Кешті? авторы ж?не ?йымдастырушысы : Ш.То?жігітов атында?ы орта мектебіні? физика п?ніні? о?ытушысы
Байжигитова Айг?л Н?рланбек?ызы.
Ж?ргізуші: 10 «а» сынып о?ушысы :Сакенова Салима
Ма?сат: О?ушыларды? білім де?гейін аны?тау, логикалы? ойлау ?аблеттері мен п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?ушыларды? а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру. О?ушыларды к?пшілік ортада с?йлеуге ж?не ?з ойын еркін айта алу?а да?дыландыру, жылдамды??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу. Ынтыма? педагогикасын шы?дау. / экранда с?з к?рсетіледі/
Сахна?а 8а,б сынып о?ушыларын ша?ырамыз. «Ми?а шабуыл » деп аталатын шыны?тыру с?ра?тарынан бастаймыз. Рахмет сіздерге.
/ экранда с?з к?рсетіледі/
Б?гінгі «Б?рін де білеміз! Білгім де келеді ! » атты п?ндік шоуды бастау ?шін ата- аналарды 1-ші стол?а ша?ырамыз/
1 – КЕЗЕ?:«Кел, тілдесейік.» деп аталады. М?нда ата-аналар тобы тапсырма береді, о?ушылар жауап береді. Тапсырма к?нделікті ?й - жайда кездесетін физикалы? ??былыстар туралы болма?. С?ра?тар мен танысып, ой?а т?сіріп алы?ыздар.
2. ?йдегі светті? пайдалану пары?ын к?рсететін ?уатты ?лшем бірлік? /Ватт/
3. Бізді? ?рекет не деп аталады? ?рлі - берлі ж?рістер к?рсетеді. /?оз?алыс/
4. Біз ?андай зарядпыз? /?р аттас/
5. ?ар неге а? т?сті? / ?ар м?лдір м?з кристалы. Егер м?зды майда т?йіршіктерге б?лсек, ?са?ынан а? т?сті ?нта? пайда болады./
6. с?ра?ты экраннан к?ресіздер.
2 – КЕЗЕ?: «Ойланайы?, ойлайы?!» логикалы? есепті о?ушылар тобы ?ойма?шы. М?нда о?ушылар зерттеулер ж?ргізу а?ылы м?ліметтер жина?тап, сіздерді? біреулері?ізге туыс болып келетін ?й иесінде сонша ?йрек бар екендігін аны?тады.
Тапсырма: Бір топ ?йрек ?шып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуіні? ортасында параллель ?шуда, ?шеуі тізбектеліп, тізбектей ?атар ?ш?ан. ?анша ?йрек ?шып келеді?
Просмотр содержимого документа
««Б?рін де білеміз! Білгім де келеді ! » »
«Бәрін де білеміз! Білгім де келеді ! »
/пәндік шоу/
Кештің авторы және ұйымдастырушысы : Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің физика пәнінің оқытушысы
Байжигитова Айгүл Нұрланбекқызы.
Жүргізуші: 10 «а» сынып оқушысы :Сакенова Салима
Мақсат: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қаблеттері мен пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ынтымақ педагогикасын шыңдау. / экранда сөз көрсетіледі/
Көрнекілігі: слайдтар, физикалық аспаптар, физикалық тәжірибе құралдары.
Әдіс – тәсілдер: ауызша, тәжірибе жасау.
Түрі: Ата-анамен бірлескен жұмыстар.
К Е Ш Т І Ң Б А Р Ы С Ы:
Жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!-деп кешке қатысушыларды ортаға шақырайық.
«ОЙШЫЛДАР» ата-аналардан құралған топ.
Ұраны: «Жарыс десе жанымыз, бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.»
4-ата-ана: Жеңістің ұранын сала /Мейрамгүл, Серік, Қуаныш/
Жүргізуші: Бұл топта 7-аттас зарядтары бар. Көздерінің өтімділік қаблеті нашарлаған. Жүрістері уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Зарядтарының шамасы жарты күнге жетеді. Магнит өрістері әлсіз. Ешкімге бағынбайтын бейтарап бөлшектер. Сөйлеген сөздерінің жылдамдығы жарық жылдамдығынан төмен. Бірақ активті.
Бұл ата-аналарымыз Бақыт Елшібайқызы, Назипа, Айжамал, Перизат, Бәкеш сияқты ұлағатты ұстаздар мен Қапар,Айгүл, Қарлығаш, Самал менен Гүлмира мұғалімдердің сүйікті шәкірттері. Физиканы, химияны, биология пәндерін сүйіп оқыған. /экранға назар аударайық/
«ТАПҚЫРЛАР» оқушылардан құралған топ.
Мына бізде бәрі бар, ұзындар да табылар
Мысалы үшін Алмас бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Мадина , бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Абылай деген нұсқа бар,
Күндей сұлу Айнаш пенен Елжан бар
Міне, бізде бәрі бар..... Гаухар да бар, Зайтүн бар
Жер бетінен табылар!
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске.»
1-оқушы: Біз дайынбыз бұл сынаққа, достарым, /Мадина/
2-оқушы: Көрсетеміз бізде қандай күш барын. /Елжан/
3-оқушы: Алға қойған мақсатымыз бір екен, Айнаш/
4-оқушы: Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! /Абылай/
Жүргізуші:Сіздерге сәттілік тілейміз.
/экранда сөз көрсетіледі/
Сахнаға 8а,б сынып оқушыларын шақырамыз. «Миға шабуыл » деп аталатын шынықтыру сұрақтарынан бастаймыз. Рахмет сіздерге.
/ экранда сөз көрсетіледі/
Бүгінгі «Бәрін де білеміз! Білгім де келеді ! » атты пәндік шоуды бастау үшін ата- аналарды 1-ші столға шақырамыз/
1 – КЕЗЕҢ:«Кел, тілдесейік.» деп аталады. Мұнда ата-аналар тобы тапсырма береді, оқушылар жауап береді. Тапсырма күнделікті үй - жайда кездесетін физикалық құбылыстар туралы болмақ. Сұрақтар мен танысып, ойға түсіріп алыңыздар.
1. Сүтті далаға шығарып едім, қатып қалыпты. /сұйық күйден қатты күйге өту құбылысы/
2. Үйдегі светтің пайдалану парығын көрсететін қуатты өлшем бірлік? /Ватт/
3. Біздің әрекет не деп аталады? әрлі - берлі жүрістер көрсетеді. /Қозғалыс/
4. Біз қандай зарядпыз? /Әр аттас/
5. Қар неге ақ түсті? / Қар мөлдір мұз кристалы. Егер мұзды майда түйіршіктерге бөлсек, ұсағынан ақ түсті ұнтақ пайда болады./
6. сұрақты экраннан көресіздер.
2 – КЕЗЕҢ: «Ойланайық, ойлайық!» логикалық есепті оқушылар тобы қоймақшы. Мұнда оқушылар зерттеулер жүргізу ақылы мәліметтер жинақтап, сіздердің біреулеріңізге туыс болып келетін үй иесінде сонша үйрек бар екендігін анықтады.
Тапсырма: Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында параллель ұшуда, үшеуі тізбектеліп, тізбектей қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?
/ Үш үйрек/ /Гаухар/
3 – КЕЗЕҢ: «Кім тапқыр ?»ата-аналардың тапсырмасы. Мұнда ата-аналар өздері білетін физикалық,биологиялық, химиялық приборларды ала келіпті. Берілген приборлардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру керек./
1/ Амперметр ( ток күшін өлшейтін құрал) / Ләззат/
2/ Электроскоп ( дененің электрленуін анықтайтын құра ) / Бекзат/
3) Микроскоп ( Заттарды ұлғайтып көрсететін құрал/ / Серік/
4 – КЕЗЕҢ: «Ойланып көр.» жүргізушінің тапсырмасы. Қолымда екі конферт бар.
«А» конфертіндегі тапсырма ата-аналарға беріледі.
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.
Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен салыңыз.
Не байқадыңыз? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.
Жұмыртқаны стақанның ішінен алыңыз. Стақанға 10 шай қасық тұз салыңыз, толық ерігенше арластырыңыз. Енді жұмыртқаны қайта стақанға ептеп салыңыз.
Не байқадыңыз? Жұмыртқа жоғары қалқып шықты, яғни батпады.
Себебі: Судың тығыздығы артты.
«В» конфертіндегі тапсырманы оқушыларға беремін.
Қажетті заттар: стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз.
Стақанның жиегіне дейін су толтыр.
Бетін қағазбен жап.
Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
- Не байқалады? Сустақаннан су төгілмейді.Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақаннан су неге төгілмейді?
- Себебі: стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады.Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
5 КЕЗЕҢ: «Физика, химия,биология қиын, ашиды миың.» сергіту сәтін Айгүл мұғалім және Қуаныш аға жүргізеді. / көрермендермен жұмыс/
1/ Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (айналдыру арқылы)
2/ Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
3/ Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? ( Барлық жерінде бірдей 24 сағат)
4/ Элементтердің таңбасын білеміз бе?
5/ Тауықты тойындыра алмайсың,
Қызды киіндіре алмайсың.
6/ Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
7/ Құс патшасы бүркіт,
Аң патшасы арыстан.
/ экранда сөз көрсетіледі/
6 КЕЗЕҢ: «Әннің физикалық мағынасын аш.» әндер орындаймыз, тыңдаймыз.
1. Желсіз түнде жарық ай............. / Жарықтың шағылу құбылысы./
Бақыт орындайды.
2.Жұлдызды түнде шаттанамын ................ / Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс/