kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітапханашы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өмірдің адамға кей-кейде тосын сыйларын әзірлеп тұратыны бар ғой. Менің жастайымнан кітапқа, әсіресе қазақ дастандарына қызығушылығым анама еліктеушіліктен басталды. Анам ұстаз болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітапханашы»



Кітапханашы. Өзіндік тұлға

Өмірдің адамға кей-кейде тосын сыйларын әзірлеп тұратыны бар ғой. Менің жастайымнан кітапқа, әсіресе қазақ дастандарына қызығушылығым анама еліктеушіліктен басталды. Анам ұстаз болды. Шынымды айтсам, мені кітапханашылық кәсіпке жетелеп әкелген де, кітапқа деген шексіз құштарлық. Ауылдағы шағын кітапханаға көп баратынмын. Сонан соң студенттік шақтар басталды. Қазіргі үш классик - жазушы Әбділда Тәжібаев, Зейнолла Шүкіров, Қалтай Мұхамеджанов ескерткіші орналасқан жердегі облыстық кітапхананың кең де жарық оқу залында бірнеше сағаттап, керегімді дәптеріме көшіріп жазып, сабаққа дайындалатынмын. Кейде оқу залында орын болмай, кезекке тұрып қалатынбыз. Сонда да кітап оқудан қол үзбедік. Бұл кітапхана ғимараты туралы кейін білдік, оның сол кездің өзінде жарты ғасырдан астам тарихы бар екен.

Адам ғұмырына уақыт өлшем болса, еңбегі немен айқындалмақ? Жылдар жиынтығымен бе, жиған абырой-беделімен бе, өзі еңбек еткен саласында қалдырған ізімен бе?

Бірде әріптестер «осы әйел затына ең лайықты мамандық қайсы» деген сауал маңайында пікір таластырдық. Адамзат баласы ғарышты, ақпаратты билеп тұрған, адамды жынысына емес, жұмысына қарап бағалайтын заманда мұнымыз қызық та көрінер, дегенмен, ұзақ сонар талқыдан соң «әйелдің қолы – кітапханашылық» дегенге тоқтадық.

Рас, әр мамандықтың өз қызығы болады шынтуайтында, кітапханашы мамандығы әйел затына лайықты. Қанша жерден заман ағымының бағыты өзгеріп, ақпарат алмасудың неше түрлі тәсілдері пайда болғанымен, кітап мәңгілік құндылық. Бірақ кітапханашы кітап оқып, уақытын өткізіп, үйіне қайтады деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мәдени - ағарту саласындағы бірде-бір шара біздің қатысуымызсыз өтпейді, түрлі деңгейдегі тақырыптық семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференцияларға кітап көрмесін әзірлейміз. Жергілікті ақын - жазушылармен оқырмандар кездесуін ұйымдастырамыз.

Философ Дени Дидроның «Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды» деген сөзі бар. Жан дүние жұтандығы – кедейліктің ең шегі. Кітапханашының өмірден түйген тұжырымы осы.

Кітап оқымайтын адам қанаты қырқылған құспен тең. Кітапты көп оқыған адамның ішкі рухани байлығы артады, сөз қоры молаяды, ойы ұшталады, парасат мен пайымы артады. Өткен ғасырдың 80-90-шы жылдарында кітапханаға келіп кітап оқушылар саны көп болатын. Қиын кезеңдерді бастан кешірдік.

1997 жылы оңтайландыру, орынсыз қысқарту басталды. Кітапханалардың 50 пайызы жабылды, әсіресе балалар кітапханалары. Сол кезде 12 мың кітап қоры бар кітапханамды бір кітапты бүлдірмей, шашау шығармай бір өзім жинап, орталық кітапхананың кітап қорына қостым. Кітаптың қасиетін бір кісідей жақсы түсініп, кітап исі бойымызға сіңген біз, тынымсыз жұмыс жасадық. Кітаптарды сақтап қалдық.Бірнеше жылдар жарты айлықпен жұмыс жасасақ та мойымадық. Суық бөлмелерде оқырман қабылдап, әр түрлі қызықты іс - шаралар өткізіп, оқырмандар санын көбейттік. Сол оқырмандарымыз казір түрлі салаларда қызмет атқарып жүр, әлі күнге дейін кітап оқудан қол үзген жоқ.

Ал, қазір кітап оқитындардан кітап оқымайтындар саны артып бара жатқан сияқты ма деймін. Осы қатарды толықтыра түскен жастарымыз да баршылық. Олар басқаның қаңсығын таңсық көріп, батысқа еліктеушілік сарынына түсіп алған сияқты. Ал, ел тарихын білмеген, ата - баба ерлігінен үлгі алмаған, Абайды, Шәкәрімді оқымайтын жастардың бойынан қандай ұлтшылдық іздеуге болады. Олардан бойынан отансүйгіштік қасиет табыла қояр ма екен? «Жастар кітап оқымайды» деген сөздерді жиі еститініміз бұған бек дәлел. Осы мәселе әрбір кітапханашыны ойландыру қажет. Сондықтан да жас жеткіншектің санасына асыл қазынаны сіңіре білу, олардың өз бетімен оқуға деген құштарлығын арттыра білуге күш жұмсауымыз қажет-ақ. Ол үшін қазіргі кітапханашы терең білімді, ақпаратпен күшті қаруланған әмбебап маман болуы керек. Өз ісін сүйген әрбір кітапхана маманы оқырманның жан дүниесін терең сезініп, олармен жұмыс жүргізгенде ғана кітапханашы мен оқырманның арасында дәнекер нығая түседі. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.

«Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» – деп Ф. Бэкон айтқандай, еліміздің болашағы – білімді де, білікті ізденімпаз жастар. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Олай болса кітапхана қызметкерлерінің жас оқырмандарды құнды қазына – әдеби туындылармен және ақпаратпен қаруландыра отырып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуына үлкен үлестерін қосып келе жатқаны әрі мақтаныш әрі ұлы міндет.

Заман көші ілгері жылжуда. ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар заманына аяқ бастық. Уақыт зымырап өтуде. Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұранымдары өте күрделі, мазмұны өзгерген, сондықтан да олардың қажетті талап - тілектерін орындау үшін жаңа ақпарат көздерін дер кезінде тауып, озық технологияларды енгізуге барынша үлес қосып келеміз. «Кім кітапты көп оқыса сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» -деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, кітапханада қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет – кітап мекендейтін, адам ақыл-ойының, парасатының қоймасы болып қалады. Ол тәжірибе жүзінде өмір жолын бастаушы, жас ұрпақ үшін үздіксіз қызмет атқарушы. Бүгінде кітапхана–кітап қоры мен кітаппен қамтамасыз етумен шектелмейді. Сонымен қатар ол қоғамдық-мәдени орталық. Ал, кітапханашы кітап қарауылшысы ғана емес, білім жолындағы білім мен тәрбие ісінің концепсиясын жауапкершілікпен қадағалап дәріптеуші. Кітапханашы өз кітапханасындағы жаңалықтың жаршысы, әрбір елімізде болып жатқан оқиғалардың насихаттаушысы болумен қатар, қазіргі заман талабына сай жаңашыл бастамалармен өмір сүру керек.

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды, білімді жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде өздерінің елеулі үлестерін қосып келе жатқа өзіндік тұлға, ол –кітапханашы.

Алматы Облысы Талдықорған қаласы

Еркін ауылының №26 орта мектеп кітапханашысы Қасымова Нурзипа Базарбаевна








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Кітапханашы

Автор: Касымова Нурзипа Базарбаевна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396389

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Та?ырыбы: «Кітапханашы маманды?ым-шежіре? бар таусылмайтын сан ?ырлы»"
    ["seo_title"] => string(65) "takyrybykitapkhanashymamandygymshiezhirienbartausylmaitynsankyrly"
    ["file_id"] => string(6) "274059"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452329281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?здік мектеп кітапханашы - 2015"
    ["seo_title"] => string(30) "uzdikmiektiepkitapkhanashy2015"
    ["file_id"] => string(6) "334698"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465984399"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Кітапхана – о?ырман мен кітап арасында?ы негізгі алтын к?пір"
    ["seo_title"] => string(56) "kitapkhanaokyrmanmienkitaparasyndagynieghizghialtynkopir"
    ["file_id"] => string(6) "339173"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471027667"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "А?т?бе облысы Шал?ар ?аласы №6 орта мектебі "
    ["seo_title"] => string(49) "ak-tobie-oblysy-shalk-ar-k-alasy-6-orta-miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "165441"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422806467"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Елін с?йген "
    ["seo_title"] => string(14) "ielin-suighien"
    ["file_id"] => string(6) "172413"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423817565"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства