kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Қазақсатан Республикасының 25 Тәуелсіздігіне жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ашық    тәрбие  сағаты  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне 25  жыл  арналып  өткізілген. Еліміздің  төл  мерекесімен  құттықтаймыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Қазақсатан Республикасының 25 Тәуелсіздігіне жыл"»

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».

.Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».  толуына орай өткізілген «Кітап білім бұлағы» оқырмандар сайысы
Мақсаты: Кітап- білім бұлағы, кітап- білімнің қайнар көзі, онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігін, кітап қана дәл мәнді білім беретінін, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейтінін, отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тағылымы мол тарихи еңбектер» атты тарихи кітаптар, слайдтар, желтоқсан құрбандары, ақын жазушылар кітап көрмесі. 
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар оқушылар! Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы-кітап екенін бәріміз жақсы білеміз Еліміздің оқушылары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқумыз керек.
1-жүргізуші
Армысыздар қадірменді қонақтар, дарынды балалар, жас оқырмандар. «Кітап білім бұлағы» оқырмандар сайысына қош келдіңіздер

Оқырмандар сайысы 4-бөлімнен тұрады

1.Таныстыру

2. Өздері оқыған кітаптардан өлең шумақтарын жатқа айту

3.Сұрақтарға жауап беру

4. Өнер сайысы (Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына өздері салған суреттерін көрсету)



Биіктетер білімнің ақ ордасын,

Мерекең құтты болсын оқырманым!

Қол соғып қошаметпен қарсы алайық,

Келешек ғалымдар мен даналарды!

Қарсы алайық жаңа ғасыр перзенттерін,

Көшбасшысын, керемет кемеңгерін,

Ерен ел қазағымның төрелерін.

Ішінде әнші де бар, ақын да бар

Хас талант, қасиетті дарын да бар,-дей келе оқырмандарды ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші:

Ақыл-көрік бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді,

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді, оқырмандар өздерін таныстырады.



1 оқырман

2 оқырман

3 оқырман

4 оқырман

5 оқырман

6 оқырман

7 оқырман


Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.



Оқырмандар жатқа өлеңдер оқиды. 



1-жүргізуші: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 

Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 

.

2-жүргізуші:

Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: Ештеңе де ұмытылмайды


1-жүргізуші:

1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме. 
2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 



2-жүргізуші:

.«Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық.

1-жүргізуші:


Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, . cыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда кітап оқиық. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемнің тылсым табиғаттың жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған.
Ал біздің үздіктер қалайсыздар,

Сіздерге әлі алда талай сын бар.

Келесі сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік. Әр оқырман сұрақтарға тез, әрі нақты жауап беруі керек.

1-оқырман

  1. Астана қаласы қай жылдан бастап, Қазақстан Республикасының астанасы болды? (1998ж)

  2. Н.Ә .Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (1желтоқсан 1991 ж)

  3. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі (Томирис)

  4. Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация)

  5. Мемлекеттің негізгі заңы (Конституция)

2-оқырман

  1. Қазақстан Респукбликасының Тәуелсіздік күні (16-желтоқсан)

  2. 1975жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы кім ? (О. Сүлейменов)

  3. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта теңге қашан айналымға түсті? (1993жылы 15- қараша)

  4. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім ? (І. Есенберлин )

  5. Қазақстан Республикасының премьер –министрі кім? ( Б. Сағынтаев )

3-оқырман

  1. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма ( М Әуезовтың «Абай жолы» )

  2. Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті кім? (Қаныш Сәитбаев )

  3. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім ? (Қ.Мұңайтпасов )

  4. Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы (тіл)

  5. 2010 жылы Қазақстан Республикасы үшін несімен ерекше жыл болды?(Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті).

4-оқырман

  1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989жылы).

  2. 1912жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?(А.Байтұрсынов)

  3. Шығыстың қос шынары кім ?(Ә.Молдағұлова, М.Мәметова )

  4. Оқушының алғашқы кітабы (Әліппе)

  5. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев)

5-оқырман

  1. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің ? (М.Әуезов, М.Мағауин )

  2. Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білесің ? (М.Әуезов -50 томдық)

  3. Қазақ халқының бес арысын ата (Ш Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов)

  4. Болгариядағы конкурста «Әлия » әнімен бас жүлде алған әнші кім?(Р. Рымбаева )

  5. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі )

6-оқырман

  1. Қазақтың үш бәйтерегі (Ілияс , Сәкен, Бейімбет)

  2. Қандай балалар ақын-жазушыларын білесіңдер? (Б, Соқпақбаев, М.Қабанбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Құрманалин, Т. Нұрмағанбетов, К. Толыбаев )

  3. А Құнанбаевтің бір өлеңінен үзінді оқып бер .

  4. Жеті жарғы заңдар ережесін кім шығарған?(Тәуке хан )

  5. Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз? (Оқырман формулярынан )

7-оқырман

1.Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? (Қыстырма сөз)

2. Кітап кім үшін жазылады? (Оқырман үшін)

3. Бірінші қыркүйек қандай күн? (Білім күні)

4.Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер ?

5. Қандай көркем әдеби кітаптар оқыдыңдар?



2-жүргізуші:

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.



 1-жүргізуші:

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы тойлануда. Осы айтулы мерекеге орай оқырмандарымыз өздері салаған суреттерін ұсынады.

 1-жүргізуші:

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынамызды оқиық. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Кітап оқу адамға өте пайдалы. Кітапты адам көп оқыса тілі оңайырақ жаттығып кетеді. Кітап -алтын қазына. Кітапты көп оқыған адам білімді болады деп сайысымызды аяқтағым келеді.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз

Қорытынды. Оқырмандарды номинациялар бойынша марапаттау.



Кітапханашы:

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай 25-кітап оқиық сөзімен аяқтағым келеді.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Қазақсатан Республикасының 25 Тәуелсіздігіне жыл"

Автор: Ауелбекова Индира Айтугаевна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381357


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства