kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КВН 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

КТК-нын максаты: 

1. Балалардын пан бойынша билимин сынау

2.Халкымыздын салт-дастурин,мадениетин, улги-онегесин бала бойына синиру

3.Балаларды казак тилине уйрету.

Корнеки куралдар: Улагатты создер,эмблемалар

-Кайырлы кун,хош келдиниздер курметти устаздар,конактар,балалар.

КТК сайысын бастауга руксат етиниздер

Ертенги елдин тиреги

бугинги жас урпактар.

кундей аппак журеги.

келеди осип кырандар.

Сахнага сайыска катысушы командаларды шакырамыз.

"Атамекен" командасы мен   "Достар" командасы

Ар жарыста бас тулга

Олар келмей бастама.

Адил бага беретин 

казылар бар ортада

Адил-казы мушелеримен танысайык

1. Кусайнова Роза Серикпаевна

2.Каримова Айгерим Бакыткызы

3.Ахмединова Айнур Багадаткызы

Биринши сайысымыз танысу сайысы  Сахага командаларды шакырайык.

Биздин команда "Достар"   Уранымыз: Достарды биз коргаймыз,киын шакта колдайимыз

Ал енди соз екинши командага берилет

Топтын аты: "Атамекен"  Уранмыз: "Отан ушин курес,елге коскан улес"

-Командалар сендер сахнанын артына барып келеси сайыска дайындалындар.Ду кол шапалакпен шыгарып салайык. Шапалакты аяманыздар,кошемет корсету

Музыкалык узилис Ан шыркалады:  "Анашым"

Жургузуши: Салем алтын кун,салем картым халкымнын

Уакытыма риза боп,бакытыма шалкыдым.

-Ашык болсын кунимиз,ашылады кунимиз.

Бай тулгалы онирде,айтылады жырымыз.

2-ши сайысымыз: Уй тапсырмасына кошемиз

Мукагали Макатаев "Махаббат диалогы"келеси топ  ""саныраукулак тын аясында

Музыкалык узилис  Би  "Камажай"би тамашалау керек.

3-ши сайыс шыгармашылык сайыс

Казактын салт-датури  "Бесикке болеу"

Автор: Бесик -кошпели гумир кешкен бабаларымыздан калган асыл мура,.Казакта "Ел боламын десен,бесигинди тузе" "бесик кормеген ессиз боп есикке енеди" деген создер бар.Олар тегин айтылмаган.Нарестени бесикке болейтин куни корши-колан,агайын-тума, абысын-ажын жиналып мал сойып,"бесик шашу" бериледи.

алас,алас иеси келди баледен калас.кози жаманнын козинен алас,тили жаманнын тилинен алас -деп аже аластайды.Бесикке баланы болемес ушин керкети жабдыкты корсете отырып, салады.

Жоргек,жастык,кепил,корпе, белбеу,аяк-бау,шумек.тубек.

Баланы бесике салмас бурын тубекке "тыштырма " жасайды 

Бесик жыры айтылады:

Алди,алди ак бопем,ак бесикке жат бопем

Жылама бопем жылама

жилик шагып берин Айналайын балашым аман болсын акен де,аман болсын шешен озин осип балдай татти бол,осип,осип таудай бол!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КВН 4 сынып»





Тілдер айлығында

КТК сайысы.













Өткізген: Жакупова Б.К.

4-5сынып арасында



2013-2014 оқу жылы.

















КТК –нің мақсаты:

1.Балалардың пән бойынша білімдерін сынау. 2.Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру. 3. Балаларды қазақ тілін үйренуге тарту, қызықтыру. Көрнекі құралдар: эмблемалар, ұлағатты сөздер. Қайырлы күн! Хош келдіңіздер, құрметті мұғалімдер, қонақтар, балалар! КТК сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ертеңгі елдің тірегі-

Бүгінгі жас ұландар

Күндей аппақ жүрегі,

Келеді өсіп қырандар.

Сахнаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз, «Атамекен» командысымен «Достар» командасы.

Әр жарыста бас тұлға

Олар келмей бастама.

Әділ баға беретін

Қазылар бар ортада.

Әділ – қазы алқасының мүшелерімен танысайық:

1. Кусайнова Роза Серикпаевна

2 .Каримова Айгерім Бақытқызы

3. Ахмединова Айнур Бағадатқызы.

Бірінші сайысымыз : «Танысу» сайысын бастайық. Сахнаға «Атамекен», «Достар» командаларды шақырамыз. Бірінші сөз «Достар» командасына беріледі.

Біздің команда : Достар.

Біздің ұранымыз: Достарды біз қорғаймыз.

Қиын шақта қолдаймыз.

Ал енді сөз «Атамекен» командасына беріледі.

Біздің команда : Атамекен.

Біздің ұранымыз: Отан үшін күрес.

Елге қосқан үлес

Командалар, сіздер сахнаның артына барып, келесі сайысқа дайындалыңыздар. Ду қол шапалақпен шығарып салайық.Хош еметті аямаңыздар, достар.

Қазір музыкалық үзіліс оқушылар «Анашым» әнін орындайды.

Жүргізуші: Сәлем, анам- алтын күн

Сәлем, қартым халқымның

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Жүргізуші: Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

Екінші сайысымыз: Үй тапсырмасына көшейік. Сахнаға Атамекен командасын шақырамыз. Мұқағали Мақатаевтің «Махаббат диалогын» орындайды.

Келесі кезек «Достар» командысына беріледі. «Саңырауқұлақтың аясында» ертегінен көрініс.

Қазір музыкалық үзіліс: Жакупова Карина орындауында«Қамажай» биі.

Үшінші сайысымыз: Шығармашылық сайысы. Сахнаға «Достар» командасын шақырамыз. Қазақ халқының салт-дәстүрлері «Баланы бесікке салу.»

Автор: Бесік- көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.Қазақта « Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Бесік көрмеген ессіз боп есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар. Олар тегін айтылмаған.

Нәрестені бесікке бөлейтін күні көрші-қолн, ағайын-тума, абысын-ажындар жиналып мал сойып, «Бесік шашу» беріледі.

Бесікті ортаға әкеліп қойып, бесік аластатылады.Адыраспан, хош иісті өсімдіктерді түтетіп, немесе үй тұрмысында қолданылып жүрген көсеуді шоққа салып қыздырып алып, бесіктің үш жерінен түтін салып қараймыз.

Алас, алас

Иесі келді бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас.

Тілі жаманның тілінен алас.-деп әже аластайды.

2)Бесікке нәрестені бөлеу үшін керекті жабдықтарын көрсете отырып, бесікке салады.

Жөргек, жастық, кепіл, қол белбеу, аяқ бау, түбек, шүмек.

Баланы бесікке салмас бұрын түбектен «тыштырма» өткізеді.

Шашу шашады.

Баланы бесікке бөлеу үшін ауылдың сыйлы адамы қарт әжейге ұсынады. Бөлеп болған сөң үстіне жеті түрлі киім жабылады, оның бірі қап. Бұл ұйқысы қалың болсын деген қазақтың ырымы.

Бесік жыры айтылады: Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем,

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Айналайы, балашым

Аман болсың әкең де,

Ағатайың, тәтең де.

Өзің тәтті балдай бол.

Өсіп, өсіп таудай бол.

Келесі кезек «Атамекен» командасына беріледі.

Қазақ халқының салт- дәстүрі «Балаға ат қою».

1-оқушы: Той дегенде демейме?

Домалайды қу бастар.

Айтшы бірақ жаным-ау.

Ұлан-ғасыр бұл не той?

2-оқушы: Бақыт құсы қонған,

Құтты бойлар болған.

Атаң атан сойған,

Осы ыстық ұяң,

Оты шалқып жанған.

Атай келеді қарсы алайық. ( Бір оқушы шапан, тымақ киіп ата болып келеді).

Балалар: Ассалаумағалейкум, ата!

Атай: Баланы әкеліңіздер ат қойып берейін.

5-оқушы: Абай, Жамбыл, Сәкендей

Ақын болар ма екенсің?

Қажымұқан атаңдай

Батыр болар ма екенсің?

Атай: Тағы саған не дейін?

Үмітіңе сенейін.

Елің сүйер ер болшы.

Үстем болсын мерейің,

Сенің атың Ербол, Ербол-деп екі рет құлағына айтады.

7-оқушы: Сенің атың Ербол

Барша жұртқа мәлім

Бердік батыр атын

Сен де адамсың енді.

Хор: «Ата дәстүрлері-ай»

Қайта оралды қазағымның,

Бүгін дәстүрлері-ай.

Көптен күткен халқымыздың,

Асылы барма еді-ай.

Берекелі, қазақ елі-ел мерекел

Дәстүрлерін нұрға салған,

Қазағымның бұл ежелгі

Шілдехана бесік той,

Төртінші сайысымыз: Әр командадан екі оқушы шығып, берілген мақал-мәтелдердің екінші бөлігін қосып оқып беруі керек.

Ақылдының сөзін сыйла,

( Жасы үлкеннің өзін сыйла).

Мектеп- кеме ( Білім теңіз).

Оқу инемен ( құдық қазғандай).

Vсайысымыз. Командалар бір- біріне дайындаған тапсырмалар.(жұмбақтарды шешу)

Ағашта оның мекені,

Піскенде түсіп кетеді.

«алма»

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді,

Рұқсатсыз сол иттен

Адам үйге кірмейді.

«құлып»

Түнде бармын

Күндіз жоқпын.

«жұлдыз»

Тәтті көрсе бас салып,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен болып жасқандар

Кіп-кішкентай арадан.

«аю».

VІ соңғы сайысымыз: Ал, енді екі команданың капитандарын жарысқа шақырамыз. Әр команданың капитаны берілген сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар :

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  2. Гимнің әнін кім жазған?

  3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

  4. Астананың символы не?

  5. Тудың авторы кім?

  6. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  7. Сын есім дегеніміз не?

  8. Сын есім мағынасына қарай қандай болады

Сұрақтар:

1.қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

2.Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қашан қабылданды?

3.Сен қай мемлекетте тұрасың?

4.Гимнің авторлары кімдер?

5.Астана мемлекеттің қандай орталығы?

6.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

7.Зат есім дегеніміз не?

8.Зат есім мағынасына қарай қандай болады?

Әділ- қазылар қорытынды шығарғанша, біз сіздермен Дәулеттің орындауында «Елім-ай» әнін тамашалайық.

VІІ. Осымен, балалар, біздің КТК сайысымыз аяқталды, жарысқа қатысушыларға көп-көп рақмет. Ендігі сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
КВН 4 сынып

Автор: Жакупова Бакыт Кибековна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272996

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "КВН «Математика ж?не біз» 9/10 сынып"
    ["seo_title"] => string(30) "kvnmatiematikazhniebiz910synyp"
    ["file_id"] => string(6) "280481"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453382294"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) ""Таби?атта ?она?та" 1-сынып?а арнал?ан авторлы? ба?дарлама "
    ["seo_title"] => string(62) "tabig-atta-k-onak-ta-1-synypk-a-arnalg-an-avtorlyk-bag-darlama"
    ["file_id"] => string(6) "204461"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429672900"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Информатикалы? КВН"
    ["seo_title"] => string(17) "informatikalykkvn"
    ["file_id"] => string(6) "289028"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454705351"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) ""Болаша? бізді? ?олымызда" атты жайдарман сайысы"
    ["seo_title"] => string(43) "bolashakbizdinkolymyzdaattyzhaidarmansaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "300227"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456678240"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Внеклассное мероприятие " Две звезды""
    ["seo_title"] => string(41) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-dvie-zviezdy"
    ["file_id"] => string(6) "274115"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452336102"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства