Просмотр содержимого документа
«Бұрғылау аспаптарымен танысу.»
Сабақтың тақырыбы: Бұрғылау аспаптарымен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сабақ барысында бұрғылардың түрлерімен, жұмыс істеу әдістерімен таныстыру бұрғылау аспаптары туралы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік: өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге , АҚТ пайдалана білуге, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, жұмысты жасай білуге, үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға сабақ барысында элементтерін пайдалана отырып, ой-өрісін, білімін ұштастырып дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Бұрғылардың түрлі суреттері, плакаттар, аспаптар мен еңбек құралдары.
Оқушылармен сәлемдесу, көңіл- күйлеріне назар аудару, сабаққа ынтасын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру, сұрақ арқылы жауап алу.
Жаңа сабақ.
Бұрғылау аспаптарымен танысу.
Бұрынғы бұрғының айналдыру арқылы өтпелі немесе жартылай тесік жасауды бұрғылау деп атаймыз. Бұрғының түрлері 46сурет.
а)Қол бұрғы- бұл қолды көлденеңнен айналдыру арқылы пайдаланатын тескіш құрал. Оның болат өзекшесі, тұтқасының, күш беретін тұтқасы, бұрғы қорабы бар бұрғы қорабына 70мм-ге дейінгі бұрынғы бұрғы жүздерін салуға болады.
ә)Бұрғы айналдырғыш – бұл бұрғымен жоғары ұстағышта жоғары-төмен қозғау арқылы айналдырады. Бұған 5мм-ге дейінгі бұрғы жүзін салуға юолады.
б)Конус тәрізді бұранда-терең тесіктерді бұрғылау үшін қолданылатын құрал.
Мұның жоғары бөлігінде ұстауға арналған тұтқасы болады;
в) Қатты ағаштарға кішігірім бұрандалы шеге кіргізуге арналған құрал.
г)Қасықша науа тәрізді бұрғы. Ағаш шегеге арналған әр түрлі тесіктерді теседі. Жүзі ұзына бойы қайырылған, соның нәтижесінде бұрғы бір жағына ғана теседі. Жаңқа ұнтақтарын сыртқа көтеру бұрандасы болмағандықтан тескен кезде оны үнемі тазалап отыру керек.
д)Үшкір жүзді бұрғы. Ағаш өңдеуде үлкен шеберлі аймақтарды тесуге арналған. Бұл бұрғымен жәй, бұрап тесу керек.
е) Бұрандалы бұрғы. Терең тесіктерді талшыққа көлденең тесу үшін қолданылады. Олар бейгесі жағынан бұрандалы немесе электр бұрғының күшімен бұралатын болып бөлінеді. Мұндай бұрғылардың ұшы ұсақ резбодан басталып үлкейеді.
ж) Спиральды. Бұрғылар кесетін бөлігінің формасына қарай үш конус тәрізді қайралған. Бұрғының жақтауларына жаңқаларды шығарып тұруға арналған өткір ойшық сызықтары бар.Ағашты жаңқасыз таза теседі. Аумақтары 1мм-ден 12мм-ге дейін, ұзындықтары 30мм-100мм-ге дейін. Жұмысты бастамай тұрып тесетін жерді бізбен белгілеп алу керек. Бұрынғыны айналдырғыш датранға мықтап орындықтырады. Ол ағаш өрнек кәсібінде көп қолданылады.
и) Қол бұрғы. Ұзынан өтетін өзекшеден иықпен күш беретін алақаннан, айналдыру тұтқасынан, бекініс тұтқасынан , бекініс тұтқасы мен және бұрғы жүзін бекітетін патроннан тұрады. Бұл құралмен бекініске орнатылған ағаштарды тесуге болады.
к )Райдер. Барлық аспаптардың құлақ жүйесінің талшықтары конус тәріздері болып келетінін бұл құралды қлақ, ілгек жасау жұмыстарына пайдаланады. Ұшы 4мм-ден 8мм-ге дейін жуандайды, ұзындығы 100мм және одан да жоғары болады.
л,м,н)Спиральды бұрғылар-зергерлік жұмыстарға қолданылады.
Ұсталық өнер. Металл өндірісте кеңінен қолданылатын күрдері мамандықтың бірі. Оның өндіріс салаларының көпшілігінен кездестіресің ұста мен зергер әр түрлі металдардан сан алуан бұйымдар, сәндік әшекейлер жасайды. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір шойын, алтын, шойын, күміс сияқты түсті металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталған. Содан бері ұсталық пен зергерлік ісінде сан қилы жағдайларда байланысты даму мен тоқырау кезеңдері болды. Соған қарамастан ұсталар мен зергердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға жеттті. Көшпелі өмір жағдайында қазақ ұсталары мен зергерлерінің , арнайы дүкендері болмады. Олар кейде кейіз үйде немесе қысы-жазы өздері тұратын үйлерде жұмыс істеген . Жазда үйдің көлеңкесінде немесе әдейі жасалатын күркелерде отырып , ұсталық құрды.
Ұсталардың кәсібі аттың тағасы, шегесі, ауыздық, қылыш айбалта, арба шонаның металл бөліктері болса зергерлер өте нәзік құнды заттармен айналысты.Мысалы:сақина, білезік, алқа, сырға т.б. Ұсталар қара темірді қамырша илеп, күнделікті қажетті бұйымдар жасаса, зергерлер өз бұйымдарына түсті металдарды қолданды. Атап айтқанда мыс, оның ерітіндісі , олюминий,алтын, күміс т.б. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында қазақ халқының отырықшылыққа немесе жартылай көшу процесінің дамуы нәтижесінде ұсталар дүкен жасап , санды қысы-жазы жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Қазақ шеберлері мен зергерлері құрал-саймандардың көпшілігін өздері жасады.Әсіресе темір ұсталарының саймандардың зергер саймандарына қарағанда шағын және қарапайым болып келеді.
з) электр бұрғы. Бұл құралдың атқаратын қызыметі ерекше. Жұмыс өнімділігін ұлғайтады , қыспаққа қысуға келмейтін айспапты жалғыз адам тесуге де мүмкіндік береді. Оның құрылысы-элекрт айналма, негіз бұрғы бекітетін патырон, электр доғын өткізетін сым, іске қосатын нүкте. Бұл құралдың 10мм-ден диаметрлі өзекше пышағы бар.
Электр бұрғылардың ИЗ-1019А, ИЗ -1032А т. б. түрлері бар. Оданда күші жоғары 10мм-ден жоғары бұрғыны іске қосылатын бұрғыларда бар. Олар:ИЗ-1022А, ИЗ-1013 т.б. Бұл бұрғылармен жұмыстың ыңғайына қарай кез келген бағытта тесуге болады.
Электр бұрғымен жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігіне аса көңіл бөлу керек. Мысалы,жұмыс кезінде қолды патронға жақын ұстауға болмайды, сондай-ақ қарама-қарсы тесу. Электр сымының потронға жақындауына жол бермеу керек егер, ол оралып қалса , өзіңе де, құралға да қауіпті. Жұмыс кезінде иықпен қоса қосымша күш беруге мүлдем болмайды,өйткені жіңішке бұрғы жүздері сынып кетіп , өзіне қауіп төнуі мүмкін.
Бұрғыны қолданған кезде оны бірқалыпты күшпен ұстаған жөн және іс аяқтарға жақындағанда күшті азайту керек, әйтпесе ағаштың бітетін жазықтығын бүлдіріп алуың мүмкін.
Сабақты бекіту:
Бұрғының түрлерін ата.
Бұрғының атқаратын қызметі.
Бұрғымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін ата.