Просмотр содержимого документа
«Т?р?ын ?й интерьері. »
Ашық сабақ
Абдуллина Лайля Ашировна
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№1 жалпы орта білім беру орта мектебі» ММ
технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй интерьері.6 сынып
Сабақтың мақсаты: композицияның интерьер үшін маңыздылығы, интерьердегі функционалдық аумақтары жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:1) оқушыларды эстетикалық талғамға, зейінділікке, мұқияттылыққа, өмір сүретін және адам қызметіне оптималды жағдай жасай білуге, қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.
Суреттер таңдау арқылы сыныпты үш топқа бөлу. Ручка тастау арқалы топ басшысын сайлау.
1.Ас бөлмесі
2. Қонақ бөлмесі
3. Балалар бөлмесі
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақ жауап арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.
Жаңа тақырып. ЖИГСО әдісі бойынша
Үйге тапсырма.
Бағалау. Топ басшыларына бағалау парақшасын тарату.
6.Үй тамсырмасы
Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады? Шалбар,белдемше
Табиғи талшықтарды ата? Жүн, жібек
Белдемшенің сызбасын құрастыру үшін қандай өлшемдер түсіреді? БЖО, МЖО, АББҰ,БҰ
Адам денесін қай жағынан өлшейді? Оң жағынан
Қай өлшем толық жазылады? Ұзындық өлшемі
Өлшем алғанда пайдаланатын құралдар? Сантиметрлік таспа
Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі? Тұрмыстық, өндірістік, формалық
Киімге қойылатын гигиеналық талаптар? Ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштік, жылу сақтағыштық
Құрастыру әдісі бойынша белдемшелерді нешеге бөлуге болады? Үшке, тік,сынама, конус тәрізді
Пішім дегеніміз не? Матаны пішуге арналған, қағаздан жасалған тігін бұйымының бөлшегі
Жаңа сабақ. Интерьер- орынжайлардың ішкі кеңістігін, әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімділікке жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Оның негізгі мақсаты: орынжайлардың шағын көлемі жағдайында кең, композициясы біртұтас кеңістік әсерін жасау болып табылады.Интерьерде жарықпен әсемдеу, сәндік жабдықтар, көгалдандыру, жабдықтардың формасы, сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру маңызды рөл атқарады. Балалар бөлмесі – сәби көп уақытын өткізетін орын. Сондықтан оның интерьеріне аса жауаптылықпен қарау қажет.Нәресте өмірінің алғашқы жылдарындағы психологиялық, дене және ой қабілетінің дамуы өз бөлмесінен басталады. Яғни, ата-ананың міндеті - бала дамуына қажетті жағдай жасау. Жиһаз Балалар бөлмесіндегі жиһаз міндетті түрде көп функционалды, экологиялық таза, және қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар, табиғи материалдан жасалған, үшкір ұшы жоқ, фурнитуралары мен өңделуі жоғары сапалы болғаны дұрыс. Еден мен қабырға Кішкентай кезінде бала көбіне еденде отырып ойнап, еңбектейді. Сондықтан, оның жылы және ыңғайлы болуын қадағалау қажет. Еден төсемін таңдағанда, осыған назар аудару керек. Балалар бөлмесіне тым қымбат түсқағаз алудың қажеті жоқ. Бастысы, ол экологиялық таза болса, жеткілікті. Түс Балалар бөлмесінің интерьеріне пастельді түстер таңдаған жөн. Бөлме интерьері бала мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, оған өз бөлмесі тек қуаныш пен қауіпсіздік сезімін ұялатуы қажет. Кішкентайынан қуанышты, жылы, көңілді атмосферада өскен бала жұмсақ мінезді болады. Балаларға арналған бөлменің күн көбірек түсетін жақта болғаны абзал. Онда балалар ұйықтайды, сабаққа дайындалады, ойнайды, сурет салады. Ересек балалар дыбыстық жазбаларды тыңдап, фото және радио әуесқойлық өнерімен, модельдер жасаумен шұғылдана алады. Сондықтан бұл бөлмелерді жиһаздағанда балалардың жас шамасын ескеру қажет. Балалардың қолды-аяққа тұрмайтын ойынпаздығы олардың барынша еркін қимылдап ойнауы үшін көп кеңістік бөлуді талап етеді.. Композиция (латынның composition сөзінен) – құрастыру, жалғастыру, байланыстыру, деген мағынаны білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы- тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі. Ол жиһаз, шырақ, тұрмыстық жабдықтарды бір-біріне және біртұтастыққа тең бағындырып үйлестіреді.
Қонақ бөлме Бұл-әдетте пәтердегі ең үлкен бөлме. Ол барлық семья мүшелерінің бос уақытын өткізуге — жұмыс күнінен соң демалуға, ән-күй тыңдауға, телевизор қарауға, қонақ қабылдауға арналған. Бөлменің осы сияқты атқарар міндеті көптігіне байланысты, ондағы мебельдерді дұрыс орналастырудың ерекше маңызы бар. Қай кезде болмасын келушілерге қолайлы болуы үшін қонақ бөлмені бірнеше аймаққа (ас ішетін жер, дем алатын бұрыш, жұмыс істейтін орын т. б.) бөлген жөн. Дем алатын бұрышқа бөлменің неғұрлым тыныш, басқадан оқшаулау аймағын арнаған дұрыс. Өйткені бұл жер негізінен кешкілікте пайдаланылады, сондықтан ол жерге табиғи жарықтық (күн сәулесіне) түсуі міндетті емес. Дегенмен, демалатын бұрыштық, әсіресе, жаз кезінде, терезеге жақын болғаны жақсы екенін, мұндай жағдайда оны балкон немесе лоджия есебінен кеңейтуге мүмкіндік туатынын да естен шығармау керек. Дем алатын кресло, диван, журнал столы, кітап шкафы не сөре, радиоаппараттары қойылады. Қонақ бөлмедегі жұмсақ мебель әр түрлі болуы мүмкін. Жұмсақ мебельді журнал столының айналасына бұрыштан яки "П" әрпіне сәйкестендіре орналастырған қолайлы. Мұндай жағдайда отыратын орын мен столдың арақашықтығы 30 см-ден кем болмауы керек. Жұмсақ мебельдерді орналастырған кезде телевизордың тұратын жерін есепке алу керек. Аяғы бар телевизор өзінше бөлек, кейбіреулері арнаулы тумбочкаға яғни мебель корпусындағы қуысқа орналастырылады. Қонақ қабылдағанда, жалпы семья мүшелері бас қосып, мерекелік кездесулер өткізген жағдайда бөлмеге ас столы, отырғыштар, сервант, буфет немесе ыдыс-аяқ, асханаға қажетті басқа да жабдықтар қоятын мебель қойылады. Қонақ бөлмені аймақтарға бөлген кезде оған жарықтың дұрыс түсуі де ескеріледі. Мысалы, асхана мен дем алатын бұрыштың жарық көздері өз алдына болғаны пайдалы. Қонақ бөлмеге мебель қойылмаған бос алаңшық болуын да ойластырған жөн. Ол жерде балалардың ойңауына, сондай-ақ қонақ қабылдағанда қосымша мебельдер қоюға болады. Қонақ бөлме дизайны. Қонақ бөлменің интерьері керемет болуы үшін оны басынан бастаған жөн. Заттарды әдемілеп орналастырып, үйлестіру үшін жиһаз бен аксессуарларды талғаммен алу керек.
Пәтерлердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақ деп аталады. Оған демалыс аумағы (жалпы бөлме) тағам дайындау (ас үй) ас ішетін,ұйықтайтын бөлме, балалар демалысына арналған аумақтар болады.Кейде мұның барлығы бір аумаққа ғана орналастырылатын жағдайлар да болады. Ас үй Ас бөлменің маңызы зор. Үй ішіндегі осы бөлікте уақытымызды көп өткіземіз. Тамақтана отырып мәселелерді шешеміз, жоспар құрамыз. Қонақты қарсы аламыз. Осының бәрі тағам әзірлейтін асханада болады. Бұрын ата бабамыз асты жайлауда қосалқы қоңыр үйде, ал қыстауда ауыз үйде әзірлеген. Ал қазір кез келген үйдің ас бөлмесі бөлектенген. Ас үйдің басқа бөлмеден айырмашылығы сол, онда басқа бөлмеде тұрмайтын тоңазытқыш, пеш, ыдыс-аяқ жуатын орны бар. Бұл бөлмені бәріміз де жақсы көреміз.Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеде атқарылады. Тамақ ішетін асүйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Асүйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел адам күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне асүйдегі жұмыс жағдайының қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйел адамның тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек Асүй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді. Әрбір асүйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Асүйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Асхана орнын, ас үйге жақын болу үшін, кіре беріс жақтан таңдаған қолайлы. Ас столын бөлменің ортасына қоймаған дұрыс, өйткені ол бөлмені тарылтып жібереді. Столдың бір шетін қабырғаға тірей орналастырса тіпті жақсы. Дастарқан жасағанда бір адамның стол басынан алатын орны 60 — 70 cм болуы керектігін ескеру қажет. Мұндайда жиналмалы столды пайдаланған ыңғайлы (8 адамға арналған ас столы жиналған кезде небары 0,16 м орын алады)
Қызығушылығын ояту : Слайд көрсету арқылы, тапсырмалар арқылы. Жеке жұмыс..Топта талдайды.. Топтар бір-біріне сұрақ қояды. Тыңдайды. Толықтырады .
«Қонақ бөлмесі»тобы
1 Тапсырма : «Интерьер жайлы не біледі.»?
2 тапсырма; «Қонақ бөлмесі» қандай болу керек?
3 тапсырма: шығармашылық жұмыс. «Әсемдік әлеміне саяхат» атты шағын әңгіме жазу.
4.Таратылған суреттер бойынша қонақ бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру, плакатқа суреттер жапсыру.
«Ас үй бөлмесі» тобы
1. Тапсырма : « Композиция дегеніміз не? .»
2. тапсырма; Ас үй бөлмесі қандай болу керек?
3.тапсырма: шығармашылық жұмыс. «Менің досымның ас үй бөлмесі» атты шағын әңгіме жазу.
4.Таратылған суреттер бойынша ас үй бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру. плакатқа суреттер жапсыру.
"Балалар бөлмесі» тобы
1. Тапсырма : «Функционалдық аумақ деп нені айтамыз.»
2. Тапсырма; «Балалар бөлмесі» қандай болуы керек ?
3. Тапсырма: шығармашылық жұмыс. «сенің бөлмеңнің қандай болғанын қалайсың?» атты шағын әңгіме жазу.
4.Таратылған сурет бойынша балалар бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру.
Әр топ берілген тапсырманы қорғайды.
Оқушылардың пікірі. Сабақтың ұнағаны ұнамағаны туралы өз ойларын жазып тақтадағы смайликке жапсыру.
Бағалау.2мин
Бағалау парағы.
Р/с
Оқушылардың аты-жөні:
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Теориялық
білім
Тапсырмаға.
Бағалау
1
2
3
4
Үйге тапсырма беру. Өз бөлмелерінің суретін салып келу.