kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысы? ?з Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

План конспект открытого мероприяти составлен для проведения праздника наурыз мейрамы. разднование Наурыза начинается со встречи рассвета. После чего все встречающие рассвет берут грабли, лопаты и идут к роднику для его чистки. Затем под наблюдением уважаемых старших отправляются на посадку деревьев. По традиции при посадке деревьев по традиции нужно приговаривать "Пусть останется в памяти от человека дерево, нежели стадо", "Срубил одно дерево - посади десять!" После ритуальной посадки деревьевьев выбирались 2 жыршы(зазывалы), которые ходили по селу(или другому населенному пункту) и соберали народ на празднование Наурыза. Все одевались в празднечные красочные костюмы и шли на празднечное представление. Проводилось множество конкурсов среди девушек, юношей и акынов
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысы? ?з Наурыз! »

Армысың әз Наурыз!
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру.
1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын
1-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Тіршіліктің көзі, табиғаттың гүлденуі бәрі де Анадан басталады, ендеше жаңа өмір бастауы болған ұлы да киелі аналарымызға ән- шашу ретінде тойымызды

Олжастың орындауында «Асыл ана» әнімен бастағымыз келеді. Қабыл алыңыздар !

Келесі кезекте Қазақ биі (Қамажай) қыздар тобы




2-жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!
1-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Ортағаш ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.
(Ауыл бейнесі. Ортада стол, Ата, немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын.
(Жастар келеді: Айжан, Жазира, Тұрарбек, Сағатбек, Ақжелең, Жанель) Аталарына көріседі.
Тұрарбек: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік.
Ата: Ия балам өркенің өссін!
Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.
Айым: Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.
Ән: «Шақырады көктем» Айымның орындауында қарсы алыңыздар.



1- жүргізуші:
Наурыз тойын жұп жазбай
Биыл қарсы алайық
Досқа құшақ ашайық,
Өлең, жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
( Ауыл адамдары келіп, аталар мен аналарды наурыз мерекесімен құттықтай отыра шашуларын шашады)
(Пошташы жігіт келеді. Рольде
Төрәлі: Ассалаумағалейкүм атай!
Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз.
Ата: Ия балам рахмет! Қандай жаңалығың бар. Айта отыр.
Келіні: Дәм алыңыз.
Пошташы: Алып отырмын. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Үлкен дайындық жүргізілуде. Алда тек еліміз аман болсын, қариялар сіздер ақылшы болып жүре беріңіздер.
Ата: Тілегің орындалсын. Аман жүр.
(Пошташы кетеді.)

Жайнагүлдің орындауында «Бегім-ай жыры» қабыл алыңыздар

Ата: Әңгімелеріңді айта отырыңдар.
Жүрген жерлерің аман ба?
Бағдагүл: Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымнан қалыспай бір әнімді орындап берейін.
Ән: Наурыз-Көктем. Орындайтын: Бағдагүл
Ата: Келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналды ғой. Айғаным құдағиды шақырып, немеремізді бесікке салдыртып алайық.
Келіні: Ата менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй қайным сен құдағиға барып кел, мен қыздармен бесіктойға дайындық жүргізейін.
1-жүргізуші:
Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталады.
2-жүргізуші:
Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды.Ортағаш ауылыда тек жақсы жаңалықтарға толы екен. Бәріміз бірге бесік тойын тамашалайық.
1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын ата мекен кең далам.
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
2-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.


(құдағи келеді) Бәрі көріседі.

Ата: Құдағи мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.
(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)


Ата: Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға жолдап жатырмын. Думанның алдына баланы апарады.
Думан:

Сенің атың Наурызбек. Үш рет қайталайды.
Әкеңнің аты Қадырбек.
Атаңның аты Иманбай.
Анаңның аты Айғанша.
Бақытты бол.
(Келіні Айғаным құдағайға баланы апарады.)
Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.
(бесікке салу дәстүрі) Ғ. Перизат
Әлди-әлди ақ бөпем, орындайтын: .

Ән: Шашу әні. Орындайтын: Дильназ
Ата: Құдағи, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.
Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.

1-жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.
1-жүргізуші: Түрлі-түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.

2-жүргізуші: Ал қане жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.
(Жастар жиналады. Айым сақина салып жүреді.)

Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1-2 рет ойнату керек.
(Диас ұсталып қалу керек.)
Әсия: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?
Диас : Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.

1-сынып оқушылары
(Бәрі билейді.)
1-жүргізуші: Өздеріңіз тамашалағандай, көрісу,
2-жүргізуші: бесікке салу, ұлттық ойындар жыл сайынғы наурыз мерекесі сайын аталып өтіледі.
1-жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.
2-жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
1-жүргізушңі: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:
Дүние – үлкен көл
Заман – соққан жел.
2-жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
1-жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.

1-жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.
(Көже тарату)

Би: «Ақсаулем» биін бастауыш сынып қыздарының орындауында қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата сұрайық.
Көже істеген келіңдер,
Көпке жаққан елшіл бол!
Бата беру
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле-жәле жерге енсін
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып кәрі-жас,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жұмырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын! Әумин!
Ән: «Наурыз жыл басы» орындайтын: Дильназ
(Көрермендер отырған залдың екі жақ есіктерінен балалар дауыстап, сүйінші сұрап жүгіріп кіреді, соңдарынан Қыдыр ата келе жатады)
Балалар:
Сүйінші! Сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр, Қыдыр ата! Қыдыр ата!

/Сахнаға Қыдыр ата шығып, отырған қауымға бата береді/
Қыдыр ата:
Ассалаум уағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын
Қабыл ал жаратқаным батамды менің!
Ниеттерің ақболсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
Әумин!
Назираның орындауында: «Саржайлау»

(Сахнаға Наурыз қыз шашуын ала келіп шығады, шашуды залға шашпақ бұрын, жасыл жапырақтарды, гүлдерді шашып жол салады, көктем ізін қалдырады)
Наурыз қыз:
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Мен келдім де ғаламшарды жайнаттым.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеще
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттым
("Табиғат дыбысы" музыкасы ойнайды)
Би: «Қол шатыр биі» қарсы алыңыздар

1-жүргізуші.
Жарқырасын Атыраудай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,

Малға толып жатсын барқыт беліміз!
Дәулеттің орындауында «Қызыл өрік» - әнін қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Би: «Моно-моно» биін қарсы алыңыздар

  Қазіргі кезде Наурыз мерекесі мемлекеттік мереке ретінде 21 наурыз Иранда, Азербайжанда, Албанияда, Ауғаныстанда, Ирак күрдістанында, Үндістанда, Қырғызстанда, Грузида, Ирак Күрдістанында Маденияда, Түрік елінде, Түркменстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында Тажікстанда 4 күн мерекленеді. Сонымен қатар Татарстанмен Башқұрстанда тойланады.

1-жүргізуші:
Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші:
Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік!

Мереке құтты болсын, ақ мол болсын!

ІІ бөлім. Даладағы спорт ойындарын тамашалаңыздар


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Армысы? ?з Наурыз!

Автор: Кенжесова Нурсулу Казтаевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175988

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства