1.Үй тапсырмасын тексеру. 2.Жаңа сабақ Интерьер - орынжайлардың ішкі бұртұтас үйлесімділікке,жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Интерьер композициясы - жиһаз,шырақ,тұрмыстық жабдықтардың орналасуы мен өзара үйлесімділігі.Пәтердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген,ұйықтайтын,тамақтанатын,оқитын аумағы функционалдық аумақ деп аталады.Үй ішінің сәндік жасауына адам тұрмысына сән беретін кілемдер,ыдыс-аяқ,картиналар,музыкалық аппаратура сияқты пайдалы және сәндік элементтер кіреді. Суреттер, репродукциялар, эстамп, өрнектер - үй иелерінің ерекше мақтанышы.Оларды симметриялы және ассиметриялы орналастыруға болады. Эстамп - суретшінің немесе гравердің баспалық формамен орындаған қағаздағы қандайда бір бейненің суреті. Гравюра - ойма,өрнек,бедер (ойылған сурет),ағашқа жасалған өрнек арқылы оймалаудың әртүрлі әдістерімен орындалатын шығарма. |