Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі апталығы "Қазақ тілінің үздіктері"»
Қазақ тілінің үздіктері
Мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. Оқушыларды тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге үйрету,өз еліне,ұлтына деген сүйіспеншілікті ояту,ұшқыр ойлауға,жылдам сөз саптауға дағдыландыру. Оқушылардың әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндері бойынша алған білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру Оқушының ойлау қабілетін , тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Қазақ тілінің білгірлері,көңілді тапқырларды анықтау.
Сайыстың барысы: -Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі біздің «Қазақ тілінің үздіктері» танымдық ойын-сауық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа 5,6,7,8,9- сыныптардан құралған жұптар қатысады. Яғни, екі оқушыдан құралады. Олар қазір алдарыңызда күш сынасып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетпекші. Олай болса сайысымызды бастайық.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
Қызық сұрақтар
Мағыналы суреттер
Тапқыр болсаң, шешіп көр
Бәйге
Ғажайып сандар
1.Қызық сұрақтар
Ерді не өлтіреді?
Қыз өссе кімнің көркі?
3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақ Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай? 4. Жеген сайын жылататын нәрсе? Таяқ
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? Алма ағашында
Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не? жол
Үлкен шар басып кетпеуі үшін кішкентай шарды бөлменің қай жеріне сақтау керек? Үйдің бұрышына