kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зерде интеллектуальная игра

Нажмите, чтобы узнать подробности


Саба?ты? та?ырыбы: Ителлектуалды ойын: « Зерде » зияткерлік сайысы
Ма?саты:
1. О?ушыларды? білімдерін жина?тап, тере?дету.
2. О?ушыларды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру, шапша?ды??а баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен ж?мыс істей отырып, ?згені? пікірін ??рметтеуге, ?йымшылды??а баулу.
К?рнекілік: ж?мба?тар, ?ле? жолдары, ?зінділер, презентация, интерактивті та?та, слайд,.
Т?рі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і.
1) Алдын ала та?айындал?ан топтарды ша?ыру.
2) ?діл?азылар ал?асын сайлау.
3) Сайысты? ма?сатымен таныстыру.
4) Топтарды? аттарымен, ?ранымен танысу.

Ойынны? та?ырыбы мен ма?сатымен (слайд) таныстыру.
Б?йгеге т?сіп жарыспай
Ж?йрікті? ба?ы жанар ма?
Білім мен ?нер жарысып,
Т?рбие, т?лім табар м?н.
Б?л б?йге ойды? б?йгесі
Кім ж?йрік ой?а, сол алда - дегендей, б?гінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс т?рінде ?теді. Осы уа?ыт?а дейін ал?ан білімдері?ді к?рсетіп, орта?а салы?дар.
Ойын?а 3 сыныптар арасынан 2 топ ?атысады. Ойын 7 айналымнан т?рады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас б?рын ?р топ ?зін,?ранымен таныстырады.
І-топ. Топты? аты – «С???ар»
?ранымыз: Білім алып б?гін алтын ?яда,
Ерте? ?лі шары?таймыз ?ияда.
ІІ-топ. Топты? аты – «Т?лпар»
?ранымыз: Асау т?лпар желдей ескен арынды,
О?у менен е?бекке сал бары?ды.
Енді ойынымызды? І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «?ш?ыр ой»
?р топ?а ?аза? тілі п?нінен 6 с?ра?тан с?ра?тар ?ойылады. Тез, жылдам, на?ты жауап беру керек.

«С???ар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топ?а б?лінеді? (2: жуан, жі?ішке)
2. Затты? ?имылын, іс-?рекетін білдіретін с?з табы ?алай аталады? (етістік)
3. С?зді? ма?ынасын ?згертетін ?осымша ?алай аталады? (ж?рна?)
4. Батыр с?зіне жуы? м?ндес с?зді ата. (ер, ?а?арман)
5. Жалпы есімдер ?алай жазылады? (кіші ?ріппен)
6. Хабарлы с?йлемні? со?ына ?андай тыныс белгісі ?ойылады? (н?кте)
«Т?лпар» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге б?лінеді? (3: ?ата?, ?я?, ?нді)
2. С?з бен с?зді байланыстыратын ?осымша ?алай аталады? (жал?ау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (затты? атын білдіреді)
5. Сан есімні? с?ра?тары. (?анша? неше? нешінші?)
6. Аласа с?зіне ?арсы м?ндес с?зді ата. (биік)
ІІ айналым «??пия санды?»
Б?л айналымда ж?мба? жасырамын, сендер ж?мба?ты? шешуін 2 тілде (?аза?ша, орысша) айтулары? керек. ?р топ кезекпен 1 ж?мба?ты о?ып, шешуін айтады.
(Слайдпен к?рсету, о?ушылар?а о?ыту)
1-топ: ?олы менен ?аламы жо?,
Біра? сурет салады к?п. (аяз – мороз)
2-топ: ?оймасын ?ыс а?тарып,
Жерді жапты а? мамы?. (?ар – снег)
3-топ: Бірін-бірі ?ошта?ан,
Бір ?йден к?рдім,
?ыры? екі дос-жаран. (?ріп – буква)
?рі ?арай кезектесіп о?и береді.
4. Ж??а та?тай б?лшегі,
?зынды?ты? ?лшемі. (сыз?ыш – линейка)
5. ?ал?иып екі ??ла?ы,
Еле?деп, ?ор?ып т?рады. (?оян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тыш?андарды аулайды. (мысы? – кошка)
7. Жеп к?ріп ем ?зім мен,
Жас шы?арды к?зімнен. (пияз – лук)
8. Б?ла?да?ан ??йры?ы,
Бір алдарлы? ?улы?ы. (т?лкі – лиса)
9. ?тте?, даусым, тілім жо?,
??ша?ымда білім к?п. (кітап – книга)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Б?л кезе?де ?дебиеттік о?удан ?лы а?ын-жазушыларымызды? шы?армаларынан ?зінділер беріледі. ?р топ?а 1 м?тін, 1 ?ле?нен ?зінді беріледі. ?зіндіні о?ып, оле?ні? атын ж?не авторын табу. (?р топ?а тапсырманы беремін, дайындалу?а уа?ыт беріледі)
1 – топ: «С???ар»

1. Терістіктен со??ан ыз?ыры? желді? лебі ?атты. Аспан мен жерді? арасы алай – т?лей а? т?тек. Мал да, жан да ы??а ты?ыл?ан. Ауа райыны? к?рт б?зылуына байланысты к?лікті? ?ай ба?ыт?а болса да ж?руіне ?зілді – кесілді тыйым салын?ан. ?ша? та, тік?ша? та ?ша алмайды. Ауданны? ?азіргі бар шаруасына ?айрат етіп т?р?ан К – 700 тракторлары ?ана.«Арпалыс» Зейнолла Ш?кіров

2. ?нер, білім бар ж?рттар,
Тастан сарай сал?ызды.
Айшылы? алыс жерлерден,
К?зі?ді ашып-ж?м?анша,

Жылдам хабар ал?ызды. «?нер, білім бар ж?рттар»Ы.Алтынсарин

2 – топ: «Т?лпар»

1. Со?ысты? со??ы са?аттары. Берлинде ?р ?й, ?р баспалда? ?шін ?атты шай?ас, ?ан т?гіс ?рыс ж?ріп жатыр. З?улім ?йді? т?ртінші ?абатында со?ысып ж?рген Ра?ымжанды батальон командирі подвал?а ша?ырып алды. Б?лмені? терезесінен о? борап т?р. Ж?ртты? б?рі ?абыр?алар?а жабысып, ?арсы жа?та?ы м?нарт?ан ?йден к?з алмайды.

К?кімжан ?азыбаев «Ту тіккен Ра?ымжан»

2. А? киімді, денелі, а? са?алды,
Со?ыр, мыл?ау танымас тірі жанды.
?сті-басы а? ?ырау, т?сі суы?,
Бас?ан жері сы?ырлап келіп ?алды. («?ыс». А.??нанбаев)

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елді?.
Белден асса?, алды?да бел к?рінсе,
?ызы??аннан келмей ме ж?ре бергі?.
Сонды?тан да келеді біле бергім
Білімдіні с?йерін білім елді?,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Ойлы болса?, озып к?р!»
Б?л айналым 2 б?лімнен т?рады. Математика ж?не д?ниетану п?нінен с?ра?тар беріледі. Бірінші математика п?нінен 2 топка 4 ден логикалык есеп беріледі. Ойланып, жауабын айтулары? керек. (Слайдпен к?рсетіп, о?ытып, жауабын ты?дау)
1 – топ: «С???ар»

К?лден ?шты 50 ?аз,
?айтып ?онды 20 ?аз
?онбады оны? нешеуі,
?ане кім тез шешеді? (30 ?аз)
Аулада 60 ?йрек,
?орада 20 ?йрек,
10 ?йрек ты?ылды
10 ?йрек жы?ылды,
?ал?аны неше ?йрек? (70 ?йрек)
11 т?йе, бес жыл?ы.
2 сиыр, бір ешкі
2 ?оян, ?ш т?лкі,
Неше болды барлы?ы? (24)

2 – топ: «Т?лпар»

Таба?та 55 алма
?олымда 5 алма
Барлы?ын ?ос?анда
Болады неше алма? (60 алма)
?олымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі ?алды ?зімде? (45 алма)
100 асы?ты? 30-ын,
Досым с?рап алды
Айтшы сонда нешеуі
?з ?олымда ?алады. (70 асы?)

«Ойлы болса?, озып к?р!» 4 айналым бойынша 2 б?лім
д?ниетану п?ні бойынша екі топ?а 4 ден с?ра?тар беріледі. 1 топ с???ар тобына. 2 топ?а.

5. Ойынымызды? келесі айналымы «Талапкер» деп аталады.

С?з м?йегін ж?мба?пен ?рнектеген,

Астарын с?з б?йдалап суреттеген.

?ш?ыр ой ?иялына жетелейтін,

Ж?мба? шешу кезе?іне кезек берем.

1 – топ: «С???ар»

Білімнен мол сый-асы,

Бал?ындарды? ?ясы. (Мектеп)

А?ыл-ойды? шыра?ы,

З?улім к?ктей шынары.

Биігіне бойла?ан,

?анбайды адам ??мары. (Білім)

Білімні? жол басшысы,

Ш?кіртті? ?олбасшысы М??алім)

?ыры? екі жауынгер,

Сапын т?зеп т?рады.

Б?лдіршіндер

?ауымды ел,

Сырын тере? ??ады.( Алфавит)

2 – топ: «Т?лпар»

?шымен ?азы?

Тор к?зді жазы?.

?стіне ?ттім,

Асыл с?з жазып. (Д?птер)

Білімні? д?нін тереді,

Бала?а т?лім береді. (?стаз)

К?міс алм?рт тілі бар,

Сы??ырла?ан ?ні бар.

Ша?ыратын білімге,

Са?аты бар, к?ні бар. (?о?ырау)

?абат-?абат ?аттал?ан,

Асыл с?збен аптал?ан.

Пара?ы бар с?йлейтін,

Ол ?азына ?лмейтін. (Кітап)

6. Айналым «Ма?ал с?зді? м?йегі» деп аталады.

Ойынны? шарты: Мен ма?алды? бастап?ы ?атарын айтамын, келесі жолды топ жал?астырады. ?р топ?а 4 ден ма?ал беріледі.
1 – топ: «С???ар»
1. ?з ?йім. (?ле? т?сегім)
2. Батыр туса ел ырысы,. (Жа?быр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шы?ады,. ?нер жастан шы?ады.
2 – топ: «Т?лпар»
1. Отан. (оттан да ысты?)
2. ?ылым те?із,. (білім кеме)
3. О?у инемен. (??ды? ?аз?андай)

7. Айналым «?ас - ?а?ым с?тте» деп аталады. Екі топ?а 10 с?ра?тан беріледі. Осы с?ра?тар?а на?ты жауап беру керек.

1 – топ: «С???ар»

1 2 ?абат пен 5 ?абат ?йді? ?айсысы биік?

2.     ?шб?рыш пен д??гелекті? ?айсысында б?рыш к?п?

3.     “Орман д?рігері”?

4 ?ой ?алай дыбыстайды?

5 6  алманы?  екеуі желініп нешеуі ?алды?

6 Биені? с?ті ?алай аталады?

7 ?ызыл т?сті жемістерді ата?

8 Банан т?сі ?андай?

9.     ?ш саныны? к?ршісі?

10 Екі к?шікте неше ??ла? бар?

2 – топ: «Т?лпар»
1 Екі мысы?та неше ая? бар?

2 ?оян ?ыста неге а? болады?

3 А? патшасы не?

4 Шыршаны? т?сі ?андай?

5 9 шарды? біреуі жарылды неше шар ?алды?

6.     Ит ?алай дауыстайды?

7 ?арбызды? т?сі ?андай?

8 9 саныны? к?ршісі?

9 Кітаппен д?птерді? ?айсысы ж??а?

10 Е? ?лкен балы? т?рі?

?орытынды:
О?ушыларды? ты?дау ж?не есте са?тау ?абілеттері ар?ылы сайыс тапсырмаларына на?ты жауапты ойлылы?пен айта білетіндіктері бай?алды. Жан-жа?ты білім танымдылы?тары ар?ылы ізденіс, талпыныс м?мкіндіктері к?рінді. С?йлеу да?дылысы,тіл м?дениетінде на?ты жауап беру ?ш?ырлы?ы сыналды. Бірін - бірі ты?дай біліп, ба?алай білетіндіктері де бай?алды. О?ушылар ?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рін ?адір т?тып, адамгершілік ?асиеттерге ие болды. Же?імпаз топ аны?талып мектеп ?кімшілігінен ма?тау ?а?азы тапсырылды. Жеке о?ушылар?а да аты аталып, ма?тау ?а?азы тапсырылды.Б?гінгі сайыс?а ?те жа?сы ?атыс?андары? ?шін сендерге, ?она?тар?а к?п рахмет айтамыз. Осымен ойын ая?талды. ?діл?азылар ал?асына береміз кезекті. Марапаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зерде интеллектуальная игра»


Сабақтың тақырыбы: Ителлектуалды ойын: « Зерде » зияткерлік сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 сыныптар арасынан 2 топ қатысады. Ойын 7 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен 6 сұрақтан сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

«Сұңқар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде әдебиеттік оқудан ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 мәтін, 1 өлеңнен үзінді беріледі. Үзіндіні оқып, олеңнің атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1 – топ: «Сұңқар»

1. Терістіктен соққан ызғырық желдің лебі қатты. Аспан мен жердің арасы алай – түлей ақ түтек. Мал да, жан да ыққа тығылған. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты көліктің қай бағытқа болса да жүруіне үзілді – кесілді тыйым салынған. Ұшақ та, тікұшақ та ұша алмайды. Ауданның қазіргі бар шаруасына қайрат етіп тұрған К – 700 тракторлары ғана.«Арпалыс» Зейнолла Шүкіров

2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды. «Өнер, білім бар жұрттар»Ы.Алтынсарин

2 – топ: «Тұлпар»

1. Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр. Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды. Бөлменің терезесінен оқ борап тұр. Жұрттың бәрі қабырғаларға жабысып, қарсы жақтағы мұнартқан үйден көз алмайды.

Кәкімжан Қазыбаев «Ту тіккен Рақымжан»

2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. («Қыс». А.Құнанбаев)

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл айналым 2 бөлімнен тұрады. Математика және дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі. Бірінші математика пәнінен 2 топка 4 ден логикалык есеп беріледі. Ойланып, жауабын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1 – топ: «Сұңқар»

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

2 – топ: «Тұлпар»

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

«Ойлы болсаң, озып көр!» 4 айналым бойынша 2 бөлім
дүниетану пәні бойынша екі топқа 4 ден сұрақтар беріледі. 1 топ сұңқар тобына. 2 топқа.

5. Ойынымыздың келесі айналымы «Талапкер» деп аталады.

Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,

Астарын сөз бұйдалап суреттеген.

Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,

Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.

1 – топ: «Сұңқар»

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы Мұғалім)

Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.( Алфавит)

2 – топ: «Тұлпар»

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

6. Айналым «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолды топ жалғастырады. Әр топқа 4 ден мақал беріледі.
1 – топ: «Сұңқар»
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ... Өнер жастан шығады.
2 – топ: «Тұлпар»
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

7. Айналым «Қас - қағым сәтте» деп аталады. Екі топқа 10 сұрақтан беріледі. Осы сұрақтарға нақты жауап беру керек.

1 – топ: «Сұңқар»

1 2 қабат пен 5 қабат үйдің қайсысы биік?

  1. Үшбұрыш пен дөңгелектің қайсысында бұрыш көп?

  1. “Орман дәрігері”?

4 Қой қалай дыбыстайды?

5 6  алманың  екеуі желініп нешеуі қалды?

6 Биенің сүті қалай аталады?

7 Қызыл түсті жемістерді ата?

8 Банан түсі қандай?

  1. Үш санының көршісі?

10 Екі күшікте неше құлақ бар?

2 – топ: «Тұлпар»
1 Екі мысықта неше аяқ бар?

2 Қоян қыста неге ақ болады?

3 Аң патшасы не?

4 Шыршаның түсі қандай?

5 9 шардың біреуі жарылды неше шар қалды?

  1. Ит қалай дауыстайды?

7 Қарбыздың түсі қандай?

8 9 санының көршісі?

9 Кітаппен дәптердің қайсысы жұқа?

10 Ең үлкен балық түрі?

Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Әділқазылар алқасына береміз кезекті. Марапаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Зерде интеллектуальная игра

Автор: Уалиолданова Айза Н?рлыбек?ызы

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332196


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства