Т?рбие са?атыны? ма?саты: О?ушылар?а ана алдында?ы парызы мен ?арызы туралы т?сінік беру.Ана?а деген с?йіспеншілікке баулу, ана е?бегін арда?тап, мейірімділікке, сый - ??рметке т?рбиелеу.
К?рнекілігі: та?ырып?а байланысты ма?ал - м?тел, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ана - ?мірді? г?лі"»
Күні:07.03.2015ж. Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі» Тәрбие сағаттың мақсаты:Оқушыларға ана алдындағы парызы мен қарызы туралы түсінік беру.Анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу. Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты мақал – мәтел,нақыл сөздер жазылған плакаттар. Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: а) әнұран айтқызуә) тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІ.Кіріспе Динара: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар!Сіздерді 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мирас:Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер,ұлағатты ұстаздар «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кешііз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Бекзиат: Мереке құтты болсын, аналарым Мәпелеп еркелеттің, аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән ,жырымызды қабыл ал аналарым!
Әблез Диас:Армысыздар мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би билеп, әнде бүгін шырқалар!
Гауһар: Той пердесін ашайық, Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық! Ән: Ана туралы жыр.Әли мен Қанаттың орындауында.
Аида:Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңізші!Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі.
Диана:Жылылықтан жаралған Құшағы оның - таң мекен. Менің айдай анамнан Асқан сұлу бар ма екен?!
Әли:Мейірі - нұр төгілген Күн көзіндей жанары, Ойымды оқып өңімнен, Дірілдейді қабағы.
Қанат:Жер бетінің ғұмыры Күн нұрымен арайлы. Біздің үйдің жылуы Анамыздан тарайды
«Испан биі» Айзаттың орындауында.
Ерасыл:Ару – өмірдің жыры,тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.Қандай нақты айтылған ой десеңізші!
Құрмаш Мирас:Мейірімді анам күн нұры, Шапағы мол шашылған Сен өмірдің бұлбұлы Гүлің менін ашылған!
Айзат: Өмірде қымбат, дүниеде сымбат Аяулы ана, сен ғана Көңілі асқан өзендей тасқан Анашым апа,сен ғана.
Ән: «Құттықтайын мама» Дінмұхамед және Динараның орындауында.
Гауһар:Баланың да тірегі Даланың да тірегі Шаншыласын ешқашан Аналардың жүрегі!
Көрініс: «Ақ шаш» Бақытжан: Айналайын анашым, Ұл- қызына панасын. Ұрпақ үшін қашан даКүйесің де жанасың.
Төлеген Диас: Әлпештеген баласын: Ана- бақыт, ана – күн Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын!
Жұбаныш:Әр сөзіңді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам Айналайын, ақ мама!
ІІІ.Қорытынды: Сынып сағатын қорытындылау үшін топтастыру жұмысын жүргізу.Тақтада күннің суреті ілініп тұрады.Ортасында «ана» деген жазуы болады.Күннің шуақтарына оқушылар аналары туралы жылы сөздер жазуы тиіс.
әдемі қамқор
аяулы қатал
мейірімді сұлу
тамақты дәмді дайындайды еркелетеді
Бекзиат: Құрметті асыл аналар әжелер, сұлу арулар, ұлағатты ұстаздар!Көктемнің ос ымерейлі мерекесінің шуағы мен жылуы сіздердің жүретерінізді әрдайым жылыта берсін. Мирас: Сіздердің барлық тілектеріңіз орындалсын, жан дүниеңізге тыныштық орнығып, отбасыларыңыздан жанға жайлылық, бақыт пен қуаныш арылмасын. Динара: барлықтарыңызға зор денсаулық еңбектерңізге табыс, мерекелік көңіл – күй тілейіз!Осыен 8- наурыз аналар мереесіне арналған кешііз аяқталды.Таашалағандарыңызға көп – көп рахмет.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі