kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тал?ар ауданы №18

орта мектепті? бастауыш

сынып м??алімі

Мирманова Айнаш Ашимбек?ызы

«?ош бол бастауышым-Балб?ла?ым»

Музыка ойнап т?рады.(Дельфиндер)

Мен:

?ош келіпсіздер, ??рметті ата-аналар,?ымбатты ?ріптестер,?адірлі ?она?тар!

Б?гінгі к?н осында отыр?ан б?ріміз ?шін ерекше к?н, оны? ерекшелігі сол т?рт жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан кіп-кішкентай балдыр?ан еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да ?сіп, бастауыш білім сатысынан орта буын?а ?ш?алы отыр.

Бесіктегі баланы? к?лгенін к?рген бір м?рат.

Алдына т?сіп ананы? ж?ргенін к?рген бір м?рат.

Дегендей б?л да бір ?уанышты к?н.

Армандаса? да, ?иялдаса? да балалы? ша?ы? к?з алды?а келеді. ?йткені биік асу?а беттеген аяулы ??мыр, ?ажайып ?мір осынау бал к?лкілі балалы? ша?тан басталады. Міне б?гін бізді? б?діршіндер ?міріне ?шпес із ?алдыр?ан бастауыш сыныбымен ?оштасып, бір жыл?а та?ы да есейгелі отыр. Ендеше ?ызы?ты да ?аламат ?згерістер сыйла?ан білім н?рімен сусындат?ан ?мірде ?з жолдарын табу?а жол сылтеген ?стаздарына, ата-аналарына ?з ?нерлерін к?рсетуге дайын. «Талаптары?а н?р жаусын!» деп «Бастауышым бал б?ла?ым» атты ерте?гілігімізді ашы? деп жариялаймыз.

Тол?имыз, тол?ып т?рмыз барша?ыз да

М?ндай к?й бол?ан сір? ?анша?ызда

?ол со?ып, ?ошеметтеп ша?ырайы?

4 «?» сыныбын ортамыз?а

Сахна ашылады. Кемедегі о?ушылар:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым »



Талғар ауданы №18

орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі

Мирманова Айнаш Ашимбекқызы






«Қош бол бастауышым-Балбұлағым»

Музыка ойнап тұрады.(Дельфиндер)

Мен:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар ,қымбатты әріптестер,қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырған еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат.

Дегендей бұл да бір қуанышты күн.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрімен сусындатқан өмірде өз жолдарын табуға жол сылтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым бал бұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «Ә» сыныбын ортамызға

Сахна ашылады. Кемедегі оқушылар:

Қадір-Али:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Медина:

«Бастаышым- бал бұлағым»

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын

Самат:

«Бастауышым –бал бұлағым»

Лаулап жанған шам шырағым

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Назерке

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым бал бұлағым

Қоштасар күн жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын


Мансур:

Ұстазым ұлағатым, сая бағым

Шәкіртті өз балаңдай аяладың

Қолыма әліппенің кілтін берген

Адалдық ақ жолыңды бағаладың

Досжан:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаның

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа апарғаның

Енді міне сағымдай өте шықты

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына біздің

Ел танитын азамат бір- бір мықты


Мұхаммед:

Мектеп маңы толыпты жарасымға

Ізгілік те, мейірім бәрі осында

Қанат қағып кешегі балапандар

Ақыл білім жетелеп санасында

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата –анам

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып, сан тарапқа тараған


Арман:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едік ббіліммен күш толады

Алғыр бол ,әдепті бол, сабарлы бол

Ақыл мен іс істесең оң болады

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып, алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделкті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап


Бекмырза:

Әліппемен аштым өмір есігін

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін

Есімде ерен ұстазым

Шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің


Қуаныш:

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен әліппені алғаным

Санай ашып әліппенің парағын

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым

Мектеп, мектеп ашық жарқын көңілім

Мектеп мектеп шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп жан анам боп көріндің


Салтанат:

Ұмытпайын жаныма

Білім нәрін еккенің

Қош қымбатты ұстазым

Қош бастауыш мектебім


Ән: «Қош бастауыш»


Самал:

Мектеп кеме білім теңіз

Барар жолға тез жетеміз

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда

Шашу, шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық


Қадір-Әлі:

Сонымен, алдарыңызға тура Алатау тауының баурайында, ауасы таза қысы- жазы жап-жасыл болып тұратын шыршаға толы тауларының түбінде орналасқан Алмалық ауылы № 18орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары


Мұхаммед:

Ал, осы 4 «Ә» сынып оқушылары жайлы қысқаша мәлімет берсек:


Назерке:

Сынып тоқсан пайызға оқушылардан және он пайызы оқытушылардан құралған.


Досжан:

Оның ішінде шекелері торсықтай, иықтары қақпақтай, өте өнерлі 8- ұл бала бар.


Самал:

Ал, қыздар ше? Қыздар бесеу, қолаң шаш, қиғаш қас, ай десе аузы, күн десе көздері бар, үріп ауызға салғандай!

Арман:

Жалпы біздің сыныптың оқушыларының бәрі әдемі, үзілісте бізге бәрі қызыға қарайды. Біздің сынып осындай.


Назерке:

Ал, білек күштерін айтпақшы! Тек биылғы оқу жылында Мансур дзюдоға қатысып,мойнына 9-медальін жарқырата тақты.


Досжан:

Жұдырықтасып,бокстан ауданнан екінші орынды жеңіп, мақтау қағазымен марапатталды.

Сонымен, алдарыңда өнерлі балалар 4 «Ә» сынып.


Қадір-Али: Ал, өнерлері ше?

Бәрі шетінен өнерлі, осы 4 жыл ішінде қатыспаған бірде іс шара қалмады. Бәрінен де I- орын аламыз. Әуелі биыл мектепішілікті қойып, бүкіл бастауыш сыныптар арасынан біздің сыныптың оқушысы ғана Қоқыш Досжан Мұқағалиға арнау жазып, аудандық мақтау қағазымен марапатталды.


Көрініс№1 (көрініс көрсету.) Ендеше келесі кезекте «Қария ақылы» көріністі тамашалаңыздар.


Бекмырза мен Арман:

«Ата мен бала» .


Арман:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата:

-Арман дегеніміз – ақыл-ойдың шындығы.

Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді,

Қыз көрікті болсам дейді,

Ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді,

Ақыақ бұл өмірден түңіліп өтеді

Ата: (Бекмырза)

-Ал сен айтшы осы

Дос табу оңай ма?

Арман:

Ата, дос табу өте оңай, мектептегі оұушылардың бәрі дос!

Бекмырза:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын! Досың ақылды болса өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың

Бекмырза:

-Ал, Арман сен білесің бе?

Үйдегі алтын қазығың кім?

Арман:

-Ата, үйдегі алтын қазық... ол-ақша шығар?

Бекмырза:

-Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық- Ана. Ана ақылды болса бала дана болады. Ана- ақылшың, Әкең-қамқоршың,Ағаң-қорғаушың, Інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.

Бекмырза:

-Өмір сүру үшін не қажет?

Арман:

-Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

Бекмырза:

-Жоқ, балам, адам өмір сүру үшін су, от, тұз,қыз, ақыл қажет. Су –тіршілік,от-өмір, тұз- дәмді, қыз-- сән,ақыл өмірдің нәрін береді.

Бекмырза:

-Адамға ақыл беретін кімдер?

Арман:

Олар менің достарым ғой.

Бекмырза:

-Жоқ балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз,досы. Ата-ана ақылын баласына айтады. Ұстаз шәкіртіне айтады.достықтың көзі ақылдан басталады-депті қарт.


Мен: «Бастауышым балбұлағым» атты слайдқа назар аударайық (3мин)

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден!

Ән мен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың

Бимен шашу шашайық


Вальс:

Қадір-Али:

Жамандықтан сақтандырған

Жақсы істі мақтан қылған

Білім берген ұстаздарды

Өнерімен мақтан қылған

Тағы да бір «Өнерлі бала» көріністі қарсы алыңыздар! Ортаға Самал ,Назерке, Медина мен Мансур шығады.

Көрініс:

Өнерлі бала. Қатысушылар: үш бала, үш ана,қария кісі.

Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.

-Керемет өнерлі ұлым бар

Назерке:

-Әй, соны да айтасың ба?

-Менің ұлым спортты жанындай сүйеді, өзі шымыр, қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

Самал, сен неге үндемейсің?

Медина:

Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

(Қуаныш,Мұхамед, Самат) үш бала жүгіріп келеді. Бір бала айқайлап ән салады, екінші бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді, үшінші бала

-Ана, саған көмектесейін,- деп шелегін алып кетіп қалады.

-Ата, қайсымыздың баламыз өнерлі?

Мансур:

-Мен өнерлі бір ақ баланы көрдім, ол анасына көмектескен бала. Ол пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп, жазылған хадисте. Өнерлң бала Анасына жаны ашыған бала дер едім.


Қуаныш:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан

Рахмет Ұстазым, көзімді ашқан

Біз- шәкірт, Біз- Отанның болашағы

Білімнің басқышына қадам басқан

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлаңымда сыңғыр қағып,


Ән «Мектебім»

«Ғажайып алаң» (слайд) қазақ тілі, ана тілі, матем сұрақтар.


«Ойлы болсаң озып көр!» ойыны.

Қазақ тілі

1.Біріккен сөз нені білдіреді? (Екі түбірден құралған, бір ғана мағнаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді)

2.Сұлу сөзіне мәндес сөздерді ата?(келбетті, көрікті, әдемі,ажарлы.)

3. «Көз сүріну» тіркесінің мағнасын түсіндір(көз алмау, қатты қызығу)

4.Артық сөзді тап.

Сулы, балықты, оқушы, білім, асқазан(асқазан сөзі, себебі ол күрделі сөз, екі сөздің бірігуі арқылы жасалған)

5.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

Ана тілі

6.Мақалды аяқта.

Тіл-аса қадірлеп... (ұстайтын байлық)

7. Мәтін түрлерін ата.(әңгімелеу мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні)

8.Мұғалім:

- Балалар, ненің суреті шықты.

- Жетіқарақшы

9.Темірқазықтың қандай пайдасы бар? (Адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, солтүстікті анықтаған екен)


10.Математика

1)Шама деген не? (Шама заттың немесе құбылыстың қасиетін анықтайды)

2)Көп таңбалы сандарды неше тәсілмен салыстыруға болады? (2тәсілмен 1-қатардағы алып тұрған орнына қарай, 2- сәйкес разрядтары бойынша)

3)Теріс емес бүтін сандар деген не?(Нөл саны мен барлық натурал сандар, теріс емес бүтін сандар)

4)9687= разрядтық қосылғыштарға жікте 9000+600+80+70

5)Көбейтудің қасиеттерін ата.(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)


Дүние тану.

1.Қорғасын мен мырыш қосылып нені құрайды? (полиметалл кенін құрайды)

2.Еліміздегі ең терең көл. (Байкал)

3.Ауаның түсі қандай? (Түссіз, мөлдір)

4.Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі қалай аталады? (Глобус)

5.Құрлықтың жан-жағынан мұхиттармен қоршаған ірі бөліктері қалай аталады? (материк)


Ән: «Бол жанымда» би жігіттер тобы.

Мен:Біздің сынып оқушылары бәрі өнерлі. Олар мектептегі сабақтан тыс түрлі үйірмелерге қатысады.

1.Медина,Назерке- еңбек үйірмесі-аппликация, сурет.

2.Салтанат, Мансур-әр тілде мәнерлеп оқу.

3.Мансур,Қуаныш-ДЗЮДО

4.Мұхаммед,Досжан-Бокс.

5.Арман- Таэквондо

6.Бекмырза, Санат-Футбол.

7.Қадір-Али, Мансур-Ағылшын, көрініс.


Би: «Марина Магдалена»

Қадір-Али:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз- ғалым толастамас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де

Біз сіздерді ұмытпаймыз ешқашан!


Назерке:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұразыз Замзагүл Мариповна амандасып,

Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,

Барамыз болашаққа қадам басып.


Салтанат:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңіліңнің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті кең пейіл

Клара апай осындай


Арман:

Кейде жылы мінезіне қызығасың

Кейде ашусыз мінезіне табынасың

Күліп жүрер үнемі Лена апай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың


Мұхаммед:

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкірттерді баулыдың тәртіпті ғып,

Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен

Шәкіттердің алғысын өзіңізге айтып тұрып,

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан

Құралай апай өзіңізді

Сыйлаймыз біз жақсы көріп!


Мансур:

Бала шақта болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетіп сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Бар болыңыз психолог Асия апайымыз


Қуаныш:

Қош келдіңіз Несіпті апай

Жүзіңізден меіріммен нұр тамар

Алдыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Салауаттану мұғалімі

Несіпті апайға арналады бұл гүлім


Самал:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой –сананы.

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі

Қасымызда қашан да

Қамқор болып жүреді

Бақытгүл апай


Досжан:

Бұл салтанат ұуаныш баршамызға

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып қошеметтеп құттықтайық

Әр кезде биязы, өзі әдемі

Орыс тілі пәні мұғалімі

Қапуза апай


КВН

Тілші мен әншінің әңгімесі.(Назерке, Досжан)

Назерке:- Сайлауға барып даус бердің бе, Досжан?

Досжан: Жақында жеке концерт бермекші едім, дасымды соған сақтап жүр едім.


Құрбылар әңгімесі.(Санат, Самал)

Самал: Кеше мен теледидардан арыстандар туралы көрдім. Олар әбден тойып алып күніне 15 сағат ұйықтайды екен.

Санат:Е-е-е, олар да сен сияқты екен ғой!


«Сыр шерткен құрбылар»(Қуаныш, Медина)

Қуаныш: Енді менің бетіме безеу шықпайтын болды.

Медина:Қалайша?

Қуаныш: Бос орын қалмады.


Салтанат, Бекмырза.

Салтанат:Бекмырза, сен ана тілден «Жайлау» тақырыбына шығарма жаздың ба?

Бекмырза:Ия, жаздым.

Салтанат:Не деп суреттедің «Жайлауды»?

Бекмырза: «Жайлау» деген өте дәмді сары май. Мен оны күнде нанға жағып жеймін.


Үйлену:

Досжан:Балам сен өскенде кімге үйленесің?

Қуаныш:Әжеме.

Досжан: Әй, ол менің мамам ғой?

Қуаныш: сен де менің мамама үйлендің ғой?


Клоундар кіреді, шар, доп, сыйлық береді. 1көрініс көрсетеді.


-Нашар оқитын оқушының сөмкесіндегі ұнамсыз зат?(күнделік)

-Сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады?(подсказка)

-Мектептегі басты адам?(оқушы)

-Мұғалімдер күні тойланатын ай?(қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады ,ол не?(қоңырау)

-Қалам мен қарындаштың үйі?(пенал)

-Әріптер жиыны?(алфавит)

-Балалар білім алатын жер?(мектеп)

-Бұрышсыз фигура?(шеңбер)

-Түнгі жарық?(ай)


Қадір-Али:

Келесі кезекте 3«Ә» сыныпта үздік оқып жүрген қарындасымыз Диана мен Санатты ортаға шақырамыз. Бастауыш сыныптың білім кілтіненді сендерге табыс етеміз!

(Соңымыздан еріп келе жатқан 3сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі Салтанат пенБекмырза береді.)


Досжан:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Санат:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.


Салтанат:

Білімнің қайнар бұлағы

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің, мектебім.

Шәкіттің асыл қырағы

Мектебім-мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

Бастауышым -балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін




Мансур:

«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» -деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Саналы оқушы өзінің алтын ұя мектебін, алғашқы ұстазын ешқашан ұмытпайды, ендеше

«Мектепке сағыныш» әні, қабыл алыңыздар! Алдарыңызда 4 «Ә» сынып және біздің ең алғашқы аяулы ұстазымыз!


Қадір- Али:

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені мәлім. Ендеше ортамызға өзіміздің аяулы ұстазымызды шақырамыз!


«Ұстазым» әні өзіңізге арналады. (Хор)

Ән соңында Ракета жанына келіп тұрамыз. От шашу.Ракетаның ұшып кетуі.


Мен:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік-шәкіттерім ертеңіңе.


Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге міңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздерңнен!


Қадір-Али:

Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау

Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,

Шындық та осы япыр-ау!

Бастауыш сынып бойынша

Соңғы қоңырау соғылды.


Ракета!


Сөз мектеп директоры Замзагүл Мариповнаға беріледі.

Ата- ана қазақ радиосының бас дикторы, журналист Нәлібай Гүлмира және Айданаға беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым

Автор: Мирманова Айнаш Ашимбек?ызы

Дата: 18.10.2015

Номер свидетельства: 240888


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства