kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарышкерлер көктемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғарышкерлер көктемі Ғарышкерлер көктемі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарышкерлер көктемі»

12 - сәуір Ғарышкерлер көктемі

Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер көктемі

Сабақтың мақсаты:


1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері


Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық


Армысың шапағатты күніміз

Армысын мейірімді жеріміз

Армысың табиғат анамыз

Келді сізге өзіңіздің балаңыз


Жүргізуші:


Армысыздар ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сауір ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!


ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.
Видио ғарышқа ұшқан сат.

Оқушы:

Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.

Жүргізуші:

Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

1-оқушы:


Ар-намысын ақтаған,

Жүрекке сыр сақтаған.

Туған елін, ұясын

Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді.

Көңіл-дария, ойы-аспан, ,

Асқар шыңнан бойы асқан. .

Ай күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан.

Ұшқыш болғым келеді.

Күнге күліп, күй тартқан

Айға әнін тыңдатқан

Бақыт жырын жырласа

Таң Шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келеді.


2-оқушы:

Жат жерлерге қонбаған,

Жатқа көңілі толмаған.

Асыл затты сұңқардай

Өз ұясын қоғаған

Ұшқыш болғым келеді.

Мұздай болат киінген,

Батпан қару үйірген.

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйінген

Ұшқыш болғым келеді.

3-оқушы:

Мөлдір тұнық көк аспан,

Сол аспанға жарасқан.

Самолеттей сұңқармен,

Ұшқан құспен таласқан,

Ұшқыш болғым келеді.

Мақтанышы даламның

Байқоңырдың құшағы.

Ұрпақтары ғаламның

Осы жерден ұшады.

4-оқушы:

Күлімдейді күміс күн,

Құштарында көз тігіп.

Кемесіне ғарыштың

Байқоңырда кезігіп.

Байқоңырдан ұшқанға

Көтеріліп барады.

Барлық әлем қарады,

Дос құшақтар аспанға

Ғарышкерлер мекені

Қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді?

Ғажап жерім Байқоңыр!

І - жүргізуші.
Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.

оқушы:



Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдалануда.

Оқушы:

Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшыратын әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми лаборотория. Мұнда ғарышкерлер тұрып жұмыс істейді. Адамдардың ұшқанына көп уақыт болмаса да ғарыш кемесінің бірнеше түрі жасалды. Ю.А.Гагарин бір орынды «Восток» кемесімен ғарышқа ұшқан болатын, одан кейінде бұл кеме бірнеше рет ғарышқа барып қайтты. Кейін «Союз», «Салют», «Прогресс» және «Мир» ғарыш кемелері орбитаға көтеріліп ғарыш станциясын құрды.

Оқушы:

Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.
 Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі-Айды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз-ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам Айға тікелей барып та қайтты.

Оқушы:

Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.


жүргізуші:

    Балалар, біздің Қызылорда облысында  ғарыш айлағы бар екенін білесіздер. Енді жер кіндігі –Байқоңыр  туралы аңыз қалған деседі сол аңыздан көрініс көрейік.

Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жәннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап, туған топырағы-Сыр өңіріне қайта келеді. Сонда «бұл жер-жердің кіндігі» депті. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүріпті.

Баласы : ата неге осы жерге келіп көп үңілесіз ?

Атасы: Ей балам бұл жерді киелі жер кіндігі деуге болады .

Баласы: неге ата?

Атасы: Құлыным міне қара мына тасты лақтырсам ұзақ уақыт жоғарыда айналып тұрып сосын жерге түсті себебі бүл жерде тартылыс күші аз , Ғарыш айлағына айналатын жер біріншіден, экваторға жақын орналасуы тиіс. Екіншіден, оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен Сырдария балам. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темір жол өтіп,солтүстік-батыс шалғайда кең жазық дала жатуы тиіс, міне сол жер. Байқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келді балам. Сондықтан бұл жерді « жер кіндігі» деп айтуға болады.


Жүргізуші:

Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған.

Оқушы:

Биыл әлемнің ең бірінші ғарыш айлағы-Байқоңырдың құрылғанына 60 жыл. Ал адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 56 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталғанды. Алғашқы зымыран 1957 жылы тамызда ұшырылды. Бұл өңірден 
Ю. Гагарин, Н. Леонов, Г. Титов, а. Лавейкин, Т. Әубакіров, Т. Мұсабаев сынды ғарышкерлер аспан әлеміне саяхат жасады. Олардың әрбір сапары қоғамға берген пайдасымен тарихта қалды. 

Оқушы:

1994 жылы Байқоңыр космодромын Ресейге жалға беру мерзімі 20 жылға деп есептелсе, 2004 жылы қаңтар айынан бастап 50 жылға дейін болып мерзімі ұзартылды. 
жүргізуші:

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, Рысқұл Бекарыстың орындауында «Байқоңыр» әнін тыңдап тамашалаңыздар.

Оқушы:

Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да...
Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға –
Туған ұлдар аз емес бағымызға,
Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда

Оқушы:

Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.

Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Оқушы:

Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.

Оқушы:

Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп

Оқушы:

Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
жүргізуші:

Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.

Видио көрініс «Сен білесінбе?»

Білім деген –биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, -деп ғарышкерлер туралы ой қозғау көрермендерге ғарышкерлер жайлы сұрақтар қоялық:

1 Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
2 Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3 Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
4 Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
5 Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)
6 Айдын Айымбетов қай жылы ғарышқа ұшты? (2015 жыл ьл қыркүйек)

Жүргізуші:

Тоқтар менен Талғат, Айдын аға қосылып

Ғарышқа ұшты самғап

Өлең жазды ақындар

Үшеуіне арнап

Оқушы:

Тұңғыш ғарышкер
Жазира бар ма мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.
Осы жол қайқаң етiп
Аспанға бiр
Атылған асқақ шыңдай
Асқанда қыр,
Сақина жасап ұшып
Мұзбалақтар,
Қонады төңiректi басқанда iңiр.

Оқушы:

Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.


Оқушы:

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.

Оқушы:

12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.
Оқушы:

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облы-сы,Қарқаралы ауданы «1- Май“ совхозында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиация училищесінде(1969ж.), Ұшқыш-сынақшылар мектебінде(1976ж.), Мәскеудің авиация институтында(1979ж.) ғарышкерлер даярлайтын орталықта(1991ж.) білім алған. 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Оқушы:

1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Оқушы:

Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.

Оқушы:

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.

Оқушы:

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан). Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі«Отан» ордені (2015)[2]Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).

Оқушы:

Көк туымыз космоста желбірейді! Бүгін Айдын Айымбетов мінген «Союз ТМА-18М» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көкке көтерілді. Кеме сәтті ұшырылған, енді 2 тәуліктен соң ол халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс. Экипаж құрамында Айдынмен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен бар. Бұл Байқоңырдан ұшырылған 500-ші зымыран екен. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен әңгімелесу кезінде ғарышкерге Халықаралық ғарыш стансасына табысты экспедиция жасап, алға қойған барлық міндеттерін іске асыру тілегін білдірген.

Қорытынды:

Ғарышкер болғысы  келетіндерге!

Барлығы да армандаудан басталады.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар! –деп ашық тәрбие сабағымызды қазақ « » биімен аяқтаймыз.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғарышкерлер көктемі

Автор: Батырбекова Анар

Дата: 07.04.2018

Номер свидетельства: 465401

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "конспект урока "К?ктем келді""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekturokakoktiemkieldi"
    ["file_id"] => string(6) "307323"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458310699"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ғарышкерлер көктемі."
    ["seo_title"] => string(24) "g_aryshkierlier_koktiemi"
    ["file_id"] => string(6) "408989"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492085787"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?арыш?а саяхат "
    ["seo_title"] => string(19) "g-aryshk-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "204973"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429777616"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?арыш?а саяхат атты та?ырыпты? саба?ы"
    ["seo_title"] => string(44) "g-aryshk-a-saiakhat-atty-tak-yryptyk-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "311306"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459180953"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Аспан ?лемі"
    ["seo_title"] => string(11) "aspan-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "329989"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464087458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства