kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарышкерлер көктемі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

-  Ғарыш  әлемі   мен  ғарыш  айлағы – Байқоңыр  туралы  мағұлмат беру;

                           Ғарыш  әлеміне  деген  қызығушылықтарын  қалыптастырып,    

                           ғарышкерлерге  деген  құрмет  сезімдерін  дамыту;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарышкерлер көктемі.»

Тақырыбы: Ғарышкерлер көктемі.

Мақсаты: - Ғарыш әлемі мен ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы мағұлмат беру;

Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастырып,

ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін дамыту;


Көрнекілігі : Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағының суреті,слайд,

шар,буклет, кітаптар.

Жоспары: 1. Кіріспе.

2. « Кім болам?» Шығармашылық жұмыс.

3. « Ғарышкерлер көктемі »

4. Сергіту сәті. « Көңілді күн »

5. « Космос әлемінде » Сұрақ – жауап;

6. « Жер кіндігі – Байқоңыр.»

7. Қорытынды. « Байқоңыр» әні хормен.

1. Кіріспе: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.Қазір адамзат өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуірінде Ю. Гагарин алғаш ұшқанда, ешкім де дәл бүгінгідей, жаңа технологиялар шығып, ғарыштан бақылайтын заман болатынын білмеген. Ғарышты игеру өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді.. мәселен, ауыл шаруашылығын дамуы үшін, ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктігі бақылануы тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады.Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.


2. « Кім болам?» деген бөлімде оқушылар шығармашылық жұмыстарымен таныстырады.

3. « Ғарышкерлер көктемі» бөлімінде

І топ – Ғарышқа алғаш ұшқан иттер туралы және Ю. Гагарин туралы ;

ІІ топ – Тоқтар Әубакіров туралы;

ІІІ топ – Талғат Мұсабаев туралы мәліметтерімен бөліседі.

Ақжүніс Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек.Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды.1957 жылы Юрий Гагарин, Валентина Ивановнамен үйленіп, олардың отбасында Лена және Галя атты екі қыз тәрбиелейді. 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер ретінде өтініш - рапорт жазады. Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми - авиациялық госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.

Қазақтың тағы бір тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Байқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер ұшқыш Талғат Мұсабаевқа "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады.Қала басшысының шешімінде: "Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына және ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі атап көрсетілді". Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.

4. Сергіту сәті. « Көңілді күн» әніне сынып болып билейді.

5. « Космос әлеміне саяхат» Сұрақ – жауап;

6. « Жер кіндігі – Байқоңыр » әр топ оқушылары Байқоңыр туралы мәліметтерімен боліседі.

Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.

2-оқушы: Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі-Айды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз-ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам Айға тікелей барып та қайтты.

3-оқушы: Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.

4-оқушы: Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

5-оқушы: Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдалануда. Балалар, біздің Қызылорда облысында ғарыш айлағы бар екенін білесіздер. Енді жер кіндігі –Байқоңыр туралы білетін ақпараттармен бөлісейік.

6-оқушы: Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жәннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап, туған топырағы-Сыр өңіріне қайта келеді. Сонда «бұл жер-жердің кіндігі» депті. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүріпті. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған.

7-оқушы: Ғарыш айлағына айналатын жер біріншіден, экваторға жақын орналасуы тиіс. Екіншіден, оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегі Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темір жол өтіп,солтүстік-батыс шалғайда кең жазық дала жатуы тиісті еді. Байәқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келді..

8-оқушы:биыл әлемнің ең бірінші ғарыш айлағы-Байқоңырдың құрылғанына 56 жыл. Ал адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 51 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталғанды. Алғашқы зымыран 1957 жылы тамызда ұшырылды. Бұл өңірден Ю. Гагарин, Н. Леонов, Г. Титов, а. Лавейкин, Т. Әубакіров, Т. Мұсабаев сынды ғарышкерлер аспан әлеміне саяхат жасады. Олардың әрбір сапары қоғамға берген пайдасымен тарихта қалды.

9-оқушы: 1994 жылы Байқоңыр космодромын Ресейге жалға беру мерзімі 20 жылға деп есептелсе, 2004 жылы қаңтар айынан бастап 50 жылға дейін болып мерзімі ұзартылды. Бүгінде жоғары оқу орындарының бірқатарында «Радиотехника, электротехника және телекоммуникациялар», «Радиобайланыс және радионавигация», «Жылжымалы байланыс құралдары мен жүйелер байланысы», «Радиобайланыс, радиохабарларын тарату және теледидар», «Көп арналық телекоммуникациялық жүйелер» мамандықтары оқытылады. Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институты филиалында ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасымен 45 талапкер білім алуда. Бұл оқу ордасы ғарыш техникасының тілін білетін инженер мамандарын даярлайды

7. Қорытынды.

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле қазағымның әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатымыздың соңын «Байқоңыр » әнімен аяқтаймыз.

« Байқоңыр» әні хормен.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ғарышкерлер көктемі.

Автор: Сатыбалдиева Камар Шалхаровна

Дата: 13.04.2017

Номер свидетельства: 408989

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ғарышкерлер көктемі"
    ["seo_title"] => string(26) "g_aryshkierlier_koktiemi_1"
    ["file_id"] => string(6) "465401"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1523122218"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "конспект урока "К?ктем келді""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekturokakoktiemkieldi"
    ["file_id"] => string(6) "307323"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458310699"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?арыш?а саяхат "
    ["seo_title"] => string(19) "g-aryshk-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "204973"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429777616"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?арыш?а саяхат атты та?ырыпты? саба?ы"
    ["seo_title"] => string(44) "g-aryshk-a-saiakhat-atty-tak-yryptyk-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "311306"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459180953"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Аспан ?лемі"
    ["seo_title"] => string(11) "aspan-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "329989"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464087458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства