Сабақтың тақырыбы. Құшағы кең ұстазым.
Мақсаты: Оқушыларға ұстаз мерекесін хабар ете отырып,ұстаз-өміріндегі ең қымбатты жан екенін ұғындыру.Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін,ұстазды құрметтеу,сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушы бойына дамыту әрі дарыту
Дамытушылық: еркін,шешен сөйлеуге баулу,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік.жеке тұлғаны қалыптастыру сынып ынтымақтастығын қалыптастыру,топтық,жұптық жұмыстарға тарту,сабақ арқылы ұстаз еңбегін аялауға тәрбиелеу
1-жүргізуші.
Армысыңдар, мәртебелі мамандық иелері!
Баршаңызды төл мерекеңізбен құттықтаймыз!
Асыл сөздің қас шебері атанған ақын А.Байтұрсынов:
«Алты алаштың баласы жиналса да, ұстаздың орны төрде» - дегендей орындарыңыз әрқашан тек қана төрде болсын!
Шәкірттеріңіздің мерейіне бөлене беріңіздер!
2-жүргізуші.
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
1-жүргізуші.
Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы,-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай,сөзі маржан,ойы дана ұстаздарымызбен мақтанамыз.
2-жүргізуші.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын.
Дендеріңіз әрқашан мықты болсын!
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
1-жүргізуші.
Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқанда, күн күмбезінен әрі қарай өткен ғарышкерде,бәрі бір білім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2-жүргізуші.
О,Ұстаздар,басымды ием сіздерге,
Бүгінгідей мұғалімдер күнінде
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз
Жетсе деймін ұстазымның жүрегінің төріне
1-жүргізуші.
Ұстаз деген –ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылған сөз!
Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын,өнеге үйрететін,
тәрбие беретін «Мектеп» атты кемеге отырғызып,білім дейтін болашаққа
жол көрсететін анаңдай әлпештеп,маңдайыңнан сипайтын мейірімді жан!
2-жүргізуші.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның, жердің жүзін шарлаған.
Ұстазым әні: орындайтын сынып оқушылары.
Би: Әдемі-ай.
Кезек тақпақтарға: сынып оқушылары
1-оқушы
Мұғалімдік –ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып
Ұстаздардан азаматқа таралған
Мол мейірім,ізгілік пен адалдық
2-оқушы
Мінезі гүл жайнаған
Білімі бойда қайнаған
Ұлағатты ұстаздар
Бала қамын ойлаған.
3-оқушы
Сәбилік көңілден арналады жыр әнім,
Баулитын өірге Ақылшым-мұғалім,
Арқаңда өзіңнің Адам боп шығамын
Бәрі алтын сөзіңнің Ақылшым –мұғалім.
Мақал-мәтелдер:
- Ұстазы пейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді.
- Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
- Ұстаздан шәкірт озар
- Ұстаздық ету-өзгенің бақытын аялау,өзінің уақытын аямау
- Ұққаның жақсы болса,
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса,
Ақылың көбейеді.
Кім тапқыр? –ойыны
1.Мувада апай –әдемі,ақжарқын
2.Амангүл - ойшыл,тапқыр,ақылды,.,..
Ұстазым менің, ұстазым сынып оқушылары
Би: Рухты ару. Қыздар тобы
Көңілдерің жайнап тұрған бау болсын,
Білім-теңіз, еңбегің- ерен тау болсын.
Шәкірт үшін аямайтын бар жанын,
Ұстаздарым!
Әрқашанда дендеріңіз сау болсын!
дей отырып бүгінгі төл мерекеңізге арналған кешімізді аяқтаймыз.