Қаңылтыр бедерлеу
Сабақтың мақсаты: оқушыларды каңылтыр бедерлеудің негізгі әдістеріне және бедерлеу жұмыстарына қажетті аспаптарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды таңдауға үйрету, қанылтыр бедерлеудің технологиялық әдістерімен таныстыру;
Міндеттері:
білімділік: оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын бедерлеу әдісімен көркемдеудің технологиялық әдістері, қаңылтыр бедерлеу жұмыстарында пайдаланылытын құралдар, оларда істеі әдістері жайында білім беру;
дамытушылық: оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын бедерлеу әдісмен көркемдеу, қаңылтыр бедерлеу жұмыстарында пайдаланылатын бедерлеу басқыштары, бедерлеу мөртабан түрлері, оларда істеу әдістерімен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ой-өрістерін және қаңылтыр бедерлеу жұмыстарын орындаған кездегі технологиялық икемділігі мен іс-әдіс дағдыларын дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды қаңылытыр бедерлеу жұмыстарын орындаған кезінде ұқыптылық пен зейінділікке баулу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру;
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақ өткізі әдістері:
— түсіндіру-иллюстриялық (әңгімелеу, әңгімелесу, дидактикалақ материалдармен жұмыс, көрсету);
— қалыптастырушылық (нұсқама, сарамандық жұмыс, өзіндік жұмыс).
Оқыту құралдары:
— заттық-табиғи нысындар, көрнекі құралдар;
— іс-тәжірибелік—еңбектік қызмет;
— эмоциялық-шығармашылық, қызығушылық, жұмыстағы қанағаттанушылық.
Жабдықтар және көрнекіліктер: проектор, слайдтар, «Қаңылтыр бедерлеу» плакат, «Жұқа металдарды өңдеген кездегі ТҚЕ» плакат, тірек сызбалар, Венн диаграммасы, инсерт кестесі.
Құрал-саймандар (қол құралдары): қаңылтыр бедерлеуге арналған басқыштар, мөртабандар, жұмыс тақтасы, былғары немесе линолеум, сызғыш қайшы т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу, оқушылырды түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Сабақ өткізу жоспарын ашу.
Сабақтың тақырыбын экранға проекциялау. (Слайд №1)
ІІ. Өткен сабақты қысқаша қайталау: «Ағашты көркемдеп ою».
Сұрақтарды экранға проекциялау. (Слайд №2)
а) Ағашты көркемдеп ою тәсілдерін атаңдар.
ә) «Тесіп оюдың» неше түрі бар? Оларды атаңдар.
б) «Шығыңқы жалпақ» оюдың неше түрі бар? Оларды атаңдар.
в) «Рельефтік ою» дегеніміз не? Оларды атаңдар.
г) «Мүсіндік ою» қалай орындалады?
ғ) Геометриялық ою элементтері түрлерін санамалаңдар.
д) Ағашты көркемдеп ою жұмыстарында қандай құрал-саймандар пайдаланылы?
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу кезеңі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын экранға проекциялау. (Слайд №3)
Жаңа материалды баяндау
Қаңылтыр бедерлеу металды көркемдеп өңдеудің қызықты әдістерінің бірі болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрі қаңылтырда рельефті бейнелер бедерлеуге негізделген.
Қаңылтыр жұмсақ материал болғандықтан, оның бетіне суретті ұшы жұмырланған, қаңылтырды тырнамайтын, тесіп өтпейтін аспаптармен орындайды. Мұндай аспаптарды «басқыш» деп атайды.
Қаңылтырға бедер салуға арналған аспаптар. (Слайд №4)
Қаңылтырға бедер салу үшін тегіс тақтай керек. Тақтайдың бір бетіне былғары немесе линолеум өлшем бойынша желімденеді. Астыңгы жағы жақсылап тегістеліп, оны қаңылтырды түзету және тегістеу үшін пайдаланады.
Басқыштарды арнаулы дүкендерден сатып алуға болады. Басқыштар ретінде ермексазбен жұмыс істеуге арналған таяқшаны немесе асханада қолданылатын ұзындығы 15-20 см болатын ши таяқшаларын пайдалануға болады немесе өз қолыңмен қатты ағаштан жонып жасап алуға болады.
Рельефтің суретін алдын ала ойластырады және оны қағазға бейнелейді. Суретті, өрнекті қаңылтырдың бетіне қойып, жылжып кетпеуі үшін скотчпен қаңылтырға бекітеді, ал өрнек үлгісімен бастырылған қаңылтырды тақтайдың үтіңгі бетіндегі былғарыға қояды. Шарикті қаламсаппен өрнектің контурын бастырып жүріп шығады. Осылайша қаңылтырда өрнектің контуры басылып қалады.
Өрнек үлгісін алып тастап, қаңылтырды жұмысшы тақтайдың астыңғы жағына қойып, қажақ қағазымен ысқылайды. Сонда қаңылтырдың артқы жағынан өрнек түсіргенде қаламсаптың жүріп өткен ізі анық көрінеді. Енді жұмысшы тақтайдың былғары төселген жағын жоғары қаратып қойып, қаңылтырдың ысқыланған жағын жоғары қаратып қойып, өрнек контурының ішкі жағынан 1-2мм аралықтан тағы контурды бойлай қаламсаппен бастыра жүріп шығады. Сонда өрнек жоғары көтеріліп, рельефті өрнекке айналады. Дәл осындай әдіспен қаңылтырдың жиектерінен жүріп шығып рамка жасайды.
Контурлық және штрих сызықтар жүргізу үшін сиясы жоқ шарикті қаламсапты пайдалануға болады. Ұшы мұқалтылып, дөңгелетілген бізді де қолдануға болады. Біздің жұмысшы бөлігінің дұрыс өнделгенін тексеріп көру үшін, бізбен қаңылтырдың бетіне әртүрлі бағытқа бірнеше сызық жүргізіп сынап көреді. Талапқа сай өңделген біздің жұмысшы бөлігі жақсы тегістелген болса, ол қаңылтыр бетін сызбай, жыртпай, тегіс, әдемі із қалдырады.
Рельефтік аса ірі сызықтары мен учаскелерін басу үшін әртүрлі мөлшердегі басқыштар керек. Дәл келетін таяқшалар болмаса, оларды қатты ағаштан жасап алуға болады. Ұзындығы 15-20см ағаштан әрқилы қалыңдықтағы таяқшаларды бөліп алып, цилиндр түрінде дөңгелетіп, карындаш пішінінде жонады. Екі ұшын дөңгелетеді. Жақсылап әрлеп, жұмысшы ұштарын парафин немесе балауызбен ысқылайды.
Қаңылтырда біркелкі элементтері бар оюларды өрнектеу үшін мөртабандар жасап алуға болады. Оны қатты икемзаттан, ағаштан немесе жұмсақ металдан жасауға болады. Ағашты немесе цилиндрдің ұшына қажетті пішінді салып, оны жұмсақ егеумен егелейді.
Өрнектеу үшін орамдағы тым жұқа емес қаңылтырды пайдаланады. Өңделетін қаңылтырды жұмыс тақтасының сыртына жайып, қатты және тегіс, мысалы, шыны ыдыспен ысқылап тегістейді. Орамдағы қаңылтыр табылмаған жағдайда, босаған шырын құтыларын («Пепси», «Коко-Кола», «Спрайт» т.б,) материал ретінде пайдалануға болады.
ІV. Білімді және қызмет тәсілдерін бекіту кезеңі.
Сарамандық жұмыс: «Қаңылтыр бедерлеу»
Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар: босаған шырын құтылары, жұмысшы тақтай, ою-өрнек эскиздері, сызғыш, бұрыштық, шарикті қаламсап, қайшы, біз, қажаққағазы. (Слайд №5)
Жұмысқа тапсырма:
- Жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.
- Техникалық қауіпсіздік техникасының ережелерін еске салу.
- Шырын құтыларын кесіп, қаңылтыр дайындамасын әзірлеу.
- Дайындаманы тікбұрышты төртбұрыш пішініне келтіру.
- Берілген өлшем бойынша қағазға ою-өрнек салу.
- Ою-өрнек салынған қағазды қаңылтыр бетіне скотчпен бекіту.
- Өрнек контурының үстінен басқышпен жүріп өтіп қаңылтырға өрнек түсіру.
- Жұмыс тақтайын аударып, өрнек үлгі қағазын алып тастап, қаңылтырды артжағына аударып, жұмыс тақтасының үстіне қойып қажаққағазымен ысқылау.
- Жұмыс тақтайын төсемелі жағына аударып, қаңылтырдың ысқыланған жағын жоғары қаратып төсеме үстіне қойып, өрнек контурының ішкі жағынан 1-2мм қалдырып басқышпен жүріп өту.
- Жоғарда орындалған операциялармен қаңылтырға рамка жасау.
- Жұмыс соңында бұйымды, құрал-саймандарды мұғалімге тапсыру, жұмыс орындарын жинау, тазалау.
V. Қорытындылау кезеңі.