Сабақтың тақырыбы
Бұрғылау білдегін меңгеру.
Жалпы мақсаты
Оқушыларда заманауи технологиялық машиналар және үдерістері туралы білімнің қалыптасуына ықпал жасау.Оқушыларда бұрғылау білдегінің құрлысы және қызыметі туралы білімді қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері
-Берілген тапсырмаларды жұпта,топта орындауға үйрету
-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру
-Тапсырмаларды эскиз сызба бойынша қарап орындау және сарамандық жұмыс кезінде қауіпсіздікті бұлжытпай орындау керек
Сілтеме
Технология 6 сынып.В.Г.Чукалин.Әдістемелік нұсқау.
Күтілетін нәтиже
Оқушылары сорттық прокаттан әртүрлі диаметрдегі бұрғылармен дайындаманы бұрғылауды орындауға үйрету.Білдекте жұмыс істееу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерінің қағидаларын есте сақтауғаы қамтамасыз ету.Оқушыларды жұмыс істеген кезде ұқыпты болуға,жинақылыққа баулу.
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Үй тапсырмасын пысықтау 3 минут
Жетондар арқылы 2 топқа бөлу
Топ басшысы белгіленеді.
1.Машина дегеніміз не?
2.Көлік түрлерін атап беріңіз?
4.Слесарь қайшысымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздікті атаңыз?
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу – 3 минут
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу.
Бұйым,көрнекіліктер көрсету.Мысал келтіру.
А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге жұмыс жасайды.
Б) Сабаққа байланысты үш тілді үйрену мақсатында термин сөздерді қолдану.
1.Бұрғы-сверло-grill
2.білдек-станок- machine
3.қауіпсіздік-безопасность- security
ТҮСІНУ – 5 минут
Тақырыпты оқушылыардың өздеріне меңгеруіне мүмкіншілік беру.
Сергіту сәті. Әр оқушы орнынан тұрып еңбекке байланысты бір мақал айтады.3 минут
А) Әр оқушы тақырыпты өз бетінше оқып түсінеді,топта талдайды,дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады.Оқулықтағы сызбаны дәптерге сызады.
Ә) Материалдарды үнемдеп дұрыс өлшеп кесіп үйренеді.
Қолдану – 10 минут
Жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар беру.
Тәжірибелік тапсырма:
«Өнер» тобының оқушылары ақ қағылтырдан бекіту бұрыштамасымен құлыптың ілмегін кесіп дайындайды.Мұғалім оқушылардың үстіне халат,қолдарына қолғап киіп,слесарь қайшысымен жұмыс жасағандығы қауіпсіздікті орындауды бұйырады.
«Шебер» тобының оқушылары ағаш дайындамадан қаламсалғыш тұғыр жасауға кіріседі.Алдымен эскиз сызбасымен танысады. Пирамида,кемерлі түріндегі қаламсалғыштарды жасауға жұмыстанады.Қолға қолғап,үстеріне халат киіп,арамен кесу кезіндегі қауіпсіздікті орындауды бұйырады.
Талдау – 11 минут
1Беріліс түрлерінің қандай түрлерін білесіңдер?
2.Бұрғылау дегеніміз не?
3.Білдектің құрлысын түсіндіріп беріңіз?
БББ кестесін тарату
білемін
білдім
Білгім келед
2 минут
Оқушылар кестені толтырады.
Бағалау
2 минут
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма 2 минут
Дайындама әкелу.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқып,үйреніп келу керек. Дайындамаға ағаш әкелу керек
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын күнделігіне жазып алады
Рефлексия / 1 минут
Мен бүгінгі сабақты не білдім..
Маған қызықты болды..
Маған қиындық тудырған..
Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде...пайдаланамын