Білім беру ба?дарламасыны? басты ма?саты – ?рбір о?ушы?а т?бегейлі білім беру, д?ст?рлі м?дениетті? негіздерін ?йрете отырып, олар?а ?олайлы жа?дай жасау. Мектептегі ж?ргізілетін технология саба?тарыны? міндетті бір саласы ?скеле? ?скелен жас ?рпа?тын келешекте бір к?сіпті ме?геруіне ба?ытталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды ?ол?нерге баулуда?ы ?йірмені? р?лі. »
№6 мектебі
Баяндама:
Оқушыларды қолөнерге баулудағы үйірменің рөлі.
Дайындаған: №6 орта мектебінің технология пәнінің
мұғалімі Б.Д. Тәжиев
Оқушыларды қолөнерге баулудағы үйірменің рөлі.
Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрете отырып, оларға қолайлы жағдай жасау. Мектептегі жүргізілетін технология сабақтарының міндетті бір саласы өскелең өскелен жас ұрпақтын келешекте бір кәсіпті меңгеруіне бағытталады. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің дамыған елдермен қатр тұруы және ұлтымыздың болашағы үшін зерделі, білімді, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамда өз орны болатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастыру. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушылардың техникалық шығармашылыққа , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отыруы қажет. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштікпен қарым-қатынасты тәрбиелеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылық пен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық-технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.
Мектеп жасындағы балалардың барлығы бірдей негізгі пәндерді «өте жақсы», «жақсы» деген бағаға оқымайтыны бәрімізге белгілі. Пән мұғалімі қанша алға сүйрегенмен күннен күнге оқу бағдарламасы ауырлап, оқушы игеруіне қиындай береді. Кей мұғалімдер амалсыздан ондай оқушыларға деңгейлік тапсырламалар біреп, «орташа» деген баға қоюға мәжбүр болады. Ал осындай балалар еңбек сабағында жақсы нәтижелер көрсетіп, іскер болып шығып жатады.
Ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата-анамен тығыз байланыс орнатып, үйірмеге қатысып жүрген оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт беріп, ақылдасуға болады. Үйірме сабақтары басқа пәндер сияқты толық дидактикалық кезендерді қамтымай, мұғалім шеберлігіне қарамай негізге үш кезең: кіріспе негізгі және қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Әсіресе үйірмеге қатысатын оқушыларға таным мен дағдыны қалыптарстыру барысында тек олардың техникаға байланысты сапалық білімдеріне сүйеніп қана қоймай, басқа пәндер бойынша білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы металдардың ыстық немесе суық күйндегі көлемінің өзгеретіндігі, үйкелісі, тозйы, т.б. физика пәніне қызығушылығын арттырады. Ағаштардың түрлері, олардың өсуі, қасиеттері биология пәнің жетік білуге алып келеді.
Үйірме жұмыстарының тиімді өтуіне көбіне көп шеберхананың материалдық-техникалық базасы мен мұғалімнің әдіскерлік жағдайдағы сапалы даярлығы өте маңызды. Дайындықсыз өтілетін сабақтарға оқушыңың қызығушылығы бірінші күні-ақ төмендеп кетеді. Оқушылардың өз бетімен бос жүрісі кобейеді. Берілген жүктеме бомағандықтан, олардың түрлі әрекеттермен іс-қимыл көрсеткіштерінің сапасы болмайды. Осыдан жасалатын қорытынды және мұғалімге қойылатын басты талап жан-жақты талап.
Жұмысты тиімді ұйымдастыруға ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын өздік күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әрекеттері мен жаттығулары, оқу шеберханасының материалдық-техникалық базасы, оқу көрнекіліктерінің және құралдарының жеткіліктігі т.с.с. жағдайлар кеңінен зерделеніп барып жоспарға енуі тиіс.
Сонымен қатар қанша бала тақырыпты немесе іс-әрекетті игере алады, топтағы баланың құрамы белгілі болғандықтан, неше балаға мүмкіндікке қарай қосымша практикалық сағат, уақыт бөлу жағдайлары ескерілуі тиіс. Осылайша мұғалім шығармашылық тұрғыда өзіне қажетті әдістемелік құралдардың тізімін жасай отырып, преспективалық-тақырыптық жоспар құрады. Сапалы жасалған доспар келешек атқарылатын жұмыстарға жеңілдік әкеледі, нәтижеге қол жеткізе алады.
Нақты жоспар бойынша жасалған жұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпен қарауға да көмегін тигізеді.
Жалпы баланың ақыл-ойын дамытып, адамгершілікке, іскерлікке баулу, жеке адамның дамып жетілуіне қолөнердің әсері мол. Қолөнер арқылы баланы болашақ кәсіперлікке де даярлауымыз керек. Жастайынан іспен айналысқанды ұнататын балаларды өнерге баулу, олармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыруымыз негізгі міндетіміз.
Қолөнерге деген қасиет – оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы сан алуан ғылыми салалардан білім алу және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. Үйірме жұмысының нәтижесінде үйірмеге қатысатын оқушылар басқа оқушыларға қарағанда анғұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Үйірмеде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, бағап берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі өмір талабы-оқу тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгертуі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шындауды талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.
Дүниетану, білімге талпыну – әрбір адмның түбегейлі ісінің бірі. Егер әрбір адам білімге талпынбаса, еңбектенбесе ілгері басу, прогрес те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық педагогикалық әдеп-ғұрыптарын, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат әрекеттерге сын көзбен қарайтын, ақпаратты жинап, саралай, тұжырымдай алатын оқушыларды дайындауымыз қажет. Олар жаңа ойларға, идеаларға толы, күтпеген жерден пайда болған мәселелерге мағына беріп, қажет ақпараттарды айта білулері керек. Оқушылар кез-келген жалпыға танымал ақпараттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап,оның ұтымды жақтарын тиімді қолдануға тиісті. Мектеп қабырғасында үйірмеде жинақтаған іс-тәжірибесі келешек өмірінде көп пайдасын тигізе алатындығын оқушы жете түсінгенде ғана өз қабілетін ашып көрсете алады. Қазір кез-келген баланың қолынан ұялы телефон, ноутбук, сандық фотоапарат жаңа техниканы игеріп қана қоймай, оны жөндеуге, қалпына келтіруге де тырысады. Бұл баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуды, шығармашылық ізденіс дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыруды қажет етеді. Қабілетті бала барлық күрделі істерді өзі шеше алатын, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жете алады. Ол бос уақытты тиімді пайдалана білетін болады, пайдасыз, жағымсыз әрекеттерден тартынады, өзіне қажет ақпараттарды, құрал-жабдықтарды жинақтай бастайды, соның нәтижесінде аз да болса табыс таба алатындығына сенеді.
Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді, өнерді бағалап, зерттей білетін, оны әрі қарай жалғастыра білетін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару мектептің міндетті.
Танымдық белсенділік - жас ұрпақтың оқуға, өнерді тани білуге деген ынта-ықыласының көрінісі. Баланың өнерді үйренуіне негізгі түрткінің бірі – қызығуды туғызуды үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты өнердің сатыларын үйрету керек. Үйренуге, оқуға білуге деген қызығушылық – танымдық белсенділіктін қозғаушысы.
Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін білім мен білігіне сай оқу бағдарламасын тандай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек.
Үйірме жетекшісінің негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдық іс- әрекет әдістерімен дағдыларын меңгерту, ақыл -ой қабілетін жетілдіру. Очы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу керек.
-әр оқушының шығармашылық арнайы ерекшеліктерін ескеру;
-оқушының белгілі бір өнер түріне деген қызығушылығын арттыру;
-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;
-оқушының жас ерекшелігін ескеру;
-техникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Үйірме жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып, қызықтыра білуінде.
Альберх Дюрер айтқандай: «Сенің алдында өнер көп, соның өзіңе пайда әкелетін біреуін танда, оны зертте, қиындықтарына бас имей, шыдамдылықпен үйрен, өзіңе қуаныш сезімін алып келетін нәтижеге қолың жеткенше еңбектен». Осы тұрғыдан алғңанда бір өнерді игеру, оны түсіну жаңа технология бойынша оқушылардың білімі мен шеберлігін арттыруға, ой- санасының дамуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай ҚР-дың іргетасын нығайтып, келешігін жалғастыратын, көкрегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Шығармашылық қабілеті дамыған, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізіп үйренген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданатын болады. Мұғалімдерден қоғамның талап етіп отырған азаматтары осындай қабілетті, жан-жақты, ұлтының тарихын білетін, озық ойлы болуы қажет деп ойлаймын.