Тақырып: Әдептен озбайық Құндылық: «имандылық» Қасиеттер: әдептілік, кішіпейілділік Мақсаты: 1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру. 2. Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту. 3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. I. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т әдісін сабақ барысында орындаймыз. Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық II. Тыныштық сәті - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. • Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап - жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Әдептен озбайық! "»
Тақырып: Әдептен озбайық Құндылық: «имандылық» Қасиеттер: әдептілік, кішіпейілділік Мақсаты: 1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру. 2. Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту. 3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. I. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т әдісін сабақ барысында орындаймыз. Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық II. Тыныштық сәті - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. • Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап - жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? «Көпір» Бұрынғы өткен материалдарды есіне түсіріп, сұрақтарға жауап береді Адами қарым - қатынастағы ең басты міндет не? Сәлемдесу білеміз бе? Сәлемдесу ненің белгісі? Әдепті сөйлеудің адами қарым – қатынасқа ықпалы қандай? Өзгенің сөзін тыңдамау, дұрыс жауап бермеу әдептілікке жата ма? II кезең «Әдептен озбайық» тақырыбын өз беттерімен меңгертуге жағдай жасау Теориясы: «Білу» Тақырып мазмұны бойынша сұрақтарды талдау - Сіз өмірден қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз? - Жалпы қазақ халқының қандай әдеп нормаларын білесіз? - Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не? - Әдептілік адамның іс - әрекетінде қалай көрініс табады? - «Дұрыс жүру, тұру, әдепті бола білу – ұсақ-түйек емес» деген қалай түсінесіңдер Теориясы: «Түсіну» Мәтін бойынша әңгімелесу Соңынан дәйексөзбен қорытып түсіндіру Оқу ақпарат: Әдеп сақтау – адамгершіліктің белгісі. Әдеп сөзінің баламалары өте көп: адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік, сыпайылық, имандылық қасиеттері бар бала басқа балаларға да ерекше ілтипатпен қарайды. «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» демекші сәлемдесу де әдептіліктің жоғарғы құндылығы. Қоғамдық көліктегі келеңсіз жағдай Бүгін автобуспен үйге қайттым, үлкен әдепсіздікке жолықтым. Жүрегімнің ауырғаны соншалықты, көзімнен бір тамшы жас шығып кетті, мүмкін, мен қатты көңіліме алғаным шығар, алайда бұл мәселені қозғамау мүмкін емес. Автобусқа кірдім, жастар артында, ал үлкен кісілер алдында отыр екен. Мен отырған аялдамадан тағы бір үлкен кісі, жасы шамамен 65-ке келген ата автобусқа кіруге ұмтылды, жүргізуші қарт адамның отырғанына мән бермеді, тіпті атаның кіргеніне көз салмады да есіктерді жауып жүре жөнелді. Қарт кісі құлап кете жаздады, бірақ ештеңе демеді, қолымды беріп едім, рақмет балам деді де қоя салды. Сосын отырайын десе орын жоқ, орын беретін жастар автобустың артына отырып алған. Алдыңғы жағындағы кісілер 40 - 50 жас шамасында, өздерін кәрі сезінді ме, артындағы жастар орын берсін, жастар отыр ғой деді де қозғалмады. Не деген сараңдық деп ойладым, не деген тас жүректік, ол кісі бізден қарағанда көп нәрсе көрді ғой, бір адам болсын тұрып орын бермеу, не деген адамдар олар сонда, мүлдем түсінбедім. Біраз уақыттан кейін бір жігіт ұйқысынан оянып тұрып, орын берді. Қарт кісінің аяғы ауырады екен, жүруі қиын, әрең дегенде жанағы орынға барып отырды. Жігітке үлкен рахметін айтты. Жігітке мен де риза болдым. Ол ұйқысынан енді тұрғандықтан түк түсінбей қалды. Күлді де шығып кетті, әттең мен де шығып кете алғанымда ғой, алайда аялдамама әлі жеткен жоқпын. Қарт кісі ешкімге ашуланбады, керісінше сондай жағдайда екеніне өзін кінәлі сезініп қана отырды. Ал мен болсам ол кісіге қарап, мұңаюмен өлең тыңдап тұрдым. Сонымен автобустағы адамдар бірінен кейін бірі түсе бастады, атаның түсетін уақыты келген екен, орнынан тұрып екі аялдама бұрын дайындалып жатыр екен, себебі, басқа адамдарға кедергі келтіргісі келмеген - ау. Неге түспей жатыр екен деп мен уайымдап тұрдым. Сосын барып түсіндім. Ол кісі түсіп бара жатыр еді, сыртқы жақтан бір жігіт көмектесті, оған қатты қуандым. Сосын терезеден қарт кісінің әрең дегенде жүріп бара жатқанын көрдім да, ішімнен аман болыңыз, бұндай жағдайға енді тап болмаңыз деген болатынмын. Мен түсетін аялдамаға жеткенше ойланумен болдым.