Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Ана тілі» сабағында алған білімдерін «Дүниетану», «Еңбек», «Сурет» сабақтарында алған білімдерімен ұштастыру. Күзде істелетін жұмыс түрлері мен күздің адамға тигізетін әсерін дәріптеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» атты газет, оқушылардың «Қош келдің, алтын күз!», «Құс қайтқанда» тақырыптарында салған суреттері, «Еңбек» сабағында жасаған жұмыстар көрмесі
