Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Аудандық «Жаяу Мұса» оқулары
2017 жылғы 31 қаңтар Баянауыл ауданындағы Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі аудандық «III Жаяу Мұса» конференциясы өткізілді. Мақсаты – Жаяу Мұса Байжановтың өмірі мен еңбектерін насихаттау, оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау. Әрбір байқауға қатысушы оқушылар ұлы ақынның шығармашылығы бойынша білімдерін жан-жақты көрсете білу тиіс. Конференция 4 бағытта жұмыс жасады.Бірінші бағыт: «Жаяу Мұса мұрасы-қазақтың асыл қазынасы» атты ғылыми жобалар сайысы. Бұл бағыттың талабы жергілікті ақын-жазушылардың тың еңбектерін зерттеу, жариялау болды. Екінші бағыт: «Ақ сиса» ән биігі қазақтағы зұлмат пен зорлығына бас ұрмаған» Жаяу Мұса сүйіп айтқан, орындаған әндерді орындау. Жаяу Мұса ақынның «Баянауыл», «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Шолпан», «Көкаршын», «Киргизский жәрмеңке», «Гауһар қыз», «Құлбай бай» әндерін нақышына келтіріп орындаулары қажет.Жас ерекшеліктеріне қарай үміткерлерді екі топқа бөлді.Үшінші бағыт: «Жаяу Мұса бабама ұқсаймын-деп, биігіңе қол создым, Баянаула!» мүшәйра сайысы. Мүшәйра сайысында сайыскерлерге аталған шараның иесі туралы жүрек-жарды туындыларын арнау, өз таланттарын шыңдау. Төртінші бағыт:«Өткеннің үлгілі ісін оқып жатта, көңілге ой салады әр уақытта»Жаяу мұса өмірі мен шығармашылығы туралы 30 сұрақтан құралған тест тапсырмалары таратылып, білімдері сыналды.
Конференцияға аудандағы барлық мектептерден 56 оқушы қатысып, оның 23 «І», «ІІ», «ІІІ» дәрежелі дипломдармен және ерекше қабілеттері үшін: «Жас ғалым», «Жас ақын», «Білгір оқушы», «Көңілім әнді ұғады» номинациялармен марапатталды.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт