Просмотр содержимого документа
«"Білгірлер бәйгесі" сыныптан тыс жұмыс»
«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны
(сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
1.Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, барлық пәннен алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздігінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Айналымдар
Бағалау шкаласы
1
Таныстыру
«5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады
2
Жорға сұрақтар
Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады
3
Сөз ойла, тез ойла
Әр сөз «1» ұпаймен бағаланады
4
Ойна да күл, оқы да біл!
Дұрыс құрастырғаны үшін «1» ұпай
Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай
Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай
5
Өнерпаз болсаң арқалан!
Орындау шеберлігіне қарай «5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады
6
Алты жұмбақ
Дұрыс тапқаны үшін «1» ұпай
Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай
Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай
7
Жекпе-жек
«10», «20», «30» ұпай
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 4 «а», «б», «в» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.
Шалқытып мерекеде ән салайық, Білімді өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан Әділқазы алқасымен танысайық.
Айналым ережі: топтың атын, ұранын және төсбелгісімен таныстырады.
(«5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады)
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең,
Өте алмайсың бөгеттен.
Айналым ережесі: Әр топқа «Ж», «А», «Б» секілді әріптер таратылады. Оқушылар қойылған сұрақтарға бас әрпі сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі тиіс.