kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата заңым- айбыным

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:« Ата Заңым- айбыным»

Мақсаты:

Білімділігі:Тәуелсіздік  ұғымын түсіндіру.   Тәуелсіздік  жолында 

құрбан  болған қазақ халқының  ерлігімен таныстыру.

Тәрбиелілігі:Туған  жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,                                      адамгершілігі мол  азамат   етіп  тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке  тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра  білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, кинофилмдер, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі.Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата заңым- айбыным»

Сабақтың тақырыбы:« Ата Заңым- айбыным»

Мақсаты:

Білімділігі:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында

құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.

Тәрбиелілігі:Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, кинофилмдер, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі.Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: ой бөлісу, көрсете – суреттеу, ауызша баяндау, сұрақ – жауап алу.

Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың мақсатымен таныстыру;

Сынып оқушыларын сабаққа даярлау;

Дәйексөз:

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

Барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

А)Қызығушылығын ояту.

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би

Ә)Мағынаны тану.

  • Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.

ІІ.Негізгі бөлім: Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1-жүргізуші:

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан тәуелсіз Республикасы.

«Отан» деген сөзге ой шақыру.

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.



1991 жылы

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

1992 жылдың 4 маусымы тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.

Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранымен айбатты.

Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.


Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.







Мемлекеттік Ту.

Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.



Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов

Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


  • Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

  • Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.

  • 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

Дала да думан,қала да думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым.

Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:

1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

6.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

7.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілемдедім

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

11.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанаға.

(кинофильм көрсету)

12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.

14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІ съезі өтті.

16.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.

17.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.

18.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

19.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.

20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.

21. 2009 жыл Туған облысымыз Қызылорданың 190 жылдығы.

22. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.

23. 2011 жылы VIIқысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.

24. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды

Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қорытынды сынақ. (ойын-сұрақ)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тест.

1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

а) 1991 жылы 16 желтоқсан

ә) 1995 жылы 30 тамыз

б) 1997 жылы 17 қараша

2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?

а) Ш.Ниязбеков

ә) Ж.Мәлібеков

б) Ш.Айманов

3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?

а) 1998 жылы

ә) 1986 жылы

б) 1991 жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ата заңым- айбыным

Автор: Қадырғалиев Ерсейт Тлепбергенұлы

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397361

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Ата за?ым арда?ты" "
    ["seo_title"] => string(19) "ata-zan-ym-ardak-ty"
    ["file_id"] => string(6) "181989"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425446524"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Алтын За?ым арда?ым "
    ["seo_title"] => string(21) "altyn-zan-ym-ardag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "233859"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443257329"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ата за?ым айбыным!"
    ["seo_title"] => string(15) "atazanymaibynym"
    ["file_id"] => string(6) "289227"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454763141"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Ата За?ым - айбыным" 2 "А"  гимназия сыныбы"
    ["seo_title"] => string(33) "atazanymaibynym2aghimnaziiasynyby"
    ["file_id"] => string(6) "305337"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457914285"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ата За?-Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(25) "atazantuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "292126"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455216429"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства