kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елін сүйген Елбасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатысуымен өткен Елін сүйген Елбесы атты сайыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елін сүйген Елбасы»»

«Бекітемін» С.Қ.Уразова

Абай атындағы мектеп-гимназия

директоры

« » « » 2017ж













«Елін сүйген Елбасы»

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылар сайысы











Дайындаған: Абай атындағы мектеп

-гимназия тәлімгері Г.Мендалиева









Чапаев ауылы,2017 жыл


Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Өтетін уақыты: 02.12.16. 16.00де

Өтетін орны: Мәжіліс залы.

Мақсаты: а)Оқушылардың Елбасы туралы қаншалықты білетіндігін бақылай отырып, толық мәлімет беру.

ә) Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

б) Елін сүйген Елбасы – жастарға рух беретін көшбасшы екенін үлгі ету.

Бағыты: Сайыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сайыскерлерге арналған трибуналар, қанатты сөздер;

Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз:

Қайырлы кеш! құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайысқа қатысушылар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жеті бағыт басшыларымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай өткізілгелі отырған «Елін сүйген Елбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын , бас бақылаушымен таныстырып өтейін. Бірыңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» Аманжолов Есенжан. Яғни сіздердің дұрыс жауаптарыңызды білу үшін, алдарыңызда орнатылған тетікті бірінші басқан сайыскерімізді анықтап, хабарлап отырады.

Бүгінгі сайысымыздың көшбасшыларымен танысу үшін, кезекті сайыскерлерге ұсынамыз.

  1. «Зерде» бағыт басшысы Жұмаева Әсемгүл 9 сынып оқушысы

  2. «Руханият» бағыт басшысы Мағзом Аяжан 8 сынып оқушысы

  3. «Отан» бағыт басшысы Халелұлы Аманбек 9 сынып оқушысы

  4. «Салауат» бағыт басшысы Батыр Рауан 9 ә сынып оқушысы

  5. «Еңбек» бағыт басшысы Темірболатова Гүлназ 9 сынып оқушысы

  6. «Жеті жарғы» бағыт басшысы Абекешов Теміржан 9 сынып оқушысы

  7. «Эко әлем» бағыт басшысы Мақсотова Гүлнұр 10 сынып оқушысы

Көшбасшыларымызға сәттілік...

Сайыскерлеріміздің бағын сынайтын, төрешілерімізбен таныстырып өтейін.

  1. Тарих пәнінің мұғалімі Мырзағали Гүлмира Максимқызы

  2. Бірыңғай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының, өткен оқу жылы бойынша көшбасшысы 10 сынып оқушысы Сапарғали Альмира

  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шүкіргалиева Гүлнұр Шайхоллақызы


Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысымызды бастамас бұрын басты шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

Олар:

1.«Кім жүйрік» бұнда сұрақ – жауап;

2 «Алтын көмбе» ұяшықтар таңдау;

3 «Тапқырлар» берілген сөзден бірнеше сөз құрау;

4 «Егерде мен Президент болсам» өз пікірі. (Президент болу үшін қандай қасиеттерді адам бойына сіңіре білу қажет)

Алғашқы екі кезең бойынша ең көп ұпай санын жинаған 4 үміткер келесі айналымға жолдама алады. Ал ұпай саны бойынша төмен жинаған үш үміткермен қош айтысатын боламыз. Сайыстың шарттары түсінікті болса, сайыскерлерге сәттілік тілеп сайысымызды бастаймыз!

Бірінші айналым «Кім жүйрік» деп аталады.

Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға алдарыңдағы тетікті тез басып, дұрыс жауап берулеріңіз сұралады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылып отырады, жартылай жауап әділқазылардың шешімімен қабылданады. Дұрыс жауап болмаған жағдайда келесі сайыскер жауап бере алады.

Сұрақ


  1. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді? (Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында (Іле Алатау баурайындағы Үш қоңыр жайлауы)1940 жылы 6 шілде)

  2. Нұрсұлтан Әбішұлының әжесінің есімі? (Тетебала кей деректерде Мырзабала)

  3. 1960 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы қандай оқу орнын аяқтады? (Днепродзержинск техникалық училищесін)

  4. Ең алғаш еңбек жолын қай жылы, қай қалада, қай жерде бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металургия комбинитында)

  5. Елбасының жазған еңбек кітаптарының бірі «Еуразия жүрегінде» атты кітабы қай жылы жарық көрді? (2005 жылы)

  6. Елбасының бастамасымен ашылған университеттерді атаңыз?

1 Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

2 Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті

3 Ұлттық мемлекеттік Заң университеті

4 Назарбаев Университеті

  1. Елбасы талантты балалар үшін, қандай сыйлығы тағайындалды? (Дарын сыйлығы)

  2. Нұрсұлтан Әбішұлының әкесі дүниеге келген жыл? (1903ж)

  3. Анасының дүниеден озған жылы? (1977жыл)

  4. Семей ядролық полигоны қай жылы жабылды?

1991 жылы 29 тамызда

  1. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы қарсаңында Алматының ортасында қандай мемориал салтанатты түрде ашылды? «Тәуелсіздік таңы»

  2. «Менің Қазақстаным» Гимн алғаш рет қай жылы орындалды? 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президентін салтанатты ұлықтау рәсімінде. Елбасын қайта сайлау салтанатынан бастап.

  3. Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың қарашасында Қазақ телеанасынан халыққа арнап сөз сөйледі, бұл қандай сөз еді? Жаңа валютаның теңгенің еңгізілгені туралы жария етті.

  4. Нұрсұлтан Әбішұлының жары Сара Алпысқызының Тегі кім? Қонақаева


Бірінші айналым аяқталды, әділқазылар алқасы ұпай санын айтып өтсеңіздер.

Екінші айналым «Алтын көмбе»

Берілген төрт тапсырма бойынша ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береміз. Осы ұяшықтар арасында бір жанды сұрақ және 1 фотосурет сұрақ жасырылған. Дұрыс жауап болмаған жағдайда сайыскерлер тетікті басып жауап бере алады. Екінші кезеңнің шарты бойынша түсінікті болса бастаймыз.

Бірінші болып ұпай саны төмен сайыскеріміз бастайды.

1Балалық шағы: 10. Ұлы Жеңіс жылы Нұрсұлтан неше жаста еді?

(5 жаста)

20. Нұрсұлтан ең алғаш мектеп табалдырығын қай жылы аттады? (1948жылы Шамалған орыс-қазақ орта мектебі)

30. Нұрсұлтанның алғашқы ұстазы кім? (Тәкура Исмаилова)

40. Нұрсұлтан мектепті қай жерде , қай мектепті, қай жылы бітірді? (Қаскелең ауданы Абай атындағы қазақ орта мектебін 1958 жылы аяқтады)

2. Отбасы: 10. Әбішұлының қыздарының есімдерін атаңыз? (Дариға, Динара, Алия.)

20. Анасы Әлжан қайжылы дүниеге келген? (1910жылы)

30. Әбішұлы отбасында неше ағайынды , олардың есімдерін атап беріңіз? (4 ағайынды Нұрсұлтан, Сатыбалды, Әнипа, Болат)

40. Нұрсұлтан Әбішұлы өз отбасын қай жылы, қай айда құрды? (1962жылы 25 тамызда)

Қызметтік жолы: 10.жанды сұрақ : Қарағанды облысы Теміртау қалалық кеңесінің депутаты болып қай жылы қай айда сайланды?

(1969 жылдың наурыз айында)

20.Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қай жылдары қызмет етті? (1984-1989жж)

30. Екіншірет Президент сайлауы қай жылы өтті ? (1999 жылдың 10 қаңтарында)

40. Соңғы сайлау нәтижесінің пайыздық көрсеткіші қандай болды? (97,7%)

Еңбек кітаптары: 10. «Ғасырлар тоғысында» атты еңбек кітабы қай жылы жарық көрді? (1996жыл)

20. 2002 жылы шыққан еңбек кітаптарын атаңыз? («Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл»)

30. Елбасының кітаптарының бірі жасырылған, бұл қай кітап?

(«В потоке истории»)

40. Тәуелсіздік белестері атты кітаптары жарыққа шыққан жылы? (2003жыл)

Екінші айналымның соңына да келіп жеттік төрешілер сайыскерлеріміздің жинаған ұпай сандарын айтып өтсеңіздер. Ең төмен жинаған үш үміткермен қоштасамыз Олар .....

Келесі үшінші айналым «Тапқырлар»

Үміткерлер мына «ОТАН» сөзінің, әріптерінің артында жасырылған сөзден, 30секунт ішінде, бірнеше сөз құрастырып шығулары керек. Мысалы: (орман – ор, нар, ар, деген сияқты сөздер құрастырып шығуларыңыз керек )

Әр сөз 10 балмен белгіленеді. Шарты түсінікті болса «Тапқырлар» кезеңін, ұпай санын көп жинаған сайыскеріміз бастайды.

1 ұяшық: «О» «Болашақ»

2 ұяшық: «Т» «Жүз қадам»

3 ұяшық: «А» «Нұрлы жол»

4 ұяшық: «Н» «Мәңгілік Ел»

Төрешілер ұпай санын айтып өтсеңіздер?

Соңғы айналым «Егерде мен Президент болсам»

Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі , үміткерлеріміз дайын болғанша көңілімізді көтеріп көрерменмен щағын тренинг өткізейік. (5 оқушы жай әуен арқылы, қаламды пайдаланып, екі басын, екі адам сұқ саусағы арқылы ұстап, түрлі қимыл жасап айналады, кімнің саусағынан қаламның басы түсіп кетсе сол ойыншы ойынан шыға береді. Осылай ойын жалғасып, ең шыдамды, төзімді, епті адамды анықтап марапаттаймыз.)

Соңғы кезең бойынша сайыскерлеріміз дайын болса, бірінші болып ұпай санын жоғары жинаған сайыскерімізді ортаға шақырайық. Әділқазылар өздеріңіз соңғы кезең бойынша мағынасына, сөздік қорына, тіл байлық шеберлігіне қарай, ой жүйріктілігіне баға беретін боласыздар жоғарғы ұпай саны -10балл.

Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша бүгінгі сайыс жөнінде сөз кезегін мектеп директоры Оразова Светлана Қошанқызына ұсынайық.

(төрешілер шешімін жариялап үздік сайыскеріміз анықталады)


Бүгінгі «Елін сүйген, Елбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, бүгінгі біздің көшбасшымыз, болашақта ел көшбасшысы болмасына кім кепіл? Көшбасшы тәрбиелеуден біз жалықпайық, көшбасшылар көп болсын. Елдің ертеңі, бүгінгі «Жас Ұландықтардың» қолында, сау саламатта болыңыздар! .


Пайдаланылған әдебиет: «Біздің Президент!»

Авторлары: М.Б.Қасымбеков, А.М.Молдағаринов, Е.Ә. Хасенов.

Алматы кітабы 2015 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Елін сүйген Елбасы»

Автор: Мендалиева Гульфайруз Жарылғапқызы

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 405045

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"
    ["seo_title"] => string(36) "ieli_suighien_ielin_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "362572"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480097735"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Елін сүйген - Елбасы"
    ["seo_title"] => string(25) "ielin_suighien_ielbasy_11"
    ["file_id"] => string(6) "463957"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522229411"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сыныптан тыс шара.ЕЛІН С?ЙГЕН ЕЛБАСЫ"
    ["seo_title"] => string(40) "synyptan-tys-shara-ielin-suigien-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "263208"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449501767"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ашық тәрбие сағаты "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!""
    ["seo_title"] => string(58) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_ieli_suighien_ielin_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "388776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486430943"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Елі с?йген, елін с?йген Елбасы"
    ["seo_title"] => string(33) "ielisuighienielinsuighienielbasy3"
    ["file_id"] => string(6) "315699"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459942209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства