№50 орта мектеп
Сыныптан тыс жұмыс.
Тақырыбы: «Қыз еркем,ісімен көркем»
Өткізген: Тульмаганбетова А.М.
Ердаулетова Г.Қ
2012-2013 оқу жылы
Күні:12.10.12.
Сабақтың тақырыбы: «Қыз көркем, ісімен көркем».
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қыздарды сауаттылыққа, сыпайылыққа,
сымбаттылыққа, талғампаздыққа үйрету.
ә) Дамытушылық: Қыздардың логикалық ойлауын, ой-өрісін
дамыту кеңейту.
б) Тәрбиелік: Қыздарды кішіге қамқор, үлкенге сыйлы болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: безендіруге арналған әсем гүлдер,шарлар,
үнтаспа.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру (кіріспе сөздер)
Байқаудың ашылуы.
Байқаудың әділ-қазы алқасы таныстырылады.
1. Сәлемдесу, өз топтарын таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету.(қыздар ән немесе би билейді.)
3. Шаш үлгісі.
4. Сән үлгісі.
5. Мақал-мәтел сайысы.
6. Қорытынды. Әділ-қазылар алқасы сөз сөйлеп, сайысты
қорытындылайды.
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі «Қыз еркем, ісімен көркем» атты қыз
сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізші .«Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқанқайран бабам.
2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббаты,адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1-жургізуші.Енді сайысымыздың бөлімімен танысайық.
Өзін-өзі таныстыру.
Өз өнерін таныстыру.
Шаш үлгісі.
Сән үлгісі.
Мақал-мәтел сайысы.
Бүгінгі байқауымызға қатысатын 7-8 сыныптардың аруларымен таныстырып өтейін.
7 «а»
7 «ә»
7 «б»
7 «в»
8 «а»
8 «ә»
8 «б»
8 «в»
2-жүргізуші.Кел,достар,бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші. Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
2-жүргізуш. Таныстырсын өздерін ару қыздар.
Ортаға шық кәнекей жас арулар.
Дей отырып енді аруларымызды
Өз топтарын таныстыруға
Ортаға шақырайық.
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші. Екінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр,
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар. Қыздарымыздың өз өнерін көрсетуге ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші.
Ал киімнің өнері бар қаншалықты
Би-билеп, ал біреуі ән салады
Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді бұрымымен
Дегендей аруқыздарымыздың шаш үлгісіне кезек берейік
2-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,
(Келесі кезекті сән үлгісіне береміз)
1-жүргізуші.
Береміз келесі кезекті
Арулар ойы ұшқыр
Мақал-мәтел айтудан
Алдына жан салмаған
Дей отырып 7-8 сынып аруларын мақал-мәтел сайысына шақырамыз
1-жүргізуші. Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше мектебіміздің 7ә сынып оқушысы Рамазанның орындауында «Қызыл гүлімай»
әнін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге береік
1-жүргізуші. Өнерпаз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Қыздарымыздың қызғалдақтай құлпыра берсін, ізгі армандарыңыз орындала берсін деген тілекпен бүгінгі «Қыз еркем, ісі көркем» атты сайысымызды тәмәмдаймыз.