kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппеге мы? ал?ыс! (Сценари)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ліппе – білім бастауы.

Ма?саты: 1. О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан біліміні? т?рбиелік мазм?нын ашу.

                 2. О?ушыларды? с?здік ?орларын арттыру. Білім алу?а деген ынтасы мен         

                     ?ызы?ушылы?ын арттыру.     

                 3. ??ыптылы??а, жина?ылы??а, сахнада ?зін ?стай білу м?дениетіне

                     т?рбиелеу.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппеге мы? ал?ыс! (Сценари)»


Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы.

Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімінің тәрбиелік мазмұнын ашу.

2. Оқушылардың сөздік қорларын арттыру. Білім алуға деген ынтасы мен

қызығушылығын арттыру.

3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сахнада өзін ұстай білу мәдениетіне

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып, қанатты сөздер, көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері, үнтаспамен демеу.

Әдісі: әдеби монтаж, сұрақ-жауап, ойын.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Барысы:


  1. Ұйымдастыру сәті:

(Ақсақал рөліндегі бала, немере-оқушысын жетектеп сахнаға шығады. Музыка ойнап тұрады.)

Автор: Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

Қайда әлгі мектеп деп.

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

Ата: Балам, балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.

Немере: Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

(Олар сахнадан шығып кетеді де, ортаға музыка ырғағымен мерекелік киімдерімен, сәнді киінген оқушылар шығады )

1 – жүргізуші: Ардақты әжелер мен аталар!

2 – жүргізуші: Құрметті аналар мен әкелер!

Хормен: Қош келдіңіздер.

1 – жүргізуші: Бүгін бізде үлкен қуаныш: Өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

2 – жүргізуші: Біз енді өзіміз-ақ оқып, жаза аламыз. Ертегі, әңгімелерді де өзіміз оқи алатын болдық.

1 – жүргізуші: Балалар,

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Бірге: Барлық ілім – білімнің

Әжесі ол - әліппе. - 1-

2 – жүргізуші: Ендеше, сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.

Әліппе келеді: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Бірге: - Сәлеметсіз бе, Әліппе.

Әліппе: - Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім - көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Хормен: «Әліппе» әні орындалады. Тақтаға АНА, БАЛА, ОТАН сөздері жазылады.

1 – оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2 – оқушы: Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

3 – оқушы: Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым кілтін маған алып берді.

4 – оқушы: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Ұшына жетсең тырмысып,

Озып бәйге аларсың.

Көгінде жарық жұлдыз боп,

Жұртыңа нұр боп жанарсың.

1 – жүргізуші: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде түсінші?

5 – оқушы: А деген ол - Аналар ғой ардақты.

6 – оқушы: Ә деген ол - Әкелер ғой салмақты

7 – оқушы: Б деген ол – Балалар ғой әдемі.

Бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі.

- 2 -


2 – жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, қазақ алфавитінде неше әріп бар?

8 – оқушы: Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.

1 – жүргізуші: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

9 – оқушы: Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар дыбысталу ерекшелігіне қарай жуан дауысты дыбыстар және жіңішке дауысты дыбыстар болып бөлінеді.

2 – жүргізуші: Енді алдарыңызда тұрған әріптерді тыңдап көріңіздер.


А . Алатаудай айбарлы

Бас қалам менің Астанам

Астанам ару жас қалам

Мына менен басталған


Т . Таңнан тұрып тай мініп,

Тауда тазы жүгірттім.

Таңқурай жеп, сай қуып

Таңдайымды жібіттім.


О . Отан- жерім, Отан –суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.


М. Математика сабағы,

Бестен үшті алады.

Мына тұрған балалар,

Математик болады.

С. Сара келіп сабақтан,

Сан шаруаны тындырды:

Самауырға салатын

Сексеуілді сындырды.


Ы . Ырыс алды – ынтымақ,

Ырысты болсын еліміз.

Ықыласы зор іске,

Бала болып өсеміз.


З. Зергерлікті кім білер,

Балқытады күмісті.

Сақинаны, сырғаны,

Күміс сымнан тартады.


Ә. Таныстырған әріппен,

Мынау кітап - әліппең.

Әліппе деген аты оның,

Басталған қай әріптен ?

- 3 -


Л. Лайым ұлы іс болсын,

Лайықты ұл мен қыз болсынү

Лұқпан, хәкімдей боп,

Лайым қыдыр қонсын.


Е. Еңсесі биік елімнің,

Қолы жеткен еркіндік.

Елордамыз – Астана,

Ел болуға бекіндік.


М. Мақтанышым ұдайы,

Мақтасы мен мұнайы.

Маңғаз біздің ағалар,

Мақтанады ұдайы.


2 – жүргізуші: (Залда отырған қонақтарға қарап)

- Мына тұрған әріптерде бір сыр бар тәрізді. Сіздер байқадыңыздар ма?

(Көрермендер « Атомсыз әлем» сөзін оқиды. )

1 – жүргізуші: Ендеше, бейбіт әлем жаршысы «Ақ көгершін» әнін орындайық.

2-жүргізуші: Осы әріптердің арасында тағы бір сөз жасырынып тұрған сияқты.Залда отырған көрермендер таба алар ма екен?

  1. жүргізуші: Олай болса, біз сіздерге жұмбақ жасырайық, сол жұмбақтың шешуіндегі әріптерді тапсаңыздар, жасырын сөзіміз шығады.

  2. жүргізуші:

1.Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)

1-жүргізуші:
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

2-жүргізуші:
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)

1-жүргізуші:
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы

Басталған қай әріптен? (П)

2-жүргізуші:
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)

1-жүргізуші:
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е) - 4 -

10-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
11 – оқушы: Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем саған мың алғыс!

12 – оқушы: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен Ұстазға,

Бас иеміз құрметпен.

Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Математика – ғылымдардың атасы деген. Математика оқулығы сендерге не үйретті?

- 10-ға дейін өсу ретімен, кему ретімен санауды;

- тура және тура емес теңдіктерді;

- тура және тура емес теңсіздіктерді;

- есеп шығаруды;

Әліппе: Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер.

Менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен таныс болыңдар. (Ортаға Ана тілін ертіп келеді. )

Ана тілі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Бірге: - Сәлеметсіз бе, Ана тілі.

Ана тілі: Әліппе менің дос жарым,

«Меңгерді кім тілін!» - деп.

Мен де білім қосамын.

Адамға мол тәлімім.

Ақыл-ойдың нәрімін!

Әдеп, тәртіп үйреткен,

Ана тілі пәнімін.

Өнер де, ой да, білім де,

Өркендер ана тілінде

Ананың тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Тіліңді үйрен күнде сен,

Ол іс деме жай ғана.

Өз тіліңді білмесең,

Білгішпін деп ойлама.

13 – оқушы: Ақыл – ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның. - 5 -

Бірге: Алу үшін сана, білім,

Ардақтаймыз Ана тілін!

Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.


Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Әіппе: Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақтар,

Ақ жол болсын, балалар.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерін беске толсын.

Мынау менен естелік болсын – деп , барлық балаға естелік тапсырады.

(онда Әліппе оқулығы бейнеленген)

14 – оқушы: Қош, сүйікті Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Бірге: Қош бол, сүйікті Әліппе!

15 - Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолыңа гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

1 – жүргізуші: Білімдеріңе отырған жұрт риза болып отыр. Тағы да не үйрендіңдер?

- Табиғатты зерделеуді;

- Өлең айтып би билеуді;

2 – жүргізуші: Біз жақында ғана Әліппеден өткен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалаңыздар.

1. «Есеп сабағы» әні орындалады.

2. «Болайықшы осындай» әні орындалады.

3. Испан биі

4. «Қошақаным» әні орындалады

5. «Бала тілегі» әні орындалады

6. «Тик-тоник» биі

7. «Домбырасыз ән қайда» әні орындалады

8. «Ақ тайлақ» әні орындалады.

9. Вальс

Ана тілі: Балалар, сендер аз ғана уақытта көп нәрсені меңгеріпсіңдер. Осының бәрін кім үйретті?

Бірге: мектеп, әліппе, ұстаз, ата-ана.

16 – оқушы: Әліппе, даңғыл жол ашты,

Жаңа пәнмен жалғасты.

- 6 -


Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет, ұстаз алғашқы.

И. Нүсіпбаевтың «Мұғалім – ол біздің» әні орындалады.

17 – оқушы: Бұл мереке сенің арқаң, анашым.

Бір мен үшін керектіні табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.


18 – оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз. – дей келе, ертеңгілікке қатысып отырған ата-аналарымыздың жылы лебізін тыңдасақ.


Мұғалім: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, «Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігіміздің құрметті қонақтары! Бүгін, міне білім әлемінің беташары - Әліппемен қош айтысып отырмыз. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестердің біріншісінен астық деп есептеңіздер. Оқушылардың осындай өнер көрсетіп, нәтижеге жетуінде ата-аналардың да еңбегі зор. Сондықтан да барлығыңызға ризашылығымды білдіремін.

Мектеп басшыларының құттықтау сөзі.

























- 7 -


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ліппеге мы? ал?ыс! (Сценари)

Автор: Оспанбаева Баян Омиргалиевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310913

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "сценарии "?ош бол, ??тты ?ліппем!""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienarii-k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "297262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456158481"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства