kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елбасы Жолдаулары және МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасы Жолдауларындағы тіл мәселесін талқылау. Оқушыларды шешім қабылдай алуға бағыттау. Сабақты сыныптан тыс іс-шара ретінде және тілдер апталығында өткізуге болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елбасы Жолдаулары және МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ»

Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты









Елбасы Жолдауы

және

мемлекеттік тіл

(дөңгелек үстел)





Өткізгендер: Рақымжан Г.Р, Ермаганбетова А.Ж





























Қостанай,2017ж.





30 қаңтар қазақ тілі және әдебиет күніне арналған іс-шара жоспары

Жауаптылар: Рақымжан Г.Р, Ермаганбетова А.Ж

Тақырыбы: Елбасы Жолдауы және мемлекеттік тіл

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Қатысушы сыныптар: 7 «А», 8 «А»

Қажетті құрал-жабдықтар: интернет, смартфон, интербелсенді тақта, баяндама оқу үстелі, А4 форматы

Іс-әрекеттер: оқушылар 4 топқа бөлінеді (20 оқушы) қалған оқушылар көрермен.

Өткізілу барысы:

  1. Жүргізуші сөзі

  2. БАЯНДАМА «Елбасы Жолдауы және мемлекеттік тіл туралы заң» (не туралы айтылған, есте сақтауға тиісті мәліметтер)-5мин+

  3. ТАПСЫРМА 1-3 топ Елбасы Жолдаулары және тіл туралы заңның орындалуы (орындалып жатыр позициясы бойынша 9 дәлел), 2-4 топ Елбасы Жолдаулары және тіл туралы заңның орындалмауы (орындалуына не кедергі 9 дәлел)+

  4. ЖОБА «Солтүстік Қазақстан өңірлеріндегі жарнамаларда кезедесетін қателер»-5 мин.+

  5. ТАПСЫРМА «Болашақ-бүгіннен» (қателерді жою үшін орындалуы тиіс 5 іс-әрекет)+

  6. СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ? (күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздердің бекітілген аудармасы ) мысалы: @-айқұлақ банан-??? сол сияқты

  7. РЕФЛЕКСИЯ (онлаин сауалнама)



























Жүргізуші:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім мен де бірге өшемін- деп ақын М.Әлімбаев жырлағандай ана тіліміздің дамып, өсуіне үлес қосу сіз бен біздің ортақ межеміз. Ендеше балалар бүгінгі 30 қаңтар лицейіміздегі қазақ тілі мен әдебиет күніне орай арнайы ұйымдастырып отырған «Елбаасы Жолдаулары және мемлекеттік тіл» тақырыбындағы ой-бөліс, сұхбат алаңына қош келдіңіздер!

(20 оқушы өз таңдаулары бойынша жетон таратамын)

-Оқушылар, сіздер 2017жылғы еліміз үшін табысты да мерейлі болуына қандай атаулы оқиғалар мен іс-шараларды атар едіңіздер? (ЭКСПО, универсиада және т.б)

-Ендеше қолымыздағы жетондар бойынша 4 топқа бөлінейік.

«ЭКСПО-2017»-жетоны бар оқушылар 1-топқа

«Универсиада-Алматы»-жетоны бар оқушылар-2 –топқа

«Димаш Құдайбергенов, алға!»- жетоны бар оқушылар-3-топқа

«Жұмағали Саин туғанына 105жыл»-жетоны бар оқушылар-4 топқа отырады (дәл кеше ғана 29қаңтар күні ақын, публицист, партизандар өмірін жырлаушы Жұмағали Саин 105жасқа толды)

Жүргізуші: Енді балалар алғашқы сөз кезегін 8-сынып оқушысы Қадер Бекзатқа және 7-сынып оқушысы Жанахметов Бекжанға беріледі

Баяндама тақырыбы: «Елбасы Жолдаулары және тіл»

1-оқушы: «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.

2-оқушы:1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл -халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген.

1-оқушы:Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. Яғни қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

2-оқушы: Елбасы Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.

1-оқушы:Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп айтқан болатын.

2-оқушы: Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтты. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде орыс тіліне ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, Президент: «орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз», деп атап өтті.

1-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев 2012ж.Жолдауынрда жастарға үндеу салды. Президент ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді. Мемлекет Басшысы бұл ретте мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

2-оқушы:Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген.

1-оқушы: Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады-деді Елбасы.

2-оқушы: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, Елбасы айтқандай «Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тілге» айналуы Тәуелсіздіктің тікелей  жемісі болып табылады. Жалпы ұлт, тіл, егемендік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты екендігі белгілі.

1-оқушы: Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп бекер айтпаса керек ендеше достар мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары яғни сіздерді қазақ тілінің мәртебесін мәңгілік етуге үндеймін.Ұлтымыз азатты, тәуелсіздігіміз баянды, тіліміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!


Жүргізуші: ТАПСЫРМА 1-3 топ Елбасы Жолдаулары және тіл туралы заңның орындалуы (орындалып жатыр позициясы бойынша 9 дәлел), 2-4 топ Елбасы Жолдаулары және тіл туралы заңның орындалмауы (орындалуына не кедергі 9 дәлел)




Жүргізуші: Келесі сөз кезегі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Солтүстік Қазақстан өңірлеріндегі жарнамаларда кезедесетін қателер» тақырыбында қорғалатын оқушылар жобасына кезек береміз. Қорғаушылар Нағашыбай Ерсін және Мақсатқа беріледі.


Жүргізуші: ТАПСЫРМА «Болашақ-бүгіннен» (қателерді жою үшін орындалуы тиіс 5 іс-әрекет. Яғни өз ортаңызда осы қателерді жою үшін қандай әрекеттер жасайсыз?


Жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы сөзі надан,

Ақынның сөз танымас бір парасы деп ақын А.Құнанбаев жырлағандай, қоғамымыздағы өзекті де толғандырар мәселе -аударма мәселесі. Келесі кезек «СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?» айдары (күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздердің бекітілген аудармасы ) мысалы: @-айқұлақ банан-??? сол сияқты сөздерге сіздердің көзқарастарыңыз қалай? Ол сөздер бұрынғы кәмпит, бәтеңке, жәшік сияқты құлағымызға сіңіп кете алама?

1-оқушы: Қазіргі кезде күллі адам баласын толғандырып отырған, өзекті мәселелердің негізгісі аударманың тағдыры болып отыр, жаңадан аударылған сөздердің сапасына біз өз пікірімізді білдіре отырып, қаншалықты түсінікті екенін білу.

2-оқушы: Аударма – халық пен халықты, тіл мен тілді, әдебиет пен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.
1-оқушы: Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.
2-оқушы: Ата-бабаларымыздың қара тілінен мол мұра қалды. «Кәрзенке», «бәтеңке», «кәмпит», «жәрмеңке» деген сияқты сөздерді жанымыздай жақын қабылдап өстік. Міне, солардың салып берген сара жолын пайдалануға болады ғой. Фонетист ғалымдар терминдердің көбін дыбыстық жағынан икемдеп, қазақ тіліне жақындатып алғанды жөн көреді. Қазақ терминологиясын біріздендірудің тағы бір жолы бар. Ата-бабаларымыздан қалған мақал-мәтелдерде, жырларда кездесетін ескі сөздерді жаңғыртып қолдану да термин жасау барысында көп қызмет көрсете алады. Бүгінгі қолданыстағы «кеден» деген сөзді ешкім де ойдан шығарған жоқ. «Кеден, кеден болды, кедергі неден болды?!» дейтін жыраулардан қалған сөзді қайта қолданысқа енгіздік. Ол сөз тіпті, саяси мәні бар, экономикалық қатынасты реттейтін термин дәрежесіне дейін көтеріліп, қолданыста жүр.

1-оқушы: Қазақ терминология ғылымының негізін салған ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Терминдерді аударудың қажеті жоқ. Оларды қазақшаға бейімдеп атай салу керек», – деген еді. Мәселен сол кездердегі «кирпич», «кровать», «ботинка», «самовар», «чайник», «чай» т.б. сөздерді қазақшаға бейімдеп «кірпіш», «кереует», «бәтіңке», «самаурын», «шәйнек», «шәй» деп тілдік қолданысқа кірігіп кеткен. Бұл сөздер бүгінде тілімізде актив сөздер қатарына кіреді.

2-оқушы: Медицина терминдеріне жататын «клетка» термині 1992 жылы «жасуша» болып бекітілген, ал 2000 жылы жарық көрген Қазақша-орысша, Орысша–қазақша терминологиялық сөздікте (медицина) ол – торша деп алынған. Кейбір оқулықтарда сол күйі клетка деп қалдырылған.

1-оқушы: Кеңес Одағы құрылғаннан кейін Қазақстанда 20-30 жылдары іс қағаздары қазақ тіліне көше бастайды. Сол кездері терминология сөздігін қалыптастыруда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Аспандияров, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Марғұлан, М.Әуезов және тағы басқалары осы салада көп еңбек етті. «Аялдама», «балмұздақ», «оқырман», «көрермен» сияқты сәтті аудармаларды Ислам Жарылғапов ұсынған. Тәуелсіздік алған соң да, «ұшақ», «отбасы», «жанұя», «кеңес», «ғаламтор», «жаһандану», «заманауи» деген сынды үздік аудармалар қосылды.
2-оқушы: «Свежий» деген сөздің бүгінгі күні 80-ге жуық аударылған жаңа мағыналары бар екен.

«Свежий» сөзінің 80 баламасы бар, орайын тап та қолдана бер1. Таза 2. Жаңа 3. Буы бұрқыраған 4. Тайыр 5. Мутан 6. Үлпілдек 7. Уылжыған 8. Бұзылмаған 9. Нәрлі 10. Жас 11. Салқын 12. Әсерлі 13. Жылы-жұмсақ 14. Қазір-әзір 15. Ширақ 16. Сергек 17. Соңғы 18. Кейінгі 19. Төлдәм 20. Балғын 21. Балауса 22. Ескірмеген 23. Үлбір 24. Жап-жаңа 25. Өрімдей 26. Саумал 27. Кәусар 28. Әп-сәттік 29. Әп-жаңа 30. Саф 31. Тұнық 32. Бұла 33. Лаббан 34. Қыззат 35. Әйуыз 36. Әз 37. Ақай 38. Нағи 39. Нілді 40. Реңді 41. Әрлі 42. Уыздай 43. Дәл әзіргі 44. Көкөрім 45. Көнермеген 46. Соны 47. Өте соны 48. Үлбіреген 49. Сонар 50. Тыңнан 51. Жұмсақ 52. Тың 53. Хош иісі кетпеген 54. Жас иіс 55. Балбырап 56. Көктей 57. Жаңалық 58. Жаңа әзір 59. Бал әзір 60. Жағымды 61. Қалыпты 62. Пәк 63. Сол қалпы 64. Бабындағы 65. Ұлпа 66. Қунақы 67. Таза қанды 68. Жасын 69. Табиғи таза 70. Шәрбәт 71. Сөлді 72. Затия 73. Сафылық 74. Раушан 75. Мұнтаздай 76. Әзіргі 77. Үр 78. Пісіп-жетілген 79. Жасмән 80. Үлпершектей

2-оқушы: Қазіргі кезде терминология саласында мағынасыз сөздер ,орашолақ аудармасымақтар тым көбейіп барады. 

1-оқушы: Соның салдарынан тілімізде түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері көбейіп бара жатыр. Ғаламторда кеңінен аударылып талқыға салынып жүрген бірнеше сөздерді өздеріңізге жасырып бірге аударып көрейік!

Водолазка-мойынжейді немесе сужейде

@- айқұлақ

Телефон-сымтетік

Барабан-қағыран

Газет-үнқағаз

Фонтан-субұрқақ (шаптырма)

Балкон-қылтима

Юбка-белдемше

Мех-тері (үлбір)

Руль-машинаның меңгерік

Тышқан компьютерлік-тінтуір

Автор-төлие

Лифт-жеделсаты

Коляска-бесікарба

Бильярд-тастаяқ

Люстра-аспашам

Фонарик-қалта шам

Бегемот-сусиыр

Стюардесса-аспансерік

Плоскогубцы-атауыз

1-оқушы: Кейбір аудармалар мағынасы, қолданысы, ұғымы тұрғысынан еш қисынға келмегенімен, айтыла- айтыла +құлаққа сіңісті болып, күнделікті пайдаланысқа еніп кетуі ғажап емес. Ал оның шығу тегін зерттеген келер ұрпақ кейін күліп жүрсе қайтеміз. Тіл де тірі организм секілді үнемі даму, өсу үстінде болады. Ал, қазақ тілінің жайына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бекер айтпаса керек.

2-оқушы: Біздің ұсынысымыз: •Егер де қазіргі қазақ тіліндегі сөздер баршаға бірдей түсінікті етіп аударылса, мен бұл мәселені көтермес едік. Аудармашылар осындай сөздерді аудармас бұрын сол сөздің нақты түбірі мен мағынасына көңіл бөлсе екен. Сонда ғана тіліміз шұбарланбай түсінікті болар деген сенімдемін.Назарларыңызға рахмет


Жүргізуші: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-деп ақын ағамыз жырлағандай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті жастар үшін үш тілді білу бүгінгі күнгі меже. Ал, туған тілімізді қастерлеу, оны ұлттық құндылықтар ретінде кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Елбасы Жолдаулары және МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Автор: Ермаганбетова Акбота Жаналыковна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387216

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Желто?санда ?аза? ?ыздарыны? ?айсарлы?ы ?айран ?алдырды"
    ["seo_title"] => string(64) "zhieltok-sanda-k-azak-k-yzdarynyn-k-aisarlyg-y-k-airan-k-aldyrdy"
    ["file_id"] => string(6) "288155"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454590415"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Т?уелсіз ?аза?стан ?сіп-?не бер»"
    ["seo_title"] => string(29) "tuielsizkazakstanosiponiebier"
    ["file_id"] => string(6) "255856"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448010993"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ата За?-Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(25) "atazantuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "292126"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455216429"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Т?уелсіз ?аза?стан »"
    ["seo_title"] => string(17) "tuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "255857"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448011059"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "«Бірінші   желто?сан – Президент  к?ні» "
    ["seo_title"] => string(38) "birinshi-zhieltok-san-priezidient-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "194808"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427813821"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства