kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ош келді?,Жа?а жыл!» ерте?гілікті? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.?ар ханшайымыны? с?зі

2.Хор «Орманда шырша туыпты»

3.?оян

4.Аю

5.Т?лкі

6.?ар ханшайымыны? с?зі

7.?ояндар биі

8.?ар ханшайымыны? с?зі

9.Ж?мба? шешу

10.?ар ханшайымыны? с?зі

11.Балаларды? аяз атаны ша?ыруы

12.Аяз атаны?,А?ша?арды?,мешінні? келуі

13.Аяз атаны? с?зі

14.А?ша?арды? с?зі

15.Мешінні? с?зі

16.?ар ханшайымыны? с?зі

17.?ар ханшайымыны? с?зі

18.Шыршаны? жануы

19.Та?па?тар

20.?ар ханшайымыны? с?зі

21.А?ша?армен бірге «?лпа ?арлар» биі

22.Хор «Аязды келіп ?ыс»

23.Та?па?тар

24.Гномдар биі

25.Жеті ла? ертегісі

26. ?ар ханшайымыны? с?зі

27.Хор «Аппа?,аппа? жапала?тап»

28.Бауырса? ертегісі

29.Ойын: «Кім тез ?аршаларды жинайды?»

30.Та?па?тар

31.Аяз атаны? с?зі

32. ?ар ханшайымыны? с?зі

33.Балаларды? Аяз атамен ?оштасуы

34. ?ар ханшайымыны? с?зі

35.Хор «Жа?а жыл»

36. ?ар ханшайымыны? ерте?гілікті ая?тау с?зі

Кейіпкерлер:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ош келді?,Жа?а жыл!» ерте?гілікті? сценарийі»

5 орта мектеп

















«Қош келдің,Жаңа жыл!»

(атты ертеңгіліктің сценарийі)













Дайындаған: УралбаеваГ.А.

Сатаева Б.А.

Шағын орталық тобы









2015-2016 ж.

Жоспар:

1.Қар ханшайымының сөзі

2.Хор «Орманда шырша туыпты»

3.Қоян

4.Аю

5.Түлкі

6.Қар ханшайымының сөзі

7.Қояндар биі

8.Қар ханшайымының сөзі

9.Жұмбақ шешу

10.Қар ханшайымының сөзі

11.Балалардың аяз атаны шақыруы

12.Аяз атаның,Ақшақардың,мешіннің келуі

13.Аяз атаның сөзі

14.Ақшақардың сөзі

15.Мешіннің сөзі

16.Қар ханшайымының сөзі

17.Қар ханшайымының сөзі

18.Шыршаның жануы

19.Тақпақтар

20.Қар ханшайымының сөзі

21.Ақшақармен бірге «Ұлпа қарлар» биі

22.Хор «Аязды келіп қыс»

23.Тақпақтар

24.Гномдар биі

25.Жеті лақ ертегісі

26. Қар ханшайымының сөзі

27.Хор «Аппақ,аппақ жапалақтап»

28.Бауырсақ ертегісі

29.Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»

30.Тақпақтар

31.Аяз атаның сөзі

32. Қар ханшайымының сөзі

33.Балалардың Аяз атамен қоштасуы

34. Қар ханшайымының сөзі

35.Хор «Жаңа жыл»

36. Қар ханшайымының ертеңгілікті аяқтау сөзі


Кейіпкерлер:

Қоян-Айтығулова Айнагуль-мұғалім

Аю-Баекенова Айыш – ШО тәрбиешісі көмекшісі

Түлкі-Сәрсенбаева Лариса-мұғалім

Аязата-Жалғасбаев Мирас- 10Б класс

Ақшақар-Кушимова Айгерім-мұғалім

Мешін-Балымбетова Бақытты-ШО тәрбиешісі көмекшісі

Жолбарыс- Уралбаева Гульжанат мұғалім

Жүргізуші-Сатаева Бағдат–мұғалім

Қар ханшайымы- Серікова Жанар – ата-ана

Қоян – Исмаилова Әсем – ата-ана

Тышқан –Еденбаева Гүлнур- ата-ана

Сиыр- Марат Асулан- ата-ана

Хор:

1.«Орманда шырша туыпты»

2.«Аязды келіп қыс»

3.«Аппақ,аппақ жапалақтап»

4. «Жаңа жыл»


Би:

1.«Қояндар»

2.«Ұлпа қарлар»

3.«Гномдар»



Ойын:

1. «Кім тез қаршаларды жинайды?»


«Жеті лақ» ертегісі

1.Лақ-Манарбек

2.Лақ-Мадина

3.Лақ-Мирас

4.Лақ-Тоғжан

5.Лақ-Нұрали

6.Лақ-Бақытбек

7.Лақ-Жансая

Ешкі–Айбану

Қасқыр-Әлішер

Ақшақар қыз-Шарапат




«Қояндар» биі

1.Зейнеп

2.Манас

3.Айым

4.Ислам

5.Айшабибі

6.Руззана



«Ұлпа қарлар» биі

1.Сымбат

2.Айман

3.Айару

4.Меруерт

5.Кәусар

6.Инабат

7.Айкөркем

8.Жансая

9.Айбану


«Гномдар» биі

1.Жандос

2.Ұлықбек

3.Темірлан

4.Бауыржан

5.Мадияр

6.Еркебұлан

7.Алихан






















«Қош келдің,Жаңа жыл»

(Зал іші түрлі-түсті шарлар,жылтыр жіпшелермен,жаңа жылдық суреттермен,жаңа жылдық шыршамен безендірілген.)


Қар ханшайымы: - Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар шағын орталық тобының Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса, ортаға бөбектерімізді шақырайық.Бөбектердің өнеріне шаттанайық, қуанайық! Даламызға,қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға,балаңызға,

Жалынды сәлем береді.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Сәнді шырша шақырады,

Шырша жырын жырлаңыздар!

Келіңіздер,келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер!

-Біздің балақайларымыздың «Орманда шырша туыпты» жырын қабыл алыңыздар. Балалар шыршаны айналып әнімізді айтайық.

Хор: «Орманда шырша туыпты»


(Мерекелік музыка ойналады.Шыршаның артынан қоян ceкірiп шығады.)
Қоян: Ау, жарандар, ал қараңдар,

Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан,
Келіп Аяз атамыз,
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
(Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынанаю шығады. Аюды көрген қоян сасқалақтап қалады.)
Қоян: Амансыз ба, аю паң!


Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.


Қоян: Жаңа жылдың тойында,
«Жан салайық» ойынға!
(Eкeyi қол ұстасып,би билейді.Осы сәтте қуана кутындап тулкі келеді.)
Тулкі: Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!


Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!


Тулкі: Достарым, жыл келеді,
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкіш тулкінің,
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.


Аю: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян келші, биге басайық

Қар ханшайымы: - Сәлеметсіңдерме аңдар,біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Ал,аңдар бәріміз бірігіп тірлік жасайық. «Бірлік түбі – тірлік,тірлік түбі - мереке» деген,мерекемізді жалғастырайық.Қане,аңдар біздің кішкентай қояндарымызбен бірігіп өз өнерлеріңді көрсетіңіздерші.

«Қояндар» биін қарсы алыңыздар.


Қар ханшайымы: - Рахмет,қояндар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?

Балалар: - Иә.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы менен ұлына,
Сыйлық алып келеді.Ол кім балалар? (Аяз Ата)


Қар ханшайымы: - Жауабын дұрыс таптыңдар балалар,енді біздің жаңа жылдық мерекемізге аяз атамызбен Ақшақар қызымызды және Жаңа жылымыз мешінді шақырайық. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар.Қанекей бәріміз бірге шақырайықшы,мүмкін біздің дауысымызды естіп келіп қалар.

(Балалар аяз атаны шақырады.)
Балалар: - Аяз ата кел,кел!


(Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.)
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар: Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсын!Қарашы,біз жаңа жылдық мерекеге келдік!Кәне,балалармен амандасайық.Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан. (Балалармен амандасады.)


Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады.)
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.
(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды ұмытып кетіппін!

(Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып.)

Аяз Ата: Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын,сен оған бола мұңайма.
Ақшақар: Сіздің сыйқырлы таяқшаңыз өзіңізбен бірге ме еді?
Аяз Ата: Әрине,менің сыйқырлы таяқшам үнемі өзіммен бірге болады.

Мешін: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Қар ханшайымы: - Сәлеметсізбе Аяз ата,Ақшақар және біздің Жаңа мешін жылымыз.Біздің балалар сіздерді асыға күтті.Біздің Жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.Біздің балақайлардың сіздерге арналған көптеген өнердері бар.Бірақ аяз ата біздің шыршамызды жағатын кез келген сияқты.Сіз бізге көмектесесізбе?Қанекей балалар,барлығымыз бірге

Барлығы бірге: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Қар ханшайымы:Қандай керемет,рахмет сізге Аяз ата,енді біздің балалардың сіздерге арналған тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақтар:

Сымбат: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау,қарлы шың.


Ұлықбек: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.


Тоғжан: Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет,төрлет Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.


Еркебұлан: Боранымен белді буып,

Жаңа жылым тағы келді

Берекесін ала келсін

Нұрға бөлеп біздің елді.


Айсара: Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен.


Темірлан: Келеді деп жаңа жыл,

Қоян қасқыр досым бар.

Жиналыпты осында,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Мадина: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз


Алихан: Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өлеңмен жаңа жылды,

Қарсы алуға келдік біз.


Зейнеп: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Манас: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып



Қар ханшайымы: - Рахмет балалар,Аяз атамызбен қонақтарымызға әдемі шыршамыздың жанында тағы қандай өнерлерімізді көрсетеміз?


Ақшақар: - Аяз ата,менің де сізге арнаған сыйым бар,кішкентай сіңілдеріммен бірге би билеп береміз.

Би: «Ұлпа қарлар» биі.


Қар ханшайымы: -Балалар,бәріміз шыршаны айналып,Аяз атаға арнап «Аязды келіп қыс» әнін шырқайық.

Хор: «Аязды келіп қыс»


Қар ханшайымы: -Рахмет балалар,Қанекей Аяз атамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Тақпақтар

Кәусар Т: Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оянып.


Мадияр. Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды .

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Айман: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.


Нұрали: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!


Меруерт: Кел,достар,бастайық,

Бастайық жыл басын.

Қызықтан бос қалып,

Кей бала қалмасын.


Олжас: Ақ қырауға малынып,

Сақалы да,мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Айшабибі: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.


Манарбек: Жасыл шырша жанында,

Ойнап күліп қайтамыз.

Жасыл шырша жанында,

Өлеңді де айтамыз.


Айым: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ислам: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Қар ханшайымы: - Рахмет,балалар.

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді өнермен.

Жігіттеріміз билейді,

«Гномдар» биін әсемдеп! –Құрметті қонақтар біздің жігіттердің билерін қабыл алыңыздар.

Би: «Гномдар»


Қар ханшайымы: - Жарайсыңдар гномдар!Үлкен рахмет.

Жаңа жылдық кеште,

Көтереміз көңіл біз.

Түсіреміз біз еске,

Ертегілер елін де.

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

  • Міне,балалар,ертегілер әлеміне де келіп қалдық. «Жеті лақ» ертегісін

тамашалайық.

Манарбек: Апатай-ау,апатай,

Таяп қалды жаңа жыл.

Әзірлейік ән мен жыр,мә-мә!


Мәдина: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы,мә-мә!

Мирас: Біз баламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ,мә-мә!

Тоғжан: Ақ моншақты тағайын,

Сауық,сайран салайын,мә-мә!


Нұрали: Апатай-ау,апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз,мә-мә!


Бақытбек: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп,ән салайық,мә-мә!

Жансая: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз атаны алып келсеңші,мә-мә!


Ешкі: Лақтарым,шырақтарым,

Орманға мен барайын.

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек.

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.


Лақтар: - Біз ешкімге есік ашпаймыз.(Барлығы бірге)


Қар ханшайымы: -Солай ешкі лақтарына абай болуды тапсырып,сыйлық алуға орманға шықты.Сол кезде Ақшар қызды кездестіреді.

Ақшақар қыз: -Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі: -Сәлеметсіз бе, Ақшақар қыз!


Ақшақар қыз: -Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.


Ешкі: -Тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.


Қар ханшайымы: - Осылай ешкі мен Ақшақар қыз ешкінің үйіне лақтарын шақыруға бет алады.Осы кезде сұм қасқыр ешкінің үйіне келіп тұр екен.


Қасқыр: - Лақтарым,шырақтарым,

Есікті аш,қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Аяз атадан сыйлық әкелді.


Ешкі: - Ей,сұм қасқыр,тиме менің лақтарыма!


Ақшақар қыз: -Қасқыр,сен оданда бізбен бірге жаңа жылдық мерекені тойлауға бірге жүр.


Қасқыр: -Жарайды,жаңа жылдық мерекені қалайша тойламай отырайын.Сіздер мені ерітесіздерме?


Ақшақар қыз: -Әрине, енді сен бұдан былай жамандық жасаушы болма.


Қар ханшайымы: - Осылай барлығы керемет көңіл күймен орманға жаңа жыл мерекесін тойлауға аттанады.

  • Балалар қанекей қасқырды ортамызға алып,әсем шыршамызды айнала

«Аппақ,аппақ жапалақтап» әнімізді айтайық.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).

Бауырсақ: - Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңажылдытойлауға мен де барамын.

Асырсалып, би билеп,

Қошеметкеқаламын.


Түлкі: - Жоқ, мен сені жеймін.


Қар ханшайымы: - Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,балалар жиналған, кел бірге тойлайық.


Түлкі: - Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.


Қар ханшайымы: -Жарайды Түлкі біз сізбен келісеміз,ойын ойнап бір серігіп қалайық.Олай болса «Кім тез қаршаларды жинайды?» ойынын ойнасақ қалай болады.Келісесіздерме? Ойының шарты балалар: Бауырсақ пен Түлкі командасы болып бөлініп жерде жатқан қарларды тездетіп қолымыздағы шелекке саламыз.Қай команда бірінші жинаса сол команда жеңіске жететін болады.Ойынымызды бастаймыз.

(Музыка ойналады.Екі команда жарысады.)


Қар ханшайымы: - Жарайсыңдар балалар,ойынымыз қызықты өтті,кезекті балақайларымыздың тақпақтарына берейік.

Тақпақтар:

Айбану: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.

Мирас: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Айкөркем: Аппақ,аппақ қар аппақ,

Аппақ,аппақ дала аппақ.

  Қырау,қырау тал аппақ,

  Айналаның бәрі аппақ.


Жандос: Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Инабат: Қыс келді, қыс келді, 
Ақтарып ақ қарды. 
Аралап қайтайық 
Ақ күміс бақтарды.


Бақытбек: Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.


Жансая: Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.


Әлішер: Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.


Руззана: Әкем таңдап әкелді,

Ең үлпілдек шыршаны.

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды.


Шарапат: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Кәусар: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Аяз ата: - Ал,балалар сендердің өнерлерің керемет екен,биді де биледіңдер,тақпақты да айтыңдар,өлеңді де шырқадыңдар.Менің де сендерге базарлығым бар соны қабыл алыңдар. Балалар аталарыңды өздеріңдей сағынып,алыс жерлерде тағы да басқа балаларым күтіп отыр.Қызымыз екеуміз соларға қарай аттанайық.Келе жатқан мешін жылының балаларға базарлығы көп болғай,еліміз аман,қуанышты жыл болғай.Сау болыңдар балалар.


Қар ханшайымы: -Ата,көп – көп рахмет сізге!Біз сізге ризамыз.Келесі жыл келгенше балаларды ренжітпейміз және өздеріңізді асыға күтеміз.Жолдарыңыз болсын!Келе жатқан 2016 шы мешін жылы денсаулық,елімізге тыныштық,тоқшылық әкелсін және қуанышты,табысты жыл болсын!


Барлық балалар хормен: - Біз тілейміз,

Жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз,

Жаңа жылдық бақытты!


Қар ханшайымы: - Енді балалар жаңа жылымызды ортағаалып бірге шыршамызды айналып, «Жаңа жыл» әнімен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

Хор: «Жаңа жыл»


Қар ханшайымы: - Құрметті қонақтар,ата – аналар,осымен шағын орталық тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігі аяқталды.Келер жылда кездескенше аман сау болыңыздар!




Жаңа жылдық мерекелік шараға қатысатын ортаңғы шағын орталық тобы балаларының киетін костюмы

1.Бақдаулет Айым-Қоян

2.Балпейісова Айбану-Ешкі

3.Бөкенбаева Меруерт-Ақшақар

4.Жақия Бақытбек-Лақ

5.Жүсүпов Жандос-Гном

6.Марат Әлішер-Қасқыр

7.Минас Олжас-Бауырсақ

8.Нұрымбетова Шарапат-Ақшақар қыз

9.Олжай Инабат-Ақшақар

10.Райханова Жансая-Лақ

11.Сисенбаева Айшабибі-Қоян

12.Сәрсенғали Кәусар-Ақшақар

13.Сражадин Манарбек-Лақ

14.Сағынбаев Нұрали-Лақ

15.Түйтенов Ислам-Қоян

16.Тахиров Мирас-Лақ

17.Руззана-Қоян

18.Айкөркем-Ақшақар


Жаңа жылдық мерекелік шараға қатысатын кіші шағын орталық тобы балаларының киетін костюмы

1.Байтұрсынов Еркебұлан-Гном

2.Жалғасбаев Манас-Қоян

3.Марат Әлихан-Гном

4.Мәжит Зейнеп-Қызыл телпек

5.Мұратбекова Мадина-Лақ

6.Мұратов Ұлықбек-Гном

7.Нұрлан Темірлан-Гном

8.Сәрсенбі Сымбат-Ақшақар

9.Тыныштықбаев Бауыржан-Гном

10.Ілиясова Айман-Ақшақар

11.Ілиясова Тоғжан-Лақ

12.Жұмағазы Мадияр-Гном

13.Жайық Айару-Ақшақар

14.Талғат Кәусар-Бақыт құсы

15.Тыныштықбай Айсара-Ақшақар






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ош келді?,Жа?а жыл!» ерте?гілікті? сценарийі

Автор: Уралбаева Г?лжанат Абджамил?ызы Сатаева Ба?дат Алексей?ызы

Дата: 27.12.2015

Номер свидетельства: 270590

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) ""Біз не үйрендік?" Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті"
    ["seo_title"] => string(74) "biz_nie_uiriendik_kiriktirilghien_ashyk_u_iymdastyrylg_an_ok_u_is_riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "376720"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483941349"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства