Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап түсіндіру, сарамандық жұмыс. Пән аралық байланыс: сызу өнері, биология, тарих. Көркемшілік: Плакат қауіпсіздік ережесі бойынша, Технологиялық карта, Дайын бұйым, үлгі ара,сүргі бұрғы қашау. Керекті құрал - жабдықтар ағаш тақтайша 200x400.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын, құрал – жабдықтарын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау: а.Ағаштың қаңдай қасиеттері болады? б.Ағаштың жасын қалай білеміз, ол қандай бөліктен тұрады? в.Ағаштың құралдарын ата? с.Қазақ халқы ағаш ұсталығымен айналысатындарды шартты түрде нешеге бөлген. Өткен сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ. Бұрын қолөнер шеберлеріне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп мезгілінде кептіріп отырған.Мысалы үйшілер үйдің сүйегіне қанат кереге,уық,шаңырақ жасайтын,ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген сонымен қатар ежелгі шеберлер ағашты кептіру тәсілін өте қарапайым түрде пайдаланған. Бүгінгі күнде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ Ағашты өндеу оған ою - өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен біз еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін дайын тақтайды кесуді, тегістеуді, қашауды, ойып өрнек салуды үйренеміз. Әрине бұның бәрін құрал - саймансыз жүзеге асыра алмаймыз. Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал - саймандармен танысайық. Ағаш өңдеудің негізі ара. Сүргі жеті негізден тұрады.Бұрғы негізге бұйымға өткерме және өткерме емес тесік жасау үшін қолданылады. Иінді білікті бұрғы, қол ара. Сенгі білікті бұрғы 5 бөлімнен тұрады. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механикалық құрал - саймандарға электр ара, электр сүргі, бұрғы электрлік және аневматикалық ашарма аспаптар.
Сарамандық жұмыс:
бастау,қолданылатын шикі заттарды веретаққа орналастыру. Сүргінің пышағын әр оқушыға алып салу тәсілін өздеріне орындату. Бөлгіш тақтайшаны технологиялау карта бойынша үлгіні пайдалана отырып жасаймыз.200х400 мм. тақтайды пайдаланамыз. Жаңа сабақты және сарамандық жұмысты қорытындылау : Сүргі қанша негізден тұрады? Қашаудың сабындағы сақина не үшін қажет? оқушылардың жасаған жұмыстарын салыстырмалы түрде, берілген сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланды.
Сабақты қортындылау: а.Бұрынғы қол өнер шеберлеріне ағашты кімдер даярлаған? б.Сүргі қанша негізден тұрады? в.Бұрғының негізгі бөліктерін ата?