Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Бақытты балалық шақ»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін
балаларға қуаныш сыйлау күні құтты болсын. әр баланың езуінен күлкі
кетпей, бақытқа кеңеліп, күлкілері жарқын естілсін. Бала деген еліміздің ертені мен келешегі. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салады
Әнді сүйсен менше сүй
-деп Абай атамыз айтқандай «Жас ұлан» ұйымынан келген Орынбай Арманның орындауында «Қордайым»-атты әнімен кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Балалар білесіңдерме? Бізге бүгін мектептен «Жас ұлан» ұйымынан өнерлерін көрсетуге әпке-ағаларымыз келіпті.
Қуаныңдар балалар тамсаныңдар
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Орманнан қоян келді
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар
Міне қызық балалар бізге қонаққа ағайынды түлкілер келіпті.
Қошеметпен қарсы алайық. Бүгін қандай тамаша күн балалар! Сендерге
орманнан әртүрлі қонақтар келіп жатыр міне бізге тағыда маймыл мен мысық келе жатыр. Қане бәріміз қарсы алайық.
Құр, тұрмайық балалар,
Билейік бірге жыланмен
Сезінсін олда жылуды,
Мерекені бүгінгі
-дей отырып ортаға жыланды шақырамыз.
Балалар сендер циркке бардыңдарма? Ендеше балалар бізге сонау Алматы қаласының циркінен Сайқымазақ пен жылқы қонаққа келіпті, ортамыға шақырайық.
Ал, қонақтар сіздер өнерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біздіңде балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Баламысын балдай
Шат күлкін қандай
Иісін мейір қанғандай
Былдырлап тілін, шыққанда үнін
Өзіңмен үйім толғандай
-дей отырып бүлдіршіңдердің тақпақтарын тамашалаңыздар.
Нұрбек- Кел, шырқайық, кәнекей,
Қосылайық бәріміз!
Асқақтасын әніміз!
Жадырасын жанымыз
Аруна- Он қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз
Айым- Кел, билейік бәріміз
Асқақтасын әніміз
Біз өмірдің гүліміз
Біз өмірдің сәніміз
Нұржан- Күндей болып күлеміз
Гүлдей болып өсеміз
Құстай болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз
Гүлдана- Бір аптада неше күн
Бір аптада жеті күн
Апта деген ағайында
Жеті бірдей ұлы бар
Мұны балам біліп ал
Аяулым- Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Қожабек- Шашады күн шуағын
Жағады күн шырағын
Бейбітшілік ұраным
Қазақстан тұрағым
Кәусар- Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Медер- Қолға қаламаламыз
Әуеде сурет саламыз
Ән айтамыз, би билеп
Күн сәулесін саламыз
Толқынай- Ертең ерте тұрамыз
Беті қолды жуамыз
Жаттығулар жасап алып
Асығамын бақшама
Маржан- Тербеледі ағаштар
Жел еседі алдымнан
Кіп кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі
Руслан- Қане-қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ енді шеңберге
Алақанды ұрайық
Айғаным- Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
10-ға дейін санап біз
Жақсы бала боламыз
Ринат- Әсем ән ғой керегі
Жаңына нұр себеді
Батырхан мен Нұрландай
Әнші болғым келеді
«Жас ұлан» ұйымынан Қалиева Ардақ «Айгөлек» әні.
Предмет: Внеурочная работа
Категория: Мероприятия
Целевая
аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт