік көрсетті.
Оқушылар: Ұлан ауданынан шыққан батырлар:
1.Трофим Кликенко
2.Иван Варепа
3. Николай Лут
4. Степан Борозенец
5. Владимир Колесников
6. Хамза Мұхамедиев
7. Серікқазы Бекбосынов
8. Ізғұтты Айтыков
9. Төлеген Тоқтаров
10. Қасым Қайсенов
Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбегі де шексіз. Солардың бірі қадірлі қонағымыз сөз береміз. Сонау соғыс жылдарындағы, тыл еңбеккерлерінің өмірінен біраз әңгіме айтып берсеңіз. (ардагерлерге сөз беріледі)
Қортынды Еркебұлан
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтайық.
Бейбітшілік –адамзаттық асыл құндылықтарының бірі.Адамзат өмір бойы тыныштықта,мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды.Бейбітшілікті сақтау,соғыстарды болдырмау,бейбітшілік үшін күресуәрбір саналы азаматтың ,қазақ халқының бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі.
А.Байтұрсынов : «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады,бірінші –бай тіл,екіншісі- байтақ жер»,- деген екен
Бүгінгі ұрпақ,осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап,келер ұрпаққа табыстауымыз керек.Ол үшін бізге отансүйгіштік,ұлттық сана сезім қажет.Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен,біліммен,тәрбиемен,үйренумен,талпынумен бітеді.
Сонымен солай дейік,солай боларына сенейік.
Қосымша:
Трофим Клименко.
1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Таврия ауданының Украинка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған.
Мәскеу қорғанысы, Сталинград түбіндегі ұрыстар, Орел-Курск иіні, Польшаны азат ету - гвардия майоры Клименконың майдандық өмірінің жылнамасы осындай.
Клименконың батальоны Батыс Буг, Саң Висла өзендерінен ойдағыдай өтті.
Соғысты Прагада аяқтады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 23-қыркүйектегі Жарлығымен Т.М.Клименкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін ол Кеңес Армиясы қатарында қызметін жалғастырды.
Иван Варепа
1910 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Перьятенка ауылында дүниеге келген
Майданда 1943 жылғы тамыз айынан бастап болған. Орталық, Сталинград, Украиң 2-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысқан.
1943 жылғы қыркүйекте Днепр өзенінен өткенде көзге түсті. Гвардия кіші сержанты Варепа жау жаудырған оқ астында алғашқылардың бірі болып оң жағаға өтіп шықты.
Лениң Александр Невский ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15-қаңтардағы Жарлығымен И.И.Варепаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін туған ауылына оралды.
Қасым Қайсенов .
1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында туған
1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебіне өткеннен кейін оңтүстік – батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады. Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында жауапты қызметтер атқарды. Партизан - жазушы Қасым Қайсеновтың отызға жуық кітаптары орыс, қырғыз, украин, хинди тілдерінде жарыққа шықты. Қасым Қайсенов - Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы - Ұлттық батыры.
Николай Лут.
1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Таврия ауданының Митрофановка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған. 218-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен. Алғашқылардың бірі болып қарсы жағаға өтіп шыққан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15-қаңтарындағы Жарлығымен ерекше батылдығы үшін Н.Е.Лутқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылғы 14-сәуірде ерлікпен қаза тапты.
Степан Борозенец.
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Ақтөбе ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1944 жылдың қаңтар айынан бастап болған. 569-шабуылдау авиаполкінің звено командирі, лейтенант Борозенец жаудың шоғырланған әскерлерің теміржол магистральдарын бомбалау және шабуылдау үшін 94 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырған.
Ленин, Қызыл Ту, I және дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18-тамыздағы Жарлығымен С.Н.Борозенецке Кеңес Ода-ғының Батыры атағы берілді.
Төлеген. Тоқтаров
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдан бастап 8-ші гвардиялық Қызылтулы Ленин орденді Панфилов атындағы атқыштар дивизиясының құрамында болған Москва қаласын қорғау кезінде асқан ержүректік көрсетіп, 100-ден астам гитлер-шілдердің көзін құртты.
1942 жылдың ақпан айында Бородино селосы үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті, фашистердің тұтас бір взводына жалғыз өзі қарсы шықты. 1942 жылдың ақпан айындағы ұрыста қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 30-қаңтардағы Жарлығымен Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бүгінде Өскемен және Риддер қалаларының көшелері Батырдың есімімен аталады
Ізғұтты Айтықов
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап майданда болды. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысты, Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерлерін азат етіп, Батыс Двина жағалауына дейін жетті. Ержүрек барлаушы І.Айтықовтың бір өзі 50 гитлершілдің көзін жойды және бөлімге 22 «тіл» жеткізді. Қызыл Жұлдыз, II, III дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен гвардия старшинасы І.Қ.Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылы Полоцк қаласын азат ету кезінде қаза тапты. Пароходқа, көшелерге, өзі оқыған Тарғын мектебіне Батырдың есімі берілді.
Серікқазы Бекбосынов.
1925 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Қызылорда ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1943 жылғы қаңтар айынан бастап болған.
7-ші армияның 99-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында ержүректілікпен соғысты. Свирь өзенінен өту кезінде ерекше көзге түскен.
С.Бекбосынов арасында болған 12 ержүрек жауынгердің батыл іс-қимылдары арқасында Карелия майданы командованиесінің алдына қойылған тапсырма ойдағыдай орындалған екен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21-маусымдағы Жарлығымен С.Бекбосыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралып, еңбек етті.
Владимир Колесников.
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының
Багратионовка ауылында дүниеге келген.
1944 жылдан бастап 3-ші Белорус майданында артиллерия полкінің құрамында соғысқан. Шығыс Пруссиямен аралықтағы шекарадағы шайқастарда өздігінен жүретін қондырғыларды шебер қолданудың, ерекше ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді. Оның басқаруындағы өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының экипажы жаудың 9 танкісін, 2 өздігінен жүретін зеңбірегің 7 бронетранспортерін, 5 минометің 12 пулеметін жойды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 - наурыздағы Жарлығымен В.А.Колесниковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Хамза Мұхамадиев.
1907 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың мамыр айынан бастап болған. 70-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының 245-ші гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып соғысты.
Полк 1943 жылдың жазында Курск иініндегі Самодуровка ауданында ұрыс жүргізіп жатты. Х.Мұхамадиев дұшпанның үш «жолбарысын», бес орташа танкін қиратты, 60-тан астам солдаты мен офицерінің көзін құртты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен сержант Х.М.Мұхамадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.