kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының Тәуелсідігіне 25 жылдағана арналған ашық тәрбие  сағаты.   7 сынып оқушыларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл"»

Сабақтың түрі: телекөпір. Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».

«Мен – өз Отанымның патриотымын»

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы.

Кіріспе сөз.

Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз.

Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайы

«Өткен шақпен» байланыс.

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы арпалыстың азапкерлері мен қаhармандары ойға оралатыны сөзсіз.

2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.

4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды.

5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.


6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б.

7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар.

8. Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері.


«Осы шақпен» байланыс.

1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!)

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Мен айғақпын, ұстамын ертегіге,

Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіәме.

2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш.

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы.

4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі.

Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз.

5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды.

6. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық.

- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді;

- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті;

- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді;

- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды;

- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды.

7. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды.

Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды.

Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді.

Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.

Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары.

8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.

«Болашақпен» байланыс.

Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?

1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз?

Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.

2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар.

3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз.

Қиял-эссе оқылады.

4. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, келешегі.

Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен.

Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады.

5. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді.

Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар.

Патриот- дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?

Мирза Фатали Ахундов

Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.

Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.

Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік,

инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, тиімді жұмыс жасай білуге дағдыландым. Бүгінде мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім беру жолында жұмыс жасап жатырмын. Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін. Туған жеріміз Сырдың бойынан небір абыз – жыраулар, белгілі тұлғалар, сөзі өткір, орақ тілді би- шешендер дүние табалдырығын аттаған. Бірақ, өкінішке орай олардың барлығын бірдей балалар біле бермейді. Мысал ретінде өзіміздің Қармақшы ауданындағы «Төребай би» аталатын ауылды алып көрелік. Төребай би ауылын барлығы білсе де Төребай бидің қандай тұлға болғандығын, қандай қызметтер атқарғандығын біле бермейді. Сыр өлкесіне танымал қайраткер Төребай Пішанұлы соңғы кездері ескерусіз қалып барады. Бидің көзін көрген, сөзін тыңдаған, ол турасында есітіп білгендердің қатары сиреуде. Осы жайтты ескере маған неліктен Төребай би туралы оқушылармен іс - шара өткізбеске деген ой келді. Иә, балалар ұйымдастырылған шараға үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс – шара соңында оқушылардың пікірін сұраған болатынмын. Сонда №26 мектептің 8 сынып оқушысы Ікрамова Ақшолпан: « - Бүгінгі шара маған ұнады. Ешкім әлі өтпеген, ешкім тани білмейтін Төребай би жайлы маңызды іс - шара өтілді. Ол кісі жөнінде көп мәлімет білдік. Келер іс – шараларда да ешкім тани білмейтін тұлғалар жайлы өтсек» - деген ұсынысын білдірді. Төребай Пішанұлының шыққан ортасы, жасынан намысқой, сөзден де, істен де ақысын жібермейтін батыл, қайсар жігіт болып өскендігі, ел арасында көптеген дауларды шешкендігі, болыстық қызметіндегі халықтың тұрмысын жақсарту, той, ас басқару, өнерге баулу, егін егу, ағаш отырғызу,отырықшылыққа үйрету,салт-дәстүрді дамытудағы еңбегі туралы білген оқушылар ізденіс жасаудан жалықпайды. Алдағы уақытта да алған бағытымнан таймай, бар күш – жігеріммен жұмыс жасай бермекпін. Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жас өрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкім келеді. Балалардың ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, қоғамдық іс – шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туған елін, туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам – ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.

Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек – менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен тәуелсіз Қазақстан атты елде тұрамын. Белгілі орыс ақыны, жазушы Илья Эренбург «Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды», - деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай, ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да, марқая да айтсақ болады емес пе?!

Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық.

«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

Қорытынды.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

Әнұран орындалады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл"

Автор: Кoпбаева Нұрбала Серикқызы

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 360936

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл."
    ["seo_title"] => string(56) "k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_2"
    ["file_id"] => string(6) "416725"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495122873"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(295) "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі."
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdik_kuninie_arnalg_an_ieghiemiendi_bolmai_"
    ["file_id"] => string(6) "435910"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509518788"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Ашық тәрбие сағаты "Қазақсатан Республикасының 25 Тәуелсіздігіне жыл""
    ["seo_title"] => string(77) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_k_azak_satan_riespublikasynyn_25_t_uielsizdighinie_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "381357"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484840720"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тәуелсіздікке 25 жыл"
    ["seo_title"] => string(23) "t_uielsizdikkie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "356631"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478606010"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства