Просмотр содержимого документа
«Айналайын, анашым!»
№31 «Күншуақ» МДҰ
«Айналайын,Анашым»
(мерекелік ертеңгілік)
Дайындаған: Жуканова А.Ж.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қадірлі де ардақты аналар,әжелержәне сүйкімді қыздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Ана-жүрек,Ана –тірек, тіректі құрметте! Ана –шыңың, шыңына сағынып жет! Ана-күнің, күніңе табынып өт! Иә, шынында да,Ана құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы –аяулы аналар!Құрметті қонақтар! «Еркетай» тобының «Айналайын, Анашым» атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Аналардың мерекесін бастайық. Көздеріңнен көрем шаттық арайын, Өтсін солай әрбір күнің , әр айың –дей келе бүлдіршіндердің әнін қарсы алыңыздар.
Ән: «Апам үшін»
-Ана дейміз бәрімізде аңқылдап Ана дейді жас сәбиде жарқылдап Ана деген бәйтерегі өмірдің Ана деген алтын қазық, алтын бақ-деп қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік.
Ардақ: Бал бөбегін баптаған , Анам үшін мақтанам . Аялайтын біздерді, Көп жасасын ақ мамам!
Нұрсая: Ақылшым –Аншым Мен үшін данасың
Кәусар: Әлпештеген баласын Ана бақыт, ана күн
Р.Ерлік: Аналарды ардақтап Әдеппен бас иеміз
Жиһангер: Баланың да тірегі Ананың да тірегі Шаншылмасын ешқашан Аналардың жүрегі
Алдияр,Нұрбақыт :
Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін
Тәрбиеші: Аялы да, алтын нұрлы анашым. Жүрегіммен мәңгі бірге боласын Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің Сен дархансың, жомартсың, данасың,-деп аналарымызға арналған орыс биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Қайырымды қасиетті , Ең ардақты ақ әжем Әрбір сөзі өсиетті Баға жетпес, ақ әжем ,- дегендей балаларымыздың әжелеріне арнаған тақпақтары бар екен.
Айкен:
Ана, әже ,апалар, Құтты болсын мереке.
Исламбек:
Ақ әжемді әрқашан, Сыйлап жақсы көремін.
Шахназ:Әжем күндей күледі, Мені жақсы көреді
Інжу: Менің әжем әліде Ұқсамайды кәріге Шәй қайнатып береді Біздің үйдің бәріе
Айзере : Менің әжем сымбатты Әжем менің қымбатты
Айсезім:
Міне, керемет, жігіттер! Арландай, тарландай, біздің жігіттер, - деп ер балаларымыздың қаражорға биін қарсы алыңыздар.
-Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған Тіршіліктің тынысы мен ажары Ана деген теңдесі жоқ, жақсы адам- дей отырып кезек ата-аналармен ойынға беріледі.
Шуақты көктем келді гүлін алып , Көктемнің мерекесі бүгін анық . Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар! Ана деп бас иеді бүкіл халық.-дей келе бүлдіршіндеріміздің «Қуыршақ» әнін қарсы алыңыздар.