kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это статья предназначена для старшеклассников и для учителей. В ней говорится о вреде наркотиков и наркомании для здоровья подростков. Статья призывает детей и взрослых вести здоровый образ жизни.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!"»

ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа



Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!



Қазіргі қоғамда күйзеліс – басты мәселелердің біріне айналды. Күйзеліске үлкендермен қатар жасөспірім балалар да ұшырап жатады. Оның себебі үлкендермен, отбасымен қарым-қатынастағы, мектептегі ортамен қарым-қатынастағы түсінбестік болып жатады. Кей жағдайда адамдар жалғыздықтан, жанашыр, жақын адамның болмауынан немесе олармен қарым-қатынастың үзілуінен де күйзеліске ұшырап жатады. Мұндай жағдайда өз-өзін ұстауға, өз еркін өзіне бағындыруға кез-келген жасөспірім дайын бола бермейді. Сондықтан олар көңілді көтерудің жолын, қайғыдан құтылудың жолын қарастыра бастайды. Сөйтіп, оның оңай жолы есірткі деп қате шешімге қеледі. Есірткіге уланғандағы уақытша алдамшы «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше болады. Жөтел пайда болып, мұздай тер шығып, жүрек қағысы жиілеп, өлімнен қорқу қаупі пайда болады. Есірткі қолдануды жалғастырған жағдайда бұл құбылыстар жойылып, эйфория пайда болады. Бұл аурудың бірінші кезеңінің басталғанын білдіреді.Адамда есірткіге психологиялық тәуелділік пайда болады. Эйфория күйіне келу үшін бұрынғы мөлшер аздық етеді, бірақ бұл кезеңде де ағза есірткісіз күн кеше алады, есірткі қабылдамау адамда жаман әсер қалдыра қоймайды.Бұл- ағзаның есірткіге жартылай үйреніскенін білдіреді. Есірткі ауруының екінші кезеңінде адамда оған физикалық тәуелділік пайда болады. Мұның белгісі,есірткі зат алмасу процесіне қатысып, оның бір бөлшегіне айналады. Есірткі қабылдамаған жағдайда адам ағзасында физиологиялық және физикалық ауытқушылықтар байқалады: қолы дірілдеп, басы, бұлшық еттері, буындары ауыра бастайды, тек есірткі дозасын қажет ететін беймаза күй кешеді. Егер бұл жағдайдан адам тек есірткі қабылдаған жағдайда ғана шыға алатын болса, физикалық тәуелділікке ұшырағанының белгісі. Бірте-бірте адам ағзасы есірткіні көп мөлшерде қабылдауға үйреніп кетеді. Адам ағзасының бұлай бейімделуі оның өміріне қауіп төндіреді. Есірткі құрығынан құтылу мүмкін болмай қалады. Сондықтан да нашақорлық –ең қауіпті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Нашақорлықпен күрес- әлеуметтік және медициналық мәселе. Нашақорлықтан құтылғысы келетіндер үшін біздің қоғамымызда жасырын сауықтыру орталықтары бар. Нашақорлық–еңбекке жарамсыздықтың, апаттар мен жарақаттардың бірден бір себепшісі, адамның рухани күйреуі, ерік-күшінің жоғалуы. Мамандығым биолог болғандықтан, есірткінің адам ағзасына әсерін барынша түсінікті етіп жеткізбек болдым.

Жас дос! Бұл айтылғандардың бәрі сенің болашақ өмірің үшін берері мол деп ойлаймын. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, аурудың алдын алған ем іздегеннен жеңіл болатынын ұмытпа! Жас өміріңді керексіз дүниелермен уландырмауға тырыс! Еліміздің болашағы –дені сау жас ұрпақ екенін жадыңнан шығарма! Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!



Мамытова Гүлбану Ертаевна

№ 273 орта мектебі, биология пәні мұғалімі.

ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!"

Автор: Мамытова Гульбану Ертаевна

Дата: 22.11.2017

Номер свидетельства: 440074

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства