kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Берекелі алтын күз. ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:Балаларды «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінбалалардың санасына жеткізу. Өздерін еркін ұстауға, сахна этикасына тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші:

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Балабақшамызда дәстүрлі.

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын күз. ертеңгілік»


Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Мақсаты:Балаларды «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінбалалардың санасына жеткізу. Өздерін еркін ұстауға, сахна этикасына тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші:

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Балабақшамызда дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым:

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шағын әңгіме құрастырып отырған бала отырады. Әрі- бері жүріп үстелге отырады.

Аяна:

-Сәлем,Аяна,не істеп отырсың?

Аяла:

-Достым, Аяна, үйге күз тақырыбында шағын әңгіме құрастыруға берген.Көмектесші.

Аяна:

-Аяла, оған қиналатын несі бар. Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойлан, содан кейін маған айтып бересің.

(Аяла ойланып жаза бастайды.)

Аяла:

Күз келді,күн суыта бастады,жапырақтар сарғайды,құстар жылы жаққа ұшып кетті деп ұйқыға кетеді. Дауысы біртіңдеп бәсең дейді.

Би : «Күз»

Балалар ән залына жүгіріп кіреді.

(Аяна мен Аяла сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )

Аяла:

-Біз қайда келдік?

Күз:

-Мен күзбін .Менің айларым –еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы ,берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

Ән:«Осень наступила»

Жүргізуші:

-Балалар сендер әнді тамаша айттыңдар,енді сендерге жұмбақ жасырып көрейін шешуін таба аласыңдарма екен?


1.Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)

2.Бұл недеген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)

3.Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.(қызылша)

Жүргізуші:

-Күз мереке, күз ырыстың белгісі
Күздің бізге бақыт –байлық бергені,- деп күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық.
«Көкөністер дауы» қойылымы.

Айназ:

Өнім биыл тамаша

Көз тоймайды қараса

Сәбіз, картоп, кәдішпен

Қып-қызыл піскен қызанақ.қырыққабатқа қарашы

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер:

Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз

Ішімізде адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Бұршақ-Сырым:

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмі тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

Қызылша-Аяла:

Менде бір сөз айтайын

Мақтанайын бәріңе

Менсіз борщ болмайды

Винегретте үстелде!

Қияр-Жантөре:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне.




Шалқан-Мұхамедали:

Кім білмейді шалқанды

Талайлар маған таң қалды

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз-Аяна:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қызанақ-Жанали:
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адамсүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Қырыққабат-Айзере:
Мақтанғаннан не пайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Картоп-Мөлдір:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер:
Жиналып каппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Жүргізуші:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!

Жүргізуші:

-Далаға қоңыр күз келді.Жемістер көкөністер пісіп,жерге түсіп жатыр.Аңдар

соны жинап , қысқа дайындалып жатыр.Орман ішін аралап бір қоян келе жатты.

Сахналық көрініс:

«Алма» ертегісі.

Жүргізуші:

Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң –шуақ
Біздің өмір көңілді – деп ендігі кезекті «Әдемі жапырақтар» биіне берейік.
Жүргізуші:

Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.

Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.

Кезекті бүлдіршіндеріміздің күзге арнаған тақпақтарына берейік.

К.Айда:

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Мирас:

Қандай өзі береген

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың

Өрік шие балы бар

Қарбыз,қауын көбейді

Жегің келсе бәрін ал!

Аблай:

Неге аласың демейді

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген!

Дәулетбек:

Самал қозғап қалғанда

Үзіледі сары алма

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап-сары.

Нұрай:

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін саламын мен!

Сұңғат:

Берекесін сыйлауға

Ортамызға күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Айша:

Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап

Көкке құстар тізілді.

Сұңғат:

Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Мөлдір:

Прошла лиса под кустом

И обожгла листву хвостом

Огонь по веточкам полез

И запылал осенни лес.

Айназ:

Кричит ворона в небе каррр

В лесу пожар,в лесу пожаррр

А было просто очень

В нем поселилась осень

Дина:

Вот на ветке лист кленовый

Нынче он совсем как новый

Весь румяный золотой

Ты куда листок?Постой!

Жүргізуші:

-Қайсанова Аида мен Қабдолла Динаның орындауында «Ертегілер» әнін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:

-Алтын күз, сен неге көңілсізсің?

Алтын күз:

-Мен өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп,бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп ,көз жасымды тыя алмай төгіп-төгіп жіберемін.

Жүргізуші:

Жаңбыр, жаңбыр жаумашы
Ойнайықшы тоқташы! - деп

«Тамшылар биі»

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар,балаларымыз ән айтып,би билеп,тақпақтарын айтып өнерлерін көрсетіп жатыр.Енді балаларымыздың актерлік шеберліктерін тамашалаңыздар.

«Қызыл телпекті қыз» ертегісін сахналау.

Жүргізуші:

Кел балалар ойнайық

Ойнайықта ойлайық

Ойын қызып жатқанда

Босқа қарап тұрмайық.

Ойын: «Кім жылдам?»

Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

Аяна:

-Аяла,сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің әңгіме құрастырғаның қайда?

Аяла:

-Аяна, мен күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс-жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлықдейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.

-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.

Жүргізуші:

Алтын күз сізбен бізге шуақшашсын.

Көңілдің серіппелік үйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Берекелі алтын күз. ертеңгілік

Автор: Сапанова Кундыз Абдрахманова

Дата: 26.10.2017

Номер свидетельства: 434718

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(18) "berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "500158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550415602"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ерте?гілік " Берекелі алтын куз""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien-ghilik-bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "273599"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452250103"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын  к?з"  ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "altyn-kuz-iertien-ghilighi-3"
    ["file_id"] => string(6) "264298"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449679941"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Алтын күз ертеңгілік»"
    ["seo_title"] => string(24) "altyn_kuz_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "347656"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475736593"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Берекелі, мерекелі - Алтын күз!" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(38) "berekeli_merekeli_altyn_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "592291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637598912"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства