kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұлттық ою-өрнек түрлері».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру. Оқушыларға ою-өрнектердің түрлерімен таныстытып, олардың топтарға бөлінетінін айту.​​

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұлттық ою-өрнек түрлері».»

Күні: ___________

Сыныбы: 8

Тақырыбы «Ұлттық ою-өрнек түрлері».

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.

Коррекциялық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке және топпен жұмыс.

 Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих, бейнелеу өнері, математика.

 Көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері салынған суреттер жинағы, «Ақсақ құлан» күйі, диск, түрлі-түсті қағаз, қылқалам, желім, қайшы, қарындаш, апликация.

 Алдын ала жұмыс: Оқушылар мен ою-орнек үлгілерін салып, оларды қиып, дайын шаблондар жасау, еңбек туралы мақал-мәтел жаттау.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сұрақтар: кім айтады?

1. Жылдың қай мезгілі?

2. Көктем айларын ата?

3. Қазір көктемнің қай айы?

4.Бұл айда қандай мерекелер бар?

- Бүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі халықаралық әйелдер күні кұтты болсын дей отыра барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,

Шың айтылған қырат бар.

Бірақ оның бәрінен,

Биік тұрған бір күш бар.

Дидарына жерде құштар, күн де құштар,

Ол нәзіктік, мәңгі шуақ, нұры құт.

Сарқылмайтын жылылық,

Ол тіршіліктің қуаты –

Әйел атты – ұлылық.

 

Мереке құтты болсын !

ІІ. Кіріспе сөз.

  • Балалар, бүгінгі біздін тақырыбымыз «Ұлттық ою-өрнек түрлері» деп

аталады. Біз бүгін ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тегімен танысқалы отырмыз. Ою-өрнек /латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан/. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері қарастырылады.

  • Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке

түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру:

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа бөлген:

- Зооморфтық - жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

Өсімдік бейнелі - жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

-Космогониялық – ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

-Геометриялық – ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

 

  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.

 

 

Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

 


Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.

 

 

 

 Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.

 

 

 

Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.

 

 

Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.

 

 

 

 2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

 

 

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.

 

Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.

 

 

3. Космогониялық ою - өрнектер.

 

 

Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

 

 

 4. Геометриялық ою - өрнектер.

 

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

 

 

 

 

 

Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.

 

 

 

Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.

 Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

 2. Сергіту сәті. «Ойнайық та, ойлайық» ойыны.

Шарты: Музыка ойнатылады. Балалардың қолындағы ою үлгісі бір-біріне беріліп отырады. Музыка тоқтаған кезде, ою-үлгісі қай баланың қолында қалып койса, сол бала еңбек туралы мақал-мәтел айтуы тиіс.

3. Сарамандық жұмыс.

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

 Оюдың жапсырылған макетін оқушыларға таныстыру. Оқушылар

қолмен ұстап таниды, тамашалайды, қызыға қарап тезірек үйренгілері келеді.

Қауыпсіздік ережесін айтып кету.

 

Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.

 Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын әртүсті жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылар жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып алады.

Дайындалған диск бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды диектің центріне тигізіп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

 

 

 IV Бекіту.

  1. Оқушылардың жасалған бұымның жұмыстарын тексеру.

  2. Сұрақ қою арқылы тәрбие сағатын бекіту.

  • Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? /360-қа тарта/

  • Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?

  • Ата-бабаларымыз ою-өрнекті не үшін қолданған?

  • Кімнің жасаған заты көбірек ұнайды?

  • Тәрбие сағаттан алған әсерлерін қандай?

  • Өзін қағаз бетіне емес, мата бетіне түсіре аласың ба?

VI Қорытынды.

Міне, қолдарыңда өздерің істеген заттарың бар. Осы ою-өрнекті қиып, тігіп, басып үй ішіне керек заттарды әшекейлейтін әйел адамдар, аналар. Олай болса, осы өз қолдарыңмен істеген заттарыңды кімге сыйлайсындар? Аналарға. Дұрыс. Ертең үйге барғанда жылы сөздеріңмен, қуанышты көңілдеріңмен аналарына табыстауға тілек етемін.

Қазақ халқының сай-дәстүрін ұмытпай, жалғастыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі тәрбиелік сағатымызды аяқтаймын.

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ұлттық ою-өрнек түрлері».

Автор: Ишангалиева Айгуль Канатбаевна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 380236

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Ұлттық ою-өрнек түрлері»."
    ["seo_title"] => string(29) "u_lttyk_oiu_orniek_turlieri_1"
    ["file_id"] => string(6) "454000"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1517452397"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?лтты? ою-?рнек т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(27) "u-lttyk-oiu-orniek-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "195412"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427904430"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ою-?рнек т?рлері"
    ["seo_title"] => string(17) "oiuorniekturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "336231"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466972838"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?лтты? ою ?рнектер"
    ["seo_title"] => string(22) "u-lttyk-oiu-orniektier"
    ["file_id"] => string(6) "296575"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456048790"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Камзол?а салынатын ою-?рнек т?рлері" "
    ["seo_title"] => string(39) "kamzolg-a-salynatyn-oiu-orniek-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "166599"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422975682"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства