Просмотр содержимого документа
«Мен- ?з елімні? патриотымын!»
Бекітілді: Келісілді:
Мектеп директоры: ДТЖО
С.Зилькенов Р.Муслимова
қыркүйекке арналған сынып сағаты)
Сынып жетекші: Иманбаева З.Ж.
2016-2017 оқу жылы
Мен - өз елімнің патриотымын
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту, «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту. - Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру; -«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру; Міндеттері: - туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру; - елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; - елжандылыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, буклеттер. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасау. 2. Жаңа сабақпен таныстыру. Бүгінгі 1- қыркүйек білім күніне орай өткізгелі отырған «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Сұрақ - жауап. - Балалар, сендер «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сен өз еліңді қалай сүйесің? Нағыз патроит – деп кімді атар едің?
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? (Оқушылар жауабы тыңдалады.) - Тақтамен жұмыс: «Патриот» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Мирза Фатали Ахундов Экраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледі. Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады. - Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар? -«Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгімелеу: Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
Мұғалім: Дұрыс, сендердің де орталарыңнан Отан қорғаушылар, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, өнер адамдары, спортшылар, суретшілер шығатынына сенеміз. Ал, енді, балалар, болашаққа саяхатқа шығайық, қиялға берілейік. Сен ер жетіп, азамат болғанда Отаныңа қандай қызмет жасар едің? Оқушыларға сөз беріледі. 1-оқушы: Мен жазушы болып, тәуелсіз елімнің тарихын жазар едім. Мысалы былай: (шығарма оқылады) 2-оқушы: Мен болсам, әнші болып қазақ елінің өнерлі халық екенін әлемге мойындатар едім. «Атамекен» әні орындалады. 3-оқушы: Мен ақын болып, Отанымды жырлар едім.(өз өлеңін оқиды) 4-оқушы: Мен болсам, суретші болып, Қазақстанның сұлулығын бейнелер едім.(суретін көрсетеді) 5-оқушы: Мен спортшы боламын, Еліме алтын медаль әкеліп, жеңісімді сыйлаймын.(өз өнерін көрсетеді) Топтық жұмыс:
Отанды сүю – от басынан басталады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. Мұғалім: Отанымыздың ертеңі – сендердің қолдарыңда. Тәуелсіз мемлекетіміздің ғасырдан-ғасырға тамырын тереңдету үшін әр азамат өз үлесін қосуы керек. Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.
Міне, енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ, келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?
Мадақтау: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты қорытындылау.