kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол бастауыш!

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасу мерекелік іс-шарасы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол бастауыш!»


Тақырыбы: «Қош бол, бастауыш»

Мақсаты: бастауыш сыныппен қоштасу. Оқушылардың қандай жетістікке жетке-нін көрсету, өнер, білімдерін бағалау.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мұғалімнің сөзі.

Құрметті ұстаздар, қадірлі де, аяулы ата- аналар! Немерелерінің сүйікті әжелері!

Бүгін біздің мектебімізде үлкен той. Бұл той-бастауыш сыныппен қоштасу тойы. Төрт жыл бойы білімге жол ашқан бастауыш сынып оқушылары ортаңғы буын табалдырығын аттағалы отыр.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырларына тыңдарманым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне «Жас ұлан»

Алдарынан жарқырасын шамшырақ.


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4-сынып оқушыларын ортамызға. / ортаға тақпақтап шақыру/

1.Асықпай әркез жүреді

Арайлым еркелікті сүйеді

Анасының қолғанаты, көмекшісі

«Күйеу бала» хикаясын

Үзбей отырып көреді

Сидхатра боламын деп

Айнаның алдынан шықпайды

Бекзат пенен Арайлым

Көшті бастап шығады.

2.Өзі салмақты, артық сөзі жоқ оның

Дана біздің тазалықты сүйеді

Әділ біздің сыныбымыздың кенжесі

Інісіне үлгі оның әр ісі-деп ортаға Әділ мен Дана шығады.

3.Сыныбымыздың мақтанышы үлгі болар

Айнұрменен айналамыз нұрға толар

Серіктің таудай талабы бар

Анасының парызын өтеу оның ойында бар

4.Спортпенен білім жағын бірге қосқан

Айнарамыз сынып үшін үлес қосқан

Біледі ол жақсы менен жаманды

Аслан біздің өз көшесінің атаманы

5.Тауды бұзар шын кіріссе намыстан

Білім мен спортты Ильяр тең ұстаған

Сыныбымыздың топ басшысы, жанашыры

Аймөлдірдің талабы бар таудай

Биші болар болашақта Шарадай

6.Еңбексүйгіш, таудай талап бойында

Барлық істі тындырып жүру Ілиястың ойында

Мынау менің сезгенім:

Ол - сыныптың анасы

Өзінің де, өзгенің

Баласы -оның баласы

Күнде бестік алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман

Ал оқымай барсаң сен

Бір тал шашы ағарған

Жақсы болсаң шынында

Қартаймас деп айта алам

Жаңа оқу жылында

Жасарады қайтадан – дей келе 4жыл бойы өздеріңмен бірге болған алғашқы мұғаліміз Гүлнүр Еркінбекқызы мен оқушысы Ілиясты ортаға шақырамыз.

  1. Тартқыншақтап кіріп ем,

Ұялып алғаш сыныпқа

Қараңыздар мінекей,

Тұрысым бүгін бір басқа

Осындай күнге жеткізген

Баспалдақ өзің, бастауыш

Жүректен шыққан алғысым

Арнайды бүгін көп дауыс

Алғысым көп айтатын,

Бастауышқа, сыныпқа

Білім берген ұстазға

Айтылар тілек бір басқа.

2Мектеп деген білім кені, жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

  1. Мектебім-білім берер алтын ұям

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ән «Мектебім, аяулы мектебім!»

  1. Құрбыласпыз, тұрғыласпыз

13-іміз сыныптаспыз

Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз.

Талаптымыз, қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

  1. Білім иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білі мен тәрбие алған. Сондықтан біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз. / оқушылар бастарын иеді/

  2. Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

  1. Мен бүгін бұрынғыдан саналымын

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім,

Дәптердің жазылмаған ақ парағы

Ақ көйлек 10 жасар балалығым.

Би «Флэшмоб»

  1. Өмірге жол бір өзіңнен бастадым.

Әріп құрап алғаш өлең жаттадым,

Алғашқы ұстаз естен кетпес мәңгілік

Марапаттап арқамыздан қаққаның.

  1. Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген нәрлі өзенге шомылып,

Жаттап өсем ұстазымның есімін.

  1. Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын

Үміт еткен сеніміңді ақтаймын

Үзбей берген біліміңнен сусындап

Жұмсақ жылы үніңді есте сақтаймын

  1. Келмейді тілек шектегім,

Мектепте өсіп көктедім

Әліппені жаттатқан,

Тілегім сізге көп менің.

Ән «»

12. Оқытты ұстаз анамыз,

Өсті білім санамыз

Білгір ел боп өсетін

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұла күш

Еркін өскен ұланбыз,

Оқу-білім үйреткен

Хормен: Ұстаздарға мың алғыс!

  1. Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күлімдейді жарқылдап

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой-сананы

Біздермен ойнап, күледі

Сырымызды біледі

Қасымызда жүреді

Қамқоршымыз ол біздің.

- Біз нені үйрендік?

  1. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, достасуды, елімізге, жерімізге жақсылық жасауды, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрендік.

- Біз нені сүйеміз?

  1. Отанды, ата-ана, халқым, достарымызды, табиғатты, алтын ұя мектебімізді сүйеміз!

-Біз нені ажырата аламыз?

  1. Жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, мейірімділік пен қаталдықты, надандық пен адамдықты.

-Сендерді болашаққане бастайды?

  1. Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.

- Біз кім боламыз?

  1. Адал азамат, елін, жерін сүйетін ер, нағыз адам боламыз.

- Біз нені қимаймыз?

  1. Қимаймын асыр салып ойнаған бастауыш мектебімді.

-Нені сағынамыз?

  1. Сағынамын:сыныбымды, тап-таза партамды да.

Видео көру

«Ұйғыр» биі

Үзінді оқу

  1. Ұстаз болу-жүректің батылдығы

Ұстаз-болу адамның ақылдығы

Ұстаз – болу сезімнің күн шуағы

Ұстаз-болу адамның асылдығы.

  1. О, ұстаз, неткен мықты, төзімдісің

Қол бастаған батырдың дәл өзісің

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

22.«Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға хормен «Мың алғыс»

Ән «Ұстазым менің, ұстазым»

23.Шәкірттер сізді айтып мақтанады,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үміт пенен сеніміңіз ақталады.

24.Төрт жылды да, теп-тез өткердік

Қол ұстасып кесіп өттік өткелді.

Әліппені, ана тілді үйреткен,

Ұстазымызбен қоштасатын кез келді.

25.Көрмедің артық күліп, артық жүріп

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

26.Біз бүгін бастауышпен қоштасамыз

Жолына гүл мен бірге жыр шашамыз,

Ұстаздың бар үмітін ақтау үшін

Сеніммен болашаққа нық басамыз!

Ән орындау

Мұғалімнің тілегі

Сертификат тапсыру

Ата-аналарға сөз беру.

















ШҚО Семей қаласы, Семей білім бөлімі

«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Қазақ тілі

Тақырыбы:


Сынып:4

Өткізген: Г.Е. Жумагелдинова

















2015ж.

Тақырыбы: Сөз тіркесі

Мақсаты: Сөз тіркесі туралы түсіндіру.

Міндеттері :1. Сөз тіркесінің бір- біріне байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің сөз тіркесі екенін, басқа сөз таптарымен байланыстырып, сұрақ қоя біледі.

2.Топпен жұмыс жасай біледі, іздененді, сауатты оқып, жазады, дұрыс сөйлей біледі.

3.Ұйымшыл, бір- біріне көмек көрсетіп, бір- бірін тыңдап, сыйлай біледі.

Көрнекіліктер: топтың аты жазылған сөздер, қима сөздер.

Әдісі: жұппен,топпен жұмыс, сұрақ жауап, қима сөздермен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Түрі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңберге тұру. Бір біріне тілек айту. «Мен саған тілеймін...»

Оқушылар сөздер алып іштерінен оқиды, топқа бөлінеді.

І. Отан

ІІ. Табиғат

ІІІ. Жеміс - жидектер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сұрақ- жауап әдісі:

-Сендер қандай сөздер оқыдыңдар?

-Осыдан қандай ереже шығаруға болады?

-Осы сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып жазыңдар. ( оқушылар жазған сөйлемдерін оқиды)

Оқулықпен жұмыс.

Ережені оқу.

3- жаттығу. Іштерінен оқу

Дауыстап оқу

Жаттығуды өз беттерімен орындау.

Бір бірін тексеру

Өз қалаулары бойынша үш сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті.

4-жаттығу. Мақалды дауыстап оқу, жатқа жазу

Сөз тіркесін табу, сызбамен сызып көрсету

5-жаттығу. Өлеңді оқу.

Сан есімдері бар сөз тіркестерін табу.

ІҮ. Бекіту

- Қандай тақырып өттік?

- Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Олар қалай жасалады?

Үш топқа тапсырма беру.

І топ. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім.

ІІ топ. Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім.

ІІІ топ. Бірінші сыңары зат есім, екінші сыңары етістік

Ү Қорытындылау.

- Бүгін біз сабақта не істедік?

- Сабақ ұнады ма?

ҮІ Үйге тапсырма беру.

6- жаттығу, 45-бет.

ҮІІ. Бағалау.




























Тақырыбы: «Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады».

Мақсаты: Оқушыларға ең қасиетті адам ана екенін сездіру. Ана өмірдегі бар жақсылықтың жаршысы екенін ұғындыра отырып, ата анаға сүйіспеншілікпен қарау, ана мейірімінің қасиетін ұғындыру. Оқушылар бойында сыйластық, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: безендірілген сахна, шарлар, слайдтар.

Өтілетін орны: акт залы.

Өтілу барысы:

І жүргізуші:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

ІІ жүргізуші:

Әкелетін отбасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең дей келе ортаға сынып оқушыларын аналарымен бірге ортаға шақырайық. / өлең оқылып шақырылады/

1.Қос Әмина апаның немерелері

Тәтті дәмді беріп, еркелетеді

Аналары ән айтып, домбырада ойнайды,

Бекзат пен Бакнұрдай балалардың

Аналары ортаға шығады

2.Сыныбымыздың жиналысынан қалмайды

Белсенді апалар бар біздің де

Әрбір жеңісі үшін қуанады

Айнұр, Ислам және Айнараның апалары

3.Көпбалалы отбасынан олар шыққан

Аналары тәрбие беруден жалықпаған

Ілияс пенен Арайлым және Асланнан

Үлкен үміт күтеді олардан

Осындай батыр аналарды

Алып шықсын ортаға балалары

4.Әркез таза жүреді, жымиып ап күледі

Серік пенен Әділді

Аналары қадағалап жібереді

Оқытып, көмектесіп жүреді

Осындай аналардың барына

Бас иіп шақырамыз ортамызға

5.Біздің Дана әдепті

Мінезімен салмақты

Үйдің үлкені, тұңғышы

Анасының көмекшісі

Еркежанға қарайлайды

Үсті басын тазалайды

Анасы жұмысқа кеткенде

Бар шаруаны тындырады.

6.Тіл үйіртіп, тортты дәмді пісіреді

Аймөлдір мен Ильярдың аналары

Сыныбымыздың оқу озаты, мақтанышы

Басқан қадамдарына аналары қуанады

І жүргізуші:

Бүгінгі күн әлемнің жарығын сыйлаған, өмір сыйлаған, махаббаты мен бар жақсылықты сыйлаған ардақты аналарға арналады.

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаз аналар, аналар және нәзікте, ару қыздарымыз 8 наурыз көктем мерекесімен құттықтай отырып, «Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады» деп аталатын мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші:

Дүниедегі ең қадірі, ең сұлу жан Ана! Ана тіршілік атаулы бұлақтың көзін ашты. Әйел Ана сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

ІІ жүргізуші:

Баланың жанын ұғына білетін, баланың жан сарайына терең бойлай алатын сезімтал да сұңғыла жан- Ана.

Ән «Ананың тілегі»

Ана деген кім?

1.Оқушы Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршіліктің көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

2.Оқушы Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

3.Оқушы Ана- әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.

4.Оқушы Ана сұлулықты,жарасымдылықты,көріктілікті, барша игілікті сіңірген тұлға.

5.Оқушы. Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан- теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

6.Оқушы . Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысып, шырылдап іздейтін жан бар. Ол- Ана.

7.Оқушы. Мен үшін бәрінен қымбат жан бар. Ол- Ана.

8.Оқушы. Мен үшін мынау жалпақ дүниеден де үлкен бір жан бар. Ол- Ана.

9.Оқушы. Мен үшін ең ардақты, ең қымбатты адам. Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ол- Ана.

10.Оқушы. Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы. Ол - Ана.

11.Оқушы. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, мен үшін жанұшыра шырылдайтын,әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін.

Ол -Ана

Би. «Гүлдер» қыздар тобы

12.Оқушы.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

13.Оқушы

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

14.Оқушы.

Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың,

Қарайтыным қас қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

15.Оқушы

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас толды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?Тек өзіңнен жасқандым.

Ән «Айналайын»

16.Оқушы.

Әжімі оның ұлы өмірдің іздері

Өзін емес, мені ойлайды түздегі

О, ананың құшағының жылуы!

Сол жылудан тарайды адам ғұмыры.

17.Оқушы

Өзіңсің өмірдегі бар арманым,

Жыр жаздым, тұңғыш саған ән арнадым.

Анашым, айтарым көп тіл жетпейді

Бір сендей алтын адам таба алмадым.

Өзіңе тең келе ме, дала таңы

Сипаған маңдайымнан алақаны

18.оқушы

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән «Асыл әже»

19. оқушы

Ана деген үш ақ әріп тіршілік,

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.

Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік!

20.оқушы

О, анашым, таянышым , тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

21.оқушы

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,

Бір адам бар ол өзіңсің, анам.

Мейірімге бір өзіңнен қанам,

Жылуды да жүрегіңнен алам.

22.оқушы

Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мерейді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

23.оқушы

Анадан жаралған ғой дана біткен,

Биіктен өз баласын ана күткен.

Біздерді кешір ана , түсінбесек

Еркелеп сәби жастық балалықпен.

24.оқушы

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған

Осынау дөңгеленген дүниеде

Жан Анам, кім бар сендей қымбат маған?

Би «Испан биі» ұлдар тобы

Балаларға сұрақ.

Балалар аналарын қаншалықты білетінін сұрақтар қою арқылы білеміз

Анаңның жақсы көретін түсі

Анаңның жасы нешеде?

Анаңның жақсы көретін тағамы

Анаңның туып өскен жері

Қандай әнді жақсы көреді?

Анаң үйде қанша сиыр сауады?

Анаң қандай кино көргенді ұнатады?

Анаң торт пісіре алады ма?

Анаң шашын бояйды ма?

Анаң таңертең нешеде тұрады?

Анаңның анасының аты кім?

Анаң қонаққа барғанды ұнатады ма?

Анаң қандай әншіні ұнатады?

«Флэшмоб» аналар мен балалар арасындағы би.

25оқушы

Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған

Өзінің аяулысы, Отанын

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған

26 оқушы

Ана- дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана- дейді жас сәби де жарқылдап

Ана- деген бәйтерегі өмірдің.

Ана- деген алтын қазық, алтын бақ.

Ана- деген асыл жандар болаттай

Ана- деген мөлдір жандар болаттай

Ән «Ана туралы жыр»

Қорытынды.



«ШҚО, Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ













Сынып:4

Өткізген: Г.Е. Жумагелдинова







2016ж.
































Тақырыбы: «Тәуелсіз тұтқасы бізге аманат»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасында құрбан болған қаһармандар туралы айтады.Олардың ерліктерін есте сақтап, мақтан тұтады. Отанын, елін сүйе білетін патриот болып тәрбиелеу.

Өтілетін орны: акт залы.

Көрнекіліктер:безендірілген сахна, шарлар, слайдтар.

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Заманымыз тыныш, ел іргесі аман болып, тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектері өсе берсін деген тілек білдіре отырып, «Тәуелсіз тұтқасы бізге аманат» деген тақырыпта өтетін ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1.Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі,

Мәлің атың,

Ата-баба қанымен

Келген бізге.

Тәуелсіздік құт болып,

Қонды еліме.

Қорғап сені өтетін

Өле -өлгенше мақтанамын

Мақтанамын әлемге

Мен азатпын.

2. Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел алғыс деп, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

3. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды ешкім бізге бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

4. Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы -мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Ұл-қызымыз бар,даламыз бар ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп өр халқым.

Бірге: Құттықтаймыз мерекелі күніңмен!

5.Еркіндік ежелден ел тілегі еді,

Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.

Еркіндіктің қадірін білетін ел,

Жалынды жастарымен желпінеді.

Елдікті ұран еткен ұлың мен ем,

Жеткізетін тарихты тілімменен,

Еркіндікке жетпеген оңайлықпен

Сан қырлы қазағымның сырын төгем.

6.Естіртем бар әлемге үніңді де,

Туған ел, арт, көтерем жүгіңді де

Отаным Қазақстан өрге басқан,

Тәуелсіз мен қазапын бүгін міне

7. Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Жазиралы, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

8 .Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні -бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжіреген күні бұл.

9.Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні-бұл.


  1. Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

11.Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бүл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстан!

13.Ата- бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған.

Тәуелсіздік таңы атты,

Бақыттымын мен содан.

Ән: «Менің елім»

«Желтоқсан оқиғасы» туралы мағлұмат (слайдтар көрсету)

  1. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ, осы жолда талай боздақтар жанын қиды.



  1. Өз ана тілін, ұлтын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытам деген қазақтарға орыстың саясаты мүмкіндік бермеді. Сол үшін тәуелсіздіктің туын аңсаған қазақтың ұлтшыл ұлдары мен қыздары 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы алаңға шеруге шықты.


  1. Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.

Елі үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел жер ұмытпас.

17Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт иен күдік наланың.

Желтоқсан- Қайрат, Ербол,Ләззат пенен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.

18.Ел басына күн туғанда,

Елпілдеген Ерболым

Қараша үйде түңліктей,

Желпілдеген Ерболым.

Қанішердің қолында,

Қаңсыраған Ерболым.

19.Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр күн ,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болған Алладан,

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек, қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім.

Мәбира апат болған күн.


  1. Сабира Мұхаметжанова 1965жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниге келген. Ол көк жасыл орман көмкерген, кербез Алтай тауының етегіндегі әсем қала Өскемендегі оқу орнының студенті еді.

21.Тапталмасын деп азақтың кек, ары,

Тәуелсіздіктің туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небары.

Қаһарман қыз-ғажап қыз,

Ұрандайды Ләззат қыз:

«Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз,

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз!»




  1. Анасының жоқтауы:

Айдай аппақ Ләзкамды

Аямаған қан ішер

Туды екен білмеймін

Қай анадан қанішер (демалып)

Зарлағанда не табам,

Сабыр берсін жасаған.

Кімге ғана ұстатар

Қысқа ғұмыр қашаған?

Жауға қимас арыстай,

Тілегіңнен айналдым.

Қыз да болсаң намысты,

Жүрегіңнен айналдым.

Заманына қайқайып,

Қарсы тұрған боташым.

Алтын сақа асықтай

Алшы тұрған боташым.

Дәл өзіңдей қыз тапқан,

Мен де арман бар ма екен?

Қайтейін құдай, қайтейін?

23.Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс -архитектура институтының студенті еді.

24.Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын, алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шырқаймын деп шындық жырын шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді елболам деп талпындың.


  1. Қорлай да беріп,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Қазақ деген атым бар,

Қайрат деген затым бар.

«Ереке тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған азамат.

Артымда қалған ата-анам

Ел -жұртым саған аманат!


Ән: «Желтоқсан желі»

26.Жас арудың жанарында -Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсанда

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында -Желтоқсан.


  1. Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Туған елім көкке жеті көк туың,

Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.


  1. Атыңнан айналайын егеменді ел!

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіз ел!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


  1. Келешегін көретін өзі алыстан

Өзі қыран, өзі от, өзі арыстан.

Терезесі теңелген өзгелермен,

Өзімдікі Тәуелсіз Қазақстан!


    1. Қазақстан Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны.


  1. Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын,

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!


  1. Барлық ұлтты бауырына басатын,

Көкте туым желбіреген аса тым.

Тарихында өшпес -дағы ізі бар,

Егеменді елім менің жасасын!


  1. Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, Халайық! Құтты болсын қуаныш

Ән: «Қазақстан»

Қорытынды.



«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»






Сынып: 4

Өткізген: Жумагелдинова Г.Е.















2015ж.













































«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Махмутова Аймөлдірге

Мінездеме

Махмутова Аймөлдір Нұрбекқызы 2006 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

Махмутова Аймөлдір 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Аймөлдір сыныптың оқу озаты, топ басшысы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алған. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру пәндерін жақсы көреді.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табысады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайды.













«М.О. Әуезов атындағы Семей

педагогикалық колледжінің» 41 «ә»

тобының студенті Мухамеджанова

Айгуль Токтасыновнаға

Мінездеме

Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың 1- 20желтоқсанға дейін іс- тәжі-рибесін өтті. Айгуль Токтасыновна өзінің сабырлы мінезімен, салмақты ойла-рымен, кішіпейілділігі мен қарапайымдылығымен қатар ұйымдастырушылық қа-біліетмен көзге түсе білді. Айгуль іс- тәжірибесі барысында оқушылардың ой өрісінің кеңейіп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін әдіс- тәсіл- дерді қолданып, сабақты тиімді өткізе білді.

Жоспар бойынша берілген жұмыстарды оқу- тәрбие бағытына сай атқарды. Балаларды алғашқы күннен бастап өзіне баурап алып, білімін көрсете білді. Айгуль президент күніне орай «», «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» деген тақырыпта сынып сағаттарын, «», «» сыныптан тыс жұмыстарын өткізді.

Айгуль балаларға талап қоя отырып, олармен тіл табыса білді. Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, қайырымдылық, мейірімділік қасиетін атауға бо-лады. Өз жұмысын тиянақты істеп, жауапкершіліқпен қарайды.

Айгуль Токтасыновна келешекте өз білімін оқушылардың бойына сіңіре білетін, оларды отаншылдық рухта тәрбиелейтін ұстаз бола алады.



Іс тәжірибеден өту бағасы:



Мектеп директоры: С.С. Карамурзин

Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Е. Жумагелдинова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қош бол бастауыш!

Автор: Жумагелдинова Гульнур Еркинбековна

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол бастауыш мектебім "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-bol-bastauysh-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "141495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418132781"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?ош бол, бастауыш."
    ["seo_title"] => string(19) "k-osh-bol-bastauysh"
    ["file_id"] => string(6) "312972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459422021"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Қош бол, бастауышым!"
    ["seo_title"] => string(21) "k_osh_bol_bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "421858"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1497466293"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(55) "sabak-tyn-tak-yryby-k-osh-bol-bastauyshym-bal-bu-lag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "240888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445154078"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства