Балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру.орман аңдарынң және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Келді тағы жаңа жыл!»
Келді тағы жаңа жыл!
Мақсаты:Балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру.орман аңдарынң және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру,балалардың көңіл-күйін көтеру,әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу.Өлеңдерді,тақпақтарды еске сақтауға үйрету. Ертеңгілікке қажетті кейіпкерлер мен көрнекіліктер:
Аю,қасқыр,түлкі ,қоян,ақшақар, аяз ата ,аққала,ұлу.
Ертеңгілік барысы:
Сайқымазақ әдемі әуенмен,мерекеге лайық безендірілген залға балалармен бірге кіреді.
Жүргізуші:
Қымбатты қонақтар,ата-аналар,балабақша ұжымы,балалар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймызІӨмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға ынтымақ,бірлік тілейміз.
Құтты болсын қонақтар!
Жаңа жылың тағы да,
Ертеңгілікті бастасын
Балауса тобы да!
Ән «жаңа жыл»( балалар шырша алдына жарты шеңберге тұрады).
Әннен кейін кішкене балалар орындарына отырады.
Тақпақ: (7-бала тақпақ айтады).
Бірінші кішкентай балалар,соңынан үлкен балалар шыршаны айнала тұрады.
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы біздің шыршамызға қанша ойыншықтар әдемі жарқыраған шамдар ілінген.
Бірақ шамдар неге жанбай тұр?Шыршаның шамдарын жағайықшы.
Қасқыр:өзі аяз-атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті.
Жүргізуші:О,қу түлкі жүрген жері шу түлкі.Ол бір шатақты ұйымдас –тырмаса жүре алмайды,сен ақшақар қоянмен бірге барда,аяз-атаны ертіп кел.Ал қасқыр сен бізбен бірге мерекені тойлай бер.
Көңілді әуенге Аққала кіріп келеді.
Аққала:Сәлеметсіңдерме балалар сендер мені таныдыңдар ма?Менің атым Аққала.Мен сендерді жаңа-жыл мерекелеріңмен құттықтауға келдім.
Жүргізуші: Аққала біздің балалардың да сізге арнаған ән шашуы бар.
Ән: «Аппақ,аппақ»(балалар шыршаның алдына шарты шеңберге тұрады).Орындарына отырады.
Жүргізуші :Аяз-атамыз неге кешігіп жатыр екен?
Балалар тағы бір шақырып көрейікші?
Балалар:Ау,Аяз-Ата,кел! А у-у-у!
Көңілді әуенмен аяз-ата,ақшақар соңынан қоян мен түлкі кіреді.
Аяз –ата:Амансыңдарма,балаларым?
Жүргізуші:Аяз-ата,балалар сізге арнап ән айтып береміз дейді.
Ән «Аяз-ата»
Аяз-ата:Жарайсыңдар, балалар.Ал енді ойын ойнасақ қалай болар екен?
Балалар: Аяз-атамен ойын ойнайды.(қолғат лақтыру, үсітемін ойыны)
Орындарына отырады.
Тақпақ:(12-бала тақпақ айтады)
Жүргізуші:Аяз-ата біздің әдемі шыршаларымыз,сізге арнап би билейміз дейді.
Би: «Әдемі шыршалар».
Аяз-ата: рахмет балалар ,біраз демалдым.Ризамын сендерге.Ал менің сендерге сыйлықтарым бар.(Аяз-ата қапқа ұмтылапды ,бірақ ол орнынан жылжып кетеді.Тағы ұмтылады ,тағы жылжып кетеді.Ұстап алып ашып қарайды. Ішінен ұлу болып киінген бала шығады.Аяз-ата аң-таң).
Ұлу өзін таныстырады.
Сыйлықтар қайда?
Түлкі: (осы кезде ішін ұстап қарқылдап күледі),
Аяз –ата:Түлкі сенбе сыйлықтарды алған бар алып кел,түлкі сыйлықтарды алып келеді).
Аяз-ата балаларға сыйлықтарын береді де қоштасады.
Жүргізуші:Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.Құрметті қонақтар,балалар өздеріңе арналған «Келді тағы жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды,сау болыңыздар!