1. Оқушыларға ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап, сол тәуелсіздік жолында Отаны үшін жанын құрбан еткен батырлар туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың ой-өрісін ояту, батырлардың ерлігін дәріптей отырып, ойларын дамыту арқылы, танымдық белсенділігін арттыру арқылы тың деректермен қаруландыру.
І жүргізуші:-Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақ батырлары» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Заманында зорлық болған кешегі,
Бұл жерлерде соғыс болған деседі.
Қылыштардың қылауынан жалтқан,
Бұл жерлерде әділетсіз қан аққан-демекші шежіре тарихымызды айтпай кетуімізге болмайды. Осынау ел болу жолындағы ұлы дүмпуде Жәнібек пен Керей қолдаса дем беріп, қазақ хандығының мықты іргесін қалады. Қазақ хандығын құрғанымызбен, емін-еркін өмір сүрк алмадық. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көп болды. Жоңғар шапқыншылығы елімізді қан жылатты. Елдің елдігі, ердің ерлігі сыналар шақ туды. Қалың елді бастаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар қол бастады.
ІІ жүргізуші:
Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаншама бауырларымыз біздің болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жанын пида етпеді?! Олар-от кешіп, елін, жерін қорғаған Мәншүк пен Әлия, Бауыржан мен Төлеген сияқты от жүректі, батыл білекті ел намысын қолдан бермес апа –ағаларымыз.
І жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы-желкілдеп өсіп, жетіліп келе жатқан қаншама бозбалаларымыз бен бойжеткендеріміздің тағдырын жас құрақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астындаы қалған қайғылы да қаралы күнді еріксіз еске түсіреді.
ІІ жүргізуші:
Ел үшін, жер үшін туған халқы үшін атқа қонып, қолына найза ұстап өткен ата-бабалар алдында бүгінгі ұрпақ қарыздар. Олар білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең-батақ жері-бізге қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты.
І жүргізуші:
Ендеше, құрметті ұстаздар, оқушылар осы тарих тереңіне көз жүгіртейік. «Қазақ батырлары» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ жүргізуші:
Анадан ешкім батыр болып тумайды. Айбындылық аспаннан түспейді. Ерліктің терең тамырын елдің арғы-бергі елеулі дәстүрін іздеу қажет.Нағыз жасақ, нағыз жау жүрек әскери қызметтің қиын-қыстау мектебінен мүдірмей өткенде ғана қалыптаспақ...
Асқан ерлік ізгі тәрбиеден, озық өнегеден, ұлттық асыл дәстүрден туады. Ер-азамат сонда ғана елге қорған болады...
Хор: «Ел қорғауға әзірміз»
І жүргізуші:
Қазақ тарихында 18 ғасырдың алғашқы жартысы өте қиын және күрдклі кезең болды. Қазіргі Қытайдың батыс аймағынды пайда болған жоңғар хандығы сан мыңдаған әскермен бейбіт жатқан қазақ еліне шабуыл жасады. Соңғы екі ғасыр бойы үнемі қақтығысып қалып, дүркін-дүркін шабуылдар жасасып, тыншымай келе жатқан даланың екі жолбарысы бітіспес айқасқа, жан алып-жан берісер шайқасқа түсті.Қазақ және жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел Ресей мен Қытайдың бұларды бір-бірін айдап салу саястынан туындаған еді.
ІІ жүргізуші:
Бұл соғысқа қазақ елі дайын емес болатын.Ішкі-сыртқы саясаттың шиеленісуінен, машықтанған тұрақты әскердің болмауынан ел ауыр зардап шекті. Жоңғар қазақ ауылдарын бірінен соң бірене шапты. Адамдарын тайлы-тайлағына дейін қырып, жас әйлдер мен қыздарды шаштарынан матап айдап әкетті.Жоңғарлар қазақ қалаларын да бірінен кейін бірін жаулап алды. Бірақ олар қалада тұра алмады. Қала игілігін сәнді ғимараттарды мақсатты пайдаланбады.
І жүргізуші:
Бұл соғысты қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай ерекше көзге түсті.
1-оқушы:
Күресінде азаттық
Туы астында Абылай
Батырлары қазақтың:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай,
Шақшақұлы Жәнібек-
Айқсақан-ды аянбай!
2-оқушы:Бөгенбай
Қазақта асқан бағасы,
Батырлардың ағасы,
Қытай қалмақ-жоңғардан-Елін жаудан қорғаған
Қамал болған Бөгенбай.
Батыр ғана болмаған,
Елші де есті бола алған:
Ақыл-ойдың иесі, Білген істің жүйесін
Дана батыр Бөгенбай!
Қол бастаған қарт батыр,
Алғыр, тапқыр, мәрт батыр-
Ұстаз болған Бөгенбай
3-оқушы: Қабанбай
Алаған беттен қайтпаған,
Жауға тиген қабандай.
Ерасылға жұрт таңған
Есімі екен Қабанбай.
Жекпе-жекке шақырып,
Шыққан жауды таңдамай,
Бір күнде алты батырын
Жайратқан ер Қабанбай.
Ел есінде сақталған
Ерлігі көп толағай;
«Дарабоз» деп аталған
Қолбасшы ұлы Қабанбай!
4-оқушы: Наурызбай
Алаңынан майданның
Алыбындай адамның,
Күшіне әркім табынар,
Он мың басы-қас батыр
Наурызбай да табылар.
Жекпе-жекке тұрысқан
Кезекті бір ұрыста:
Шамалхан мен Қаскелең-
Қос батырдың жоңғарлық
Көзін жойған жас берен.
5-оқушы: Жәнібек
Батыр болған, би болған
«Болат найза, әділ бек,»-
Халық қамын ойлаған
Шақшаұлы Жәнібек.
Елге тіліп азат таң,
Қорғай білген байтағын.
Алғаш қырғыз, қазақтан
Алған тарих атағын.
Хор: «Батырларға бас ию»
ІІ жүргізуш:
1980 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісінің басталу себебі 40 мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда жүз алпыс мың салық төлеугі тиіс болды және жазалаушылардың Адайлардың мекендеріне жақындауы болды. Көтеріліс жетекшілері Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы. Подполковник Рукин салық төлеуге арсылық білдіріп көшуге бел буған Адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозашы түбіндегі Рукин отряды қоршауға алынып Рукин атылып өлді. Рукин өлімінен кейін Орынбор генерал губернаторы Крыжановскиий Адайларды 3 а й бойы қудалады. 1870 жылы желтоқсан айында Иса мен Досан бастаған үш мың шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетеді. Маңғыстау қазақтарынан жазалаушылар 57. 901 сом салық жинады және Адайлықтар соғыс шығыны ретінде жазалаушыларға тоқсан мың қой өткізді.
І жүргізуші:
Иса Тіленбайұлы-халық батыры, ақын. 1829 жылы Маңғыстау түбегінде дүниеге келген.Маңғыстау көтерілісінің басшыларының бірі. Иса құсбегі, мерген, саятшы да болған. Көтеріліс кезінде және өзге уақыттарда шығарған «Хиуа ға кетерде», «Сексен жас», «Досанды жоқтау», «Қара өлең» т.б. өлеңдері бар. Иса Тіленбайұылының ерлігін Қашаған, Сәттіғұл ақындар жырлаған. Иса Тіленбайұы 1909 жылы қайтыс болды.
ІІ жүргізуші:
Досан Тәжіұлы-халық батыры, Маңғыстау көтерілсінің басшыларының бірі.Досан 1835 жылы Маңғыстаудағы Бозащы түбегінің Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Досан Ресей үкіметінің «Уақытша ережесі» әділетсіздік деп бағалап, халықты көтеріліске шығуды үндейді. Досан Тәжіұлы 1876 жылы Форт Шевченко түрмесінде қаза тапты. Мүрдесі сондағ Қаратөбе зиратына қойылған. Досан батырдың ерліктерін Ақтабан, Бала Ораз, Сәттіғұл жырға қосқан.
І жүргізуші:
2010 жылы қазан айында Досан мен Иса батырлардың 140 жылдық мерей тойы тойланды. Ақкетік қаласына олардың ескерткіштері орнатылды.
6-7 оқушылар:
Сорғалап қос қаршыға көктен кетті,
Қос батыр қол ұстасып өткен депті.
Кәпірдің қабырғасын сөккен депті.
Ел екен-Ер болған соң ақтың мұңы
Халық-орман,Хан-сертшіл тақтың құны.
Доп келген қынға-қылыш, Биге-Батыр
Ер егіз, намыс ортақ Халақтың құлы.
Алаш тұр қос құлынды сақтасын деп,
Қашаннан Қара-қамыс, Аққа-сын көп.
Шөккен тау, көшкен бұлттан жасақ келді.
Иса мен Досан бізді бастасын деп.
Бурадай, Пір Бекетім күркіреді
Тастады жабағасын сілкіп елі.
Мысалы, қалың адай-Қаптың суы,
Тасыды Енді қалай іркеледі.
Салса да орыс ойнап қармағын мың
Шырағын сөндірген жоқ арманымның
Есімін біздің жүрек тербетеді
Намысын кебін қылған-Нарларымның!
Күн-күйік, өмір-өксік, таң баталы.
Ойласаң, өзегіңе қан қатады.
Сүйегі суса болған Шалдарымның,
Бұрқырап, сүрлеуіңе шаң жатады.
Ту жалғар бүгінгі мен ендігіге
Елінің ертеңіне сенді міне.
Ай шығып,
Шолпан жұлдыз бірге туып,
Қос батыр, Ақкетікке келді міне!
Байқасаң, Маңғыстаудай жер өлмейді,
Бекеттей Пірді туған Ел өлмейді,
Қолың жетсе басын шап, Батырының
«Бәрібір қайта айналып келем!-дейді.
Ер Досан –айтқан оқ қой жалындаған!
Сыйлаған бейбіт күннің тағын маған.
Иса тұр, кескен –қылыш, кемел-ақыл
Қамалы парасаттың алынбаған.
Қашаннан әділеттің жыр безбені,
Қаншама бұл даланы сыр кезбелі.
Ей, Алаш! Қос қаршығаң құтты болсын
Қолыңнан ұшып кеткен бір кездері.
Күн кештік халалменен, амалменен.
Есесі еппен алды, заман менен!
Өлмейтін Пір мен Ерді қатар туған,
Адайды қорқытпаңдар ажалменен! (Сабыр Адай)
ІІ жүргізуші:
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының басына тағы да ауыр күн туды. Патшалы Ресей қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйені майданға алғанын аз көргендей, өз жарлығын шығарды. Жарлықта ауылдың 19 бен 43 жас аралығындағы адамадарды «қара жұмысқа алу керек» делінген.Соғысқа байдың тепсе темір үзетін балалары емес керісінше қарапайым халықтың балалары алынды. Осы азапқа шыдамаған халық көтеріліске шығады. Көтеріліс Қазақстанның баплық аймағын қамтиды. Бірақ көтерілістің екі ірі ошағы Жетісу және Торғайда болды. Жетісудағы көтерілісті Тұрар Рысқұлов, Тоқаш Боки бастаса, Торғайдағы көтерілісті Амангелді Иманов бастады.
8-оқушы:
Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер.
Езілген қазақ елі үшін
Қасық қанын қиған ер.
Жауар бұлттай түнеріп,
Жасындай жауға тиген ер.
Күміс балдақ қылышы.
Көкті тілсе суырылса.
Жауы жерге кірген ер.
Арам қара жүректі
Пасық, обыр ниетті
Дұшпан тисе еліне
Жерге тығып жаншқан.
Амангелді батырым.
І жүргізуші:
Тұрар Рысқұлов –мемлекет және қоғам қайраткері. Тұрар Рысқұлов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің ұйымдастырушысы және басшысы. Әксеі Рысқұл Жылқайдаров шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болған. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итженгенге жер аударылады. Паналар басқа жері жоқ Тұрар қашан әкесі сотталып, жер аударылғанша түрмеде, соның қасында болып, бас бостандығынан айырылған адамдармен бақытсыз күндерді солармен бірге бастан кешті.
ІІ жүргізуші:
Тоқаш Бокин қазіргі Алматы облысы Верный уезінің 6-ауылында көшпелі кедей шаруа отбасында туған. 1916 жылы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне белсене араласты. Алаштардың және буржуазиялық-ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізді.
1967 жылы Тоқаш Бокинге Алматы қаласында ескерткіш орнатылды.
І жүргізуші:
Ал, Маңғыстаудағы ұлт азаттық көтерілісінің басы қасында Жалау Мыңбаев жүрді.
Жалау Мыңбаев –мемлекет қайраткері. 182 жылы бұрынғы Адай уезінің, Құнанорыс ауылында дүниеге келген. 1905 -1908 жылдар аралығында Форт –Александровскіднгі екі сатылы орыс-қазақ мектебінде білім алған. 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. 1919 жылы «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы. 1920-19204 жылдар аралығында Адай уедік милиция бастығы қызметтерін атқарған. 1929 жылы ауыр науқастан көз жұмды. 2007 жылы Ақтау қаласында Жалау Мыңбаевқа ескерткіш орнатылды.
Хор: «Солдат болам мен ертең»
ІІ жүргізуші:
1945 жылдың 9 мамыры мәңгілік халқымыздың зердесінде сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Бұл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні, әлем фашистік құлдық қауіпінен азат етілен күн.
І жүргізуші:
-Ия, соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілген.Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Соғыс кезінде жақын адамынан айырылмаған жанұя жоқ шығар сірә.
9-оқушы:
Жанындай сүйген халықты
Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге тұтып өсеміз
Әлия, Мәншүк, Бауыржанды.
10-оқушы:
Даламыздың даңқысың
Балауса гүл-балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан,
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен-
Әнге қосып жүр елің.
11-оқушы:
Сілкінтіп зеңбіріктер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қапталған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын
Қолында пулементі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқан оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан жолын ашты.
Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
12-оқушы:
«Батырым-Бауыржаным» дейді халқым,
Алап ұш, ақын жүрек, ердің даңқын.
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын.
Ағамыз атағына асқар тау тең,
Жау келсе-жаубүйректей етер жәукем.
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайнап біздің Баукең!
ІІ жүргізуші:
Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе. Сол Бауыржан атамыздың айтқан ғибратты сөздеріне құлақ түрейік.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгіріп қызмет ет.
Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, жұрт үшін аянбай-жігіттігіңе сын.
-Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев тікке жеңіс туы желбіреді.
ІІ жүргізуші:
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келген. Оның балалық шағы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Төрт жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі жалған саяси жаламын сотталып кетті. 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Рақымжан Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-пәрменді армасиясына жіберілді. Ордер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін ол партия мүшелігіне қабылданды. Партия билеті «Гитлердің үйінде» табыс етіелді. Осында «Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа ту тігу бұйырылды. Рейхстагқа дейін арақашықтығы 306 метр ғана, бірақ ол жан-жанжағынан оқ жауған ашық алаң үсті еді. Рақымжан солдаттармен толассыз атылған оқтың астында 7 сағат жерге жабыса еңбектеумен өтті. Сәуірдің 30 күні 18 сағат 30 минутта Григорий Булатовпен бірге Рейхстагтың фронтонына ту тікті.
Соғыстағы ерліктері үшін Қошқарбаевқа «Жауынгерлік Қызыл Ту», «Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдері берілді. Рақымжан Қошқарбаевқа 2001 жылы «Халақ қаһарманы» атағы берілді.
13-оқушы:
Естідім-ау, жеңіс үнін,
Дүрілдейді көк пен жер,
Қуанышпен қағып күлім,
Ойнақтайды қуанған ел.
Шықты ойнақтап жас ұландар,
Мәз-мейрам боп күліп сақ-сақ.
Қуанышты барлық жандар,
Жеңіс атты жетті алтын шақ.
І жүргізуші:
Маңғыстаулық Кеңес Одағының Батырлары Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев,Исатай Сүйеубаев.
ІІ жүргізуші:
Батырлық ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ұлт азаттық көтерілісінің батыры Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Хор: «Мен соғысты жек көрем»
І жүргізуші: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті.
14-оқушы:
Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
ІІ жүргізуші:
Қазақстанда 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жауапқа тартылды.
15-оқушы:
Елі үшін ерлігімен елене
Абырой мен атағына бөлене
Ляззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
16-оқушы:
Кетпес мәңгі көңілден
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы-
Ляззат пен Сәбира!
Атыңды айтар кәрі-жас
Арын Темірқазық қып.
Зұлымдыққа жаны қас,
Адалдық пен нәзіктік.
І жүргізуші:
Қайрат Рысқұлбеков «Түрме жыры» өлеңі
17-оқушы:
Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың.
Айылда жақсы екен гой салған әнім,
Қу тағдыр тарттырды ғой түрме дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыс тесік.
Күніне ұзатары үш тілім нан,
Өлмейтін саған тиер осы нәсіп.
18-оқушы:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Біріншіден мен анамды сағындым!...
Екіншіден, бұл құдайға не қылды?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді міне абақтыға жабылдым.
19-оқушы:
Әкетей-ау, пайғамбардай жасың бар,
Бола бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүгегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар»
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер?
Сүмірейтіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер?!
20-оқушы:
Айналайын қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?..
Айналайын інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным.
21-оқушы:
Өздеріңе аман-саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңмен тіл қата алмай, достарым,
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
22-оқушы:
Қош болыңдар, ағайын-туыс, бәріңде,
Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандыта кездесеміз әлі де...
23-оқушы:
20 жыл өтті
Еркін бір дем алғалы
Орындалып мыңжылдық ел арманы
Тәуелсіздік жолында қанын төккен
Бабаларым бұл күнді көре алмай кетті.
ІІ жүргізуші:
Қазақ елі, қазақ жері үшін қазақ халқының болашағы үшін, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін өзднрінің ерліктерін аямай жан қиған батырларды бір минут үнсіз еске алайық.
І жүргізуші:
Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз.1991 жылғы 16 желтоқсан –оның тарихындағы ұлы күн.
Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр.Мемлекеттік Әнұранымыз үние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.
Бәрі:
Қазақстан: Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәулсіздік мерекесі құтты болсын. Елімі тыныш, отбасымыз аман болсын!