kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ауылым - алтын бесігім" - сынып сағаты жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты жоспары. бұл сынып сағаты туған аулымыз Сарөмер мен Шалқар көлі туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ауылым - алтын бесігім" - сынып сағаты жоспары»

«Бекітемін» МДТЖЖО: Мусағалиева А.А.

Тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім

Мақсаты: Оқушыларға ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім беру. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі:

«Ауылдың даласыз күні жоқ,

Даланың ауылсыз құны жоқ»


Мұғалімнің сөзі:

Біздің Отанымыз –Тәелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңісті далам, кең далам.

Тудым, өстім есейдім...

Ен далам – анам, мен балаң!

Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса, бүгінгі сабағымызды ауыл туралы ойқозғаудан бастасақ.

«Ой қозғау»

«Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

Сонымен «Ауыл» сөзіне топтастыру жасайық:

Ауыл – туған мекен, балалық шақ мекені, ата-баба мекені, атақты азаматтар шыққан жер, төрт түлік мал өсіретін жер, астық, егін жиналатын жер, ата-әжелеріміздің тұрағы, ауылда адамдар бірін-бірі жатқа таниды, сыйласады, саялы табиғат, суы шипалы Шалқар көл т.б.


«Тарих парақтарынан»

Шалқар селолық округі:

  • Шалқар ауылдық округі аудан орталығы Федоровка селосынан оңтүстікке қарай 140 км жерде орналасқан.

  • Ауыл іргесі 1927 жылы қаланып, Орал өңірінің маржаны - Шалқар көлінің оңтүстік жағалауы мен Сасай тауы аралағынан орын тепкен.

  • Жер көлемі 94 мың гектар. Жалпы халық саны – 2009 адам.

  • Ауылдық округте 1 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 фелдшерлік пункт, орталықта 1 дәрігерлік амбулатория, 2 почта байланыс бөлімшесі, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 электр жүйесі, 3 мал дәрігері тұрғындар үшін қызмет көрсетеді.

  • Сондай-ақ ауылдық округ көлемінде 12 жеке шаруы қожалықтары, 4 кәсіпкерлікпен айналысатын орындар бар.

  • Ауыл маңында жабайы аңдардан (қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, борсық, саршұнақ, аламан) кездеседі.

  • Ауыл табиғи газбен, таза сумен қамтамасыз етілген.

Ауыл шежіресі:

  • Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Октябрь ауылдық кеңесі Дуана мекенінде 1927 жылы Манатау атындағы колхоз ірге көтерді. Ол колхоздың жер көлемі 1400 га, 22 тұрба басы, 31 бас малы болды. Алғашқы кезде тек мал өсірумен айналыст

  • Ұлы Отан соғысы жүріп жатқанда ауыл үшін ауыр жылдар болған. Колхоз басшылары малдан алынатын өнімді колхоз мүшелеріне бөліп беріп отырды. Ал егін шаруашылығы тұрақты өнім бермеді.

  • 1946-52 жылдарды шағын колхоздарды біріктіріп, яғни Манатау, Жарқын көл, Құм-Құдық, Социализм, Кеңтүбек колхоздары бірігіп, Ленин атындағы колхоз болып құрылды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар жүрді.

  • Соғыстан кейінгі жылдары аулға алғашқы тракторлар келе бастады. Тракторге алғаш отырып, рөл ұстаған Жолдыбаев Еслам, Мүсіралиев Қабден, Жасауов Қабдош деген азаматтар болды.

  • 1952-64 жылдарда Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы таратылған кезде аталмыш ауданның Қасымтау ауыл Советіне қарасты Чапаев, Еңбек колхоздпрының тұрғындары көшіп келіп, Ленин атындағы колхозға қосылды. Барлығы 7 колхоздың есебімен, адам саны, жұмыс қолы көбейді, мал басы өсті.

  • Тың жылдары Жұмағалиев Иманғали және Ермішев Орынғали сынды азаматтар Социалистік Еңбек ері атанды. Жер көлемі айтарлықтай өсті. Ірі қара 1700 бас, қой 18000 бас, жылқы 1500 бас, түйе 45 басқа жетті. Халықтың жағдайы да көтерілді.

  • 1964-73 жылдар аралағында колхоз еңбек үшін ақшалай ақы төлеуге көшті, колхоз алғаш рет бір миллион пұт астық тапсырып, “миллионер колхоз” атанды. Құрылыс салына бастады: мәдени ошақтар, мал қоралары бой көтерді.

  • 1970-90 жылдарды колхоз жақсы өркендеді. Аға шопан Байғалиев Рысқали “Даңқ орденінің” 2-3 дәрежесіне ие болды, орден иемденген механизаторлар саны өсе түсті.

  • 1997 жылы басталған “жекешелендіру”дің салқыны бұл шаруашылықты да күйзелтті. Колхоз жеке шаруашылықтарға ыдырады. Қазіргі таңда бірнеше жеке шаруа қожалығы бар.

Шалқар – інжу-маржаным:

  • Шалқар көлі теңіз деңгейінен 16,7 м биіктікте. Ауданы 242 шаршы км, ұзындығы 18,4 км, енді жері 14,7 км, орташа тереңдігі 4,8 м, ең терең жері 13 м, суынң көлемі 1 млрд м куб, жағалауының ұзындығы 57 км. Көл шарасы эллипс тәрізді. Жағалауы құлама жар Су жинайтын алабының оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігі төбелі-белесті, қалған жері жазық келеді.

  • Бетегелі- бозды, жусанды өсімдік басым өскен алабы – мал жайылымы. Көл арнасы жаңбыр және жерасты суымен толығады. Шалқарға шығысынан Шолақаңқаты, Есенаңқаты өзендері құяды. Оңт.-Батысынан Ащыөзен ағып өтеді.

  • Сазан, табан, көксерке балықтары ауланады. Шалқарды жергілікті тұрғындар “Кіші теңіз” деп те атайды. Көлде аққу, қаз, алуан үрлі үйректер, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді.

Тапсырмалар:

Шығармашылық жұмыс түрі:

І топ «Ақындар» тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары, өлең құрастыру, эссе жазу)

ІІ топ «Жасыл ел» тобы; (ауыл табиғаты,Шалқар көлі, парк және мектеп маңына егілген ағаштар саны туралы мәлімет беру)

ІІІ топ «Сәулетшілер» тобы; (ауылдың болашақ туризм орталығы жайлы жоба даярлайды, оған ат қояды)

ІV топ «Салыстырушылар» тобы (Венн диаграммасы бойынша ауылдың өткені мен бүгінін салыстыру)


Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік.(Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған оқушылар - ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін - 2030 жылдың жастары.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ауылым - алтын бесігім" - сынып сағаты жоспары

Автор: Аралбаева Актолкин Габбасовна

Дата: 26.02.2021

Номер свидетельства: 574366

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?абілетті баламен жеке ж?мыстану жоспары"
    ["seo_title"] => string(49) "k-abilietti-balamien-zhiekie-zhu-mystanu-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "250296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447067343"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Абай орта мектебіне - 90 жыл" кеш жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "abai-orta-miektiebinie-90-zhyl-kiesh-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "310125"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458929547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства