kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, бастауыш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс сабақ 4 сыныпта бастауышпен қоштасуға арналған. Мұғалімдерге арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, бастауыш»

«Бастауышым -балбұлағым»

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімінің негізі болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш мектептен алған білімдерін,өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қанатты сөздер, шарлар, слайд

1-ж

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда- деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-ж

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар,қымбатты ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біз білімнің негізгі іргетасы болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарымызды қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұрмыз.

3-ж

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да

Мұндай күй болған бәлкім баршаңыз да

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық

Өрендер келсін қане, ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып оқушылары ортаға келеді.

4-ж: Сіздердің алдарыңызда тұрған біз-4 сынып оқушылары,осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірттерміз.

1-ж Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді екен. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкі балалық шақтан басталады.

2-ж Міне, бүгін біз, бүлдіршіндер, өмірімізге өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымызмен және аяулы да ардақты алғашқы ұстазымызбен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі тұрмыз. 3-ж Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірден өз жолымызды табуға жол сілтеген ұстаздарымызға, ата-аналарымызға бас иіп алғысымызды айтамыз.

4-ж Бастауышым, алғаш маған білім берген Ілімнің жауқазындай гүлін терген Осы ұя әрқашан да ыстық маған

Ұстазымның жаншыр үніменен

1-оқушы

Бала шаққа болашақты жырлатып

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

2-оқушы:

Армысыздар, әкелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

3-оқушы:

Армысыздар, өр тұлғалы әжелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер! 4- оқушы

Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді, Атын атап ақын оны жыр қылды. Сол күнменен қатар туған сәбилер, Кішілерге аға болып үлгерді.

5- оқушы Болашағы жайнаған бақ тұғыры. Бұл да болса қазақтың мықтылығы. Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел, Жиырма бес жылға қыр асып шықты міне. 6- оқушы

Сен әкелдің шаттығымды, Ата-бабам армандаған бұл күнді. Тәуелсіздік өркендесін, Бақытпенен қауыштырған жұртымды! 7- оқушы:

Тәуелсіздік – Менің байтақ Отаным. Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі, Тәуелсіздік – ақ батасы атамның.

Ән: «Атамекен»

8- оқушы

Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл ән- жырым!

Мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

9-оқушы:

Ақтанберді осы менің мектебім, Білім алып, бір өзіңде көктермін. Жаны жайсаң, кең пейілді, ұстаздар Алғысымыз өздеріңізге айтар көп біздің Ооқушы:

Ән: Мектебім.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстазымыз екені бәрімізге мәлім. Ендеше келесі жүрекжарды өлеңдерімізді алғашқы ұстазымыз Бақыт Жақыпқызына арнаймыз

Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, ұстаз өсіреді» деген екен.

Оқушы:

Бәрі:

Мың алғыс сіздерге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: Ұстазым.

1-Ж:

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

2-ж

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана,

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сенде ғана –

дегендей Ана деген –дүниенің алтын кілті, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямай, түн ұйқысын төрт бөлген ардақтысы, асылы.

3-ж

«Ана» - үш әріптен тұратын жалғыз ғана сөз. Дегенмен, осы үш әріптің астарында қаншама ой, қаншама толғаныс, қаншама асыл сөздер жатыр десеңізші... Ана – ешбір алтын, күміспен де, тіпті әлемнің байлығымен алмастыруға келмейтін асыл да қасиетті ұғым. Себебі, Ана – әр адамда біреу-ақ.



4-ж.

Ананың таусылмас махаббатына. құдіретіне тамсанған талай ақын ән арнап, жыршы жыр жазып кеткен. Тіпті осы ақын-жазушылар да, ел қорғаған батырлар да,талай-талай асылдар да осы Анадан туды емес пе?!

1-ж

Ендеше, батырларды да, ақындарды да, дүниеге әкелген, Жер бетіне жақсылық нұрын шаша жүретін асыл жандарымыз аман-сау болсын!

2-Ж:

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген , – дегендей әкенің орны бөлек-ау.

Оқушылар:

3-Ж:

Әр ана өз баласын мейрімді болса екен, жақсы оқы, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда, ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

4-Ж:

Иә, дұрыс айтасың. Біз болашақта саналы да, ақылды да, бала болып өссек ананың арманы орындалады деген осы емес пе?

Оқушылар:

Ән: Аналардың тілегі

1-Ж:

Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая баршамызды қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.

Сөз мектеп директоры Бекова Құралай Артықбаевна беріледі.

2-Ж:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Білім сапасы мен ҰБТ- ны ойлап көңіліңіз жүдеді ме,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де –дей отырып сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Жилкайдарова Айнаш Кайырбековнаға береміз!

3-Ж:

Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап

Келді ата-анамыз.

Кезекті беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз.

Келесі құттықтау сөзді 4-сынып оқушыларының ата-аналарына береміз.

4-Ж:

Келесі кезекті өнерге берейік. Құлақтан кіріпп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен, менше сүй.

Концерттік номерлер:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Мұғалім:

Бастауышты тауыстың,

Жоғарыға ауыстың.

Құтты болсын қадамың,

Озаты бол заманның.

Биік болсын білімің,

Біреуі бол ірінің.

Флешмоб

Осымен бүгінгі ертеңгілікті аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қош бол, бастауыш

Автор: Сабырбаева Бахты Жакуповна

Дата: 12.11.2016

Номер свидетельства: 358147

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол бастауыш мектебім "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-bol-bastauysh-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "141495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418132781"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?ош бол, бастауыш."
    ["seo_title"] => string(19) "k-osh-bol-bastauysh"
    ["file_id"] => string(6) "312972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459422021"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Қош бол, бастауышым!"
    ["seo_title"] => string(21) "k_osh_bol_bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "421858"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1497466293"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(55) "sabak-tyn-tak-yryby-k-osh-bol-bastauyshym-bal-bu-lag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "240888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445154078"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства