kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Махаббат – м??гі ертегі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  1.Махаббат туралы т?сінік бере отырып, с?юге ?йрету, махаббатты тану?а ?йрету, ба?ытты болу?а ?йрету, ?зі?ді – ?зі? ??рметтей білуге ?йрету, адам баласыны? бойында?ы ?асиетке ?йрету

2.Ой ?ріс, ?иялдарын дамыту,д?ниетанымдарын ке?ейту.

3.Махаббат сезіміе,махаббат сыйласты?ына,сезімге т?ра?тылы??а т?рбиелеу.

 

Т?рбиелік:

 

К?рнекілігі: та?ырыпты? слайд-шоу, видео

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Махаббат – м??гі ертегі» »

Семей құрылыс колледжі

Арнайы пән оқытушысы Скакова Айгерім Ниязхановна

Тақырыбы: «Махаббат – мәңгі ертегі»


Мақсаты: 1.Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету

2.Ой өріс, қиялдарын дамыту,дүниетанымдарын кеңейту.

3.Махаббат сезіміе,махаббат сыйластығына,сезімге тұрақтылыққа тәрбиелеу.


Тәрбиелік:


Көрнекілігі: тақырыптық слайд-шоу, видео


Тәрбие жұмысының түрі:


Барысы: 1. Ұйымдастыру (акт залын безендіру)

2. Кіріспе сөз - топ жетекшісі


1-жүргізуші:

Махаббат - өмір көркі.


Абай Құнанбаев

Құрметті ұстаздар,студенттер!

Бүгін барлық жас жүректі желпіндіретін «Махаббат –мәңгі ертегі » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі.  Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір – Ғашықтар күні болып аталып кетті.



2-жүргізуші:

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.


41 МВС топ студенті Тұрарбаева Ақмаралдың орындауында «Сен маған сүюді үйреттің»

(экранда бейне-клип көрсетіліп тұрады)


1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай.

Махаббат - бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Махаббат:  сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік  — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады.



21 МВС топ студенті Маратов Мақсатты қарсы алайық


2-жүргізуші:


Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

- деп Мұқағали Мақатаев ақынымыз айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңдер деп, М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін, махаббатқа жыр еткен, демекші Мұқағали Мақатаев ақынымыздың өз дауысымен айтылған «Есіңе мені алғайсын» атты видеосын назарларыңыға ұсынамыз.



1-жүргізуші:

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, ана мен бала, ақын мен ақындық, махаббат т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.


21 МВС топ студенттері: Құнай Санатқан мен Айытов Мадиярдың орындауында Мұқағали Мақатаев ақынымыздың үзінді монолог.






2-жүргізуші:

Шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады. Мәселен, Қозы көрпеш – Баян сұлу жырында, екі ғашықтың бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Екеуі бастапқыда бір –бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезімдері үдей түседі. Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында болсын, оның Баянды сүюшілік сезімін баса суреттеуге тырысады. Мысалға, Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме,

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен соған,

Ішіме қайғы толғызды, - деп айтқандай Әбиірбек пен Майраның орындауындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты бейне көріністі назарларыңызға ұсынамыз.




1-жүргізуші:


Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген

Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген

Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген –деп ортаға 31 МВС топ студенті Толқынқызы Ризаны шақырамыз



Көрермендер арасында «Махаббат» аты мақал-мәтел, өлең шумақтар сұралады.


2-жүргізуші:

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы. Ал алайда ғалымдармен психологтардың зерттеуі бойынша қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты былай анықтайды екен, ендеше назарларыңызға «Қыз бен жігіт арасындағы» бейне көріністі ұсынамыз



1-жүргізуші:


Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні

-деп ортаға құрылыс колледжінің психологы Аусарова Майра Қайыпжановнаны ортаға шақырыайық.


1-жүргізуші: «Махаббат – мәңгі ертегі» атты ашық тәрбие сағатымызды қорыта келе,

махаббат – біздің өмірімізде сирек пен асыл сезім. Көптеген тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек қыз бен жігіт арасында ғана махаббат емес, махаббат «Тәрбие отбасынан басталады» және махаббат ана мен бала арасында, мүмкін әлемде ең күшті сезім шығар. Бірақ махаббат түйсігі өз табиғат –ана салады. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Сондықтанда адамдар махаббат сөзін дұрысырақ түсінсе деймін.

2-жүргізуші: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Махаббат – м??гі ертегі»

Автор: Скакова Айгерім Ниязхановна

Дата: 21.01.2015

Номер свидетельства: 158933

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Та?ырыбы: " Аяулы анашым!!!" "
    ["seo_title"] => string(24) "tak-yryby-aiauly-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "179207"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424961274"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "саба? жоспары"?стеу""
    ["seo_title"] => string(21) "sabak-zhospary-ustieu"
    ["file_id"] => string(6) "325732"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463034671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства