Әуен үнімен ұл - қыз қолдарынан ұстап залға кіреді, билерін билеп болған
соң ұлдар, қыздарға гүл сыйлайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! құрметті қонақтар,қымбатты аналар,әжелер,әріптестер және де, «Қарлығаш» тобының ақылды да, сүйкімді қыздарын бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8- Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймын! Қарлығаш тобының «Аяулы Анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Құрметті әже аналар балаларыңыздың «Құттықтаймын мама»әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші: Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толы өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын - деп бүлдіршіндеріміздің тақпақтары
қабыл алыңыздар.
Жәмиля: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық
Дәуренбек: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Малика: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Мәди: Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көрем деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын
Мыстан: әуен ойналады жүгіріп мыстан кіреді,балаларға таңырқап қарап сендер неге көңілді болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы неге біз көңілдіміз бүгін қандай мереке?
Жүргізуші: Әрине, сіздің де мерекеңіз келіңіз отырыңыз балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Ән: Есенали мен Жәмиляның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де, аңқылдап
Ана дейді жас сәби де, жарқылдап
«Ана» - деген алтын жандар болаттай!
«Ана» - деген мөлдір жандар бұлақтай! Дегендей аналардың құрметіне аспапшылар биі.
Би:Поварята
Мыстан: Менің көңілім көтеріліп балалармен бірге ойын ойнағым келіп тұр.
Жүргізуші: Әрине, ойнайық біздің балалар ойын ойнағанды жақсы көреді.Ойнаймыз ба балалар!
Ойын: «Кім жылдам»
Шапшандықтарын көрсеткен ұлдарымызға рахмет!
Келесі кезекте аналарына, әжелеріне арнап жаттап келген ұл - қыздарымыз
Гүлназ: Шуағыңды сеуіп
Жан анамыз әже
Жұлдыздарың сені
Айналады әже
Әділхан: Айналайын анашым – әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек – бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым – асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың
Аягөз: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Амир : Бізге қарап елжіреп
Сүйсе беттен күнім деп
Құшақ ашса келші деп
Жүгіреміз күлімдеп
Мөлдір: Баққа гүл толғанда
Біз оны жинаймыз
Мереке болғанда
Анаға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін бастайық
Көздерінен көрем шаттық арайын
Өтсін солай, әр бір күнің, әр дайым.
Ән: «Ақ әжем»
Көктем ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!Сәлеметсіздер ме ата - аналар мен көктем ханшайымымын, сендердің ертеңгіліктеріңе қатысып, өнерлеріңді көруге асықтым