Просмотр содержимого документа
«Интеллектуальная игра «Асыл қазына»»
Интеллектуальная игра «Асыл қазына»
Открытое мероприятие на тему: «Асыл қазына» (для подведения итогов работы факультатива «Традиции и обычаи казахского народа»).
Тақырыбы: «Асыл қазына»(факультатив сабақтарын қорытындылауға арналған ашық тәрбие сағаты).
Максаты: Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты окушы бойына дарыту. Окушылардың шығармашылық кабілетін арттыру. Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Окушыларды тіл мәдениетіне, әдемілік пен әсемдікке, еңбексүйгіштікке баулу және рухани құндылықты қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Факультатив сабақтарында алған білімдерін пысықтау.
Іс-шараныңтүрі: жарыс(интеллектуалды ойын).
Кіріспе сөз.
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырып отырған «Асыл қазына» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
2-жургізуші: Халқымыздың ғажап, орасан бай салт-дәстүрлері соңғы біршама жылдардың ішінде адам санасынан еріксіз өшіріліп, біржола ұмытылып кете жаздады.
1-жүргізуші: Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек-жеңімізді колға алдық. Ғасырлар бойы қалыптасып, халқымызбен бірге жасасқан ұлттық салт-дәстүріміз азаматтарды, әсересе, жас ұрпакты имандылыкка, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы. Ойынымыздың нысанасына ұлттык салт-дәстүрді алып отырғанымыздың бірден-бір себебі — осы десе де болады.
2-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын талапкерлердің ойынына әділ бағасын беретін сарапшылармен таныстырайық (представление жюри).
Жұматаева Ғалия Ахметовна – құрылыс және тау-кен мамандықтар бөлімінің меңгерушісі;
Хайруллина Светлана Михайловна – кітапхана меңгерушісі;
Бикторова Венера Геннадьевна – ө/о шебері.
1-жүргізуші: Топтарымызды ортаға шақырып, өздерін таныстыруын өтінеміз. Сонымен, бірінші кезең «Танысу» деп аталады.
2-жүргізуші: И так, первый тур нашей игры – «Танысу». Участников просим на сцену.
1-жүргізуші: Сайысты бірінші болып қай топ бастайтынын анықтау үшін асық иіреміз. Кімнің асығы алшасынан түссе, ойынды сол бастайды. Ол үшін әр топ капитаны шығып, асық иіреді.
1-жүргізуші: Чтобы выяснить, кто первым начнет игру проведем жеребьевку. Для этого выходят капитаны команд и бросают асық. Чей асық упадет «алшасынан», тот и удостаивается начинать игру первым.
(капитаны бросают асыки)
«Шанырақ» тобының жетекшісі: Настя:
Басымды иіп, сәлем бердім,
Армысыздар, халайық!
Бұл сайыстың, құрбыларым,
Жұлдызы боп, жанайық!
Рұқсат болса, мына қыздарды,
Таныстырып қояйық.
Настя деген атым бар,
Он сегіз деген жасым бар.
Бәйгеде озып шығатын,
«Шаңырақ» деген тобым бар.
Мың бұралып билейтін,
Дойбыны да ойнайтын.
Валерия деген сұлу бар.
Сабақты жақсы окитын Юлия деген бір қыз бар.
Салмакты да сабырлы Люба деген тағы бар.
Ойын ойнап, асыр салған,
Наташа, Лера арулар.
Ұранымыз: «Жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма!»
«Аманат» тобының жетекшісі: Виктор:
Армысыздар, халайық !
Бүгін, міне, келіп тұрмыз ортаға,
Ынталанып, қатысуға сайысқа.
Ақыл, білім, бар өнерді алдарыңа көрсетіп,
Ел жетпеген биік шынға қол ұстасып барайық!
Тәрбиелі отбасында туған тұнғыш баламын,
Елге ерен еңбек етер ұлы болып туғанмын.
Лисаков колледжінде оқып жүрмін
Болашақта, электр монтерімін.
Атым - Виктор.
Анам қойды – «жеңімпаз» деген мағынада
Тобым аты - «Аманат»,
Жеңіп шықсақ, қанағат,
Ұтылып қалсақ, қап, ұят!
(Дальше участники представляют себя)
Ұранымыз: «Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат».
1-жүргізуші: Қазақ халқы — салт-дәстүрге бай, тілге шешен, тапқыр халық. Олар өздерінің дәстүрлеріне деген құрметті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — мақал-мәтелге сыйғызған.
2-жүргізуші: Осыған орай, екінші кезен«Мақал — сөздің мәйегі» деп аталады.
1-жүргізуші: И так, второй тур на знание пословиц и поговорок. Мы читаем начало пословицы, а вы их договариваете.
Пословицы-поговорки для команды «Шаңырақ»
Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес.
Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю.
Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда қазан жаңа.
Құтты қонақ келсе, Қой егіз табады.
Алты жасар бала алыстан келсе, Алпыстағы шал сәлем береді.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма.
Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер.
Қолыңмен істегенді, Мойныңмен көтер.
Көп ақымақтың ағасы болғанша, Көп ақылдының інісі бол.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма.
Қонақ жаман болса,Үй иесі қыдырар.Үй иесі жаман болса, Қонақ қыдырар.
Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды.
Көп сөз көмір, Аз сөз алтын.
Жыласуға көз жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
Естіген құлаққа жазық жоқ.
1-жүргізуші: Следующее задание для вас подготовил учащийся гр. СЗС-12 Клименко Илья . Попросим его на сцену.
Клименко Илья: Для каждой команды я подготовил по одному вопросу. Капитаны команд подойдите и возьмите из моего қоржына задания. Читаете свои задания и отвечаете в течении 1 минуты.
1-тапсырма – «Айдар», «кекіл», «тұлым» – что это такое, и чтообщего между этими обрядами?
2-тапсырма «КӨГЕНТҮП» или «Көгендік» что это за обряд?
1-жүргізуші: Қазақ халқы — сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдыретін түсініп, оны кастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапкыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың денін бойларына сіңірген сайыскерлеріміз келесі белімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.
2-жүргізуші: Следующий тур - «Ділмәр» конкурс капитанов. Капитаны за 5 секунд не мешкая, должны ответить на 10 вопросов.
Вопросы для Виктора
1. Сөйлей-сөйлей кім боласын? (шешен)
2. Әке көрген не істер? (Оқ жонар)
3. Ел болам десең не істеу керек? (бесікті түзеу)
4. Әжелердің ұлттық бас киімі (кимешек)
5.Жеті атасын білмеген кім? (жетесіз)
6.Орта жүздің атақты биі (Қазыбек би)
7.Барлық өнерден не күшті? (сөз өнері)
8. Ит өлген жер - қайда? (алыста)
9. Абысын тату болса не көп? (ас)
10. Әке-шешеңнің үйі саған (қара шаңырақ)
1-жүргізуші: Вопросы для Анастасии
1. Ерінбеген етікші болады, ал ұялмаған кім болады? (әнші)
Ананын көңілі балада,
Баланын көнілі неде? (далада)
Мен қазақпын мың өліп, мың (тірілген)
Жас келіннің бас киімі (сәукеле)
Ағаңа кім сай? (жеңгем)
Ұлы жүздің атақты биі (Төле би)
Өлең ненің патшасы? (сөздің)
Су жүрек адам – қандай? (қорқақ)
Құтты қонақ келсе не болады? (қой егіз табар)
Тәуке хан шығарған заң (Жеті жарғы)
1-жүргізуші:Халқымыз: «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю»- деп, оларға жаман әдет, жат қылық, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыру үшін көп көңіл бөлген. Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.
2-жүргізуші:Ал, сондай болса, келесі кезек «Тыйым сөздерайтысына»
беріледі.
Этот конкурс называется«Айтыс». Игроки из двух команд поднимают руки и по очереди говорят слова-запреты. Выигрывает та команда, кто больше назовет слова-запреты. Жюри и зрители внимательно следят, чтобы не было повторов.
1-жүргізуші: Это задание для вас приготовила Жуматаева Галия Ахметовна
зав. отделением строительных и горных специальностей.
Ғалия Ахметовна: У меня для вас текст, который, вы должны прочитать, перевести и назвать обычай, о котором идет речь.
Тапсырма для «Шаңырақ»
Мәтін
Той, мереке (мысалы: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп осы тағамды дайындайды. Бұл салт қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.
Тапсырма для «Аманат»
Мәтін
«Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш ретінде сый-сияпат ұсынады. Жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады.
1-жүргізуші: Командалар дайындалғанша музыкалық нөмірді тамашалайық.
(музыкальный номер)
2-жүргізуші: Следующий конкурс - Блиц-вопросы. И первой на вопросы отвечает команда «Аманат».
Вопросы для команды«Аманат»
Подарок за хорошую новость (сүйінші).
Приз, подарок, выиыгрыш с которым должен поделиться с окружающими (тәбәрік).
Подарок от жениха (кәде).
Подарок за обнову (байғазы).
Обряд перерезания пут (тұсаукесу).
Сладости проведенные через отверстие колыбели (тыштырма).
Вечеринка проводимая молодежью во время отъезда родителей (бастанғы)
Обряд в честь роджения малыша (шілдехана).
Обряд проводимый по истечении сорока дней с рождения (қырқынан шығару)
Как называется обряд вынашивания ребенка родившегося раньше срока (тымаққа салу).
1-жүргізуші: А теперь вопросы для команды «Шаңырақ». Дайынсыңдар ма?
Вопросы для команды«Шаңырақ».
Обряд проводимый в честь забеременевшей невестки (құрсақ шашу).
Обряд укладывания ребенка в колыбель (бесікке салу).
Сувенир, подарок привозимый издалека (с путешествия, с ярмарки и т.д.) (базарлық).
Животное зарезанное в честь роженницы (қалжа).
Обряд наречения (ат қою).
Девичник на казахском (қыз ойнақ).
Назови обряд обозначающий запрет (тыйым).
Подарок за смотрины (көрімдік).
Первая рубашка ребенка с завернутыми сладостями, который привязывают на шею собаке (иткойлек).
Пожелание, благославение (бата).
2-жүргізуші: Следующий конкурс называется –«Ойлан да, тап», и мы приглашаем на сцену Хайруллину Светлану Михайловну (зав. Библиотекой).
Хайруллина Светлана Михайловна: Капитаны команд выбирают из моей дорбы задание и вместе со своей командой с помощью мимики показывают заданные обряды, другая команда старается отгадать этот обряд.
1-топ: 2-топ:
1)сүйінші 1) көрімдік
2) тұсау кесу 2) қырқынан шығару
3) құлақ тесу. 3) бесікке салу
1-жүргізуші: Командалар дайындалғанша музыкалық нөмірді тамашалайық.
(музыкальный номер)
2-жүргізуші: И наконец последний конкурс нашей игры «Өнерлі өрге жүзер». В этом конкурсе вы должны по предоставленным реквизитам понять, какой обряд нужно показать и рассказать. Вам дается время на подготовку.
Покаучастники готовятся, вашему вниманию музыкальный номер
Музыкалык нөмір.
(Участники показывают свои обряды)
2-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші: А сейчас слово предоставляется жюри.
Марапаттау рәсімі.
1-жүргізуші: Бүгінгі ұрпаққа ата-бабаларымыз ұлан байтақ жерді, салт-дәстүрді аманат етіп қалдырды. Ал бүгінгі ұрпақ келер ұрпаққа салт-дәстүрді қалдырады. Ал, енді осымен, біздің ойынымыз да, өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенші сау саламат болыңыздар!