Таныстырылымдар/суреттер арқылы интерьер стилінің ерекшеліктерін түсіндіру. Бірнеше интерьер стилін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктерін сипаттап беріңіз. Әңгімелеу. Мұғалімнің ұсынбаған интерьер стильдерін атауларын және олардың ерекшеліктерін сипаттап беруді сұраңыз. Оқушылардан сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: - Интерьердегі сәндік бұйымдардың рөлі қандай? - Балалар бөлмесінің интерьерінде қандай бөлшектер назар аудартуы мүмкін? Тәжірибелік жұмыс: қонақбөлме интерьеріне арналған сәндік элементтерді таңдау. Оқушылар қонақбөлме интерьерінің стилі бейнеленген карточкаларды таңдай отырып, топтарға бірігеді. 1-нұсқа. Оқушылар қонақбөлме стиліне арналған сәндік элементтерді (тоқыма бұйымдар, ыдыстар, бейнелеу өнері заттары, аква және фито-дизайн элементтері, басқа сәндік элементтер) ұсынады, өз ұсыныстарын негіздейді, сыныптастарымен идеяларын талқылайды. 2-нұсқа. Топ мүшелері сәндік элементтерді орналастыру арқылы таңдалған стильге сәйкес постерде қонақ бөлмесін жасақтайды. Сыныптастарына постерлерін таныстырады. Тәжірибелік жұмыс. Таңдалған интерьер стиліне сәйкес сәндік бұйым эскизін салу. Тәжірибелік жұмысты жекенемесе топпен орындауғаболады. Тапсырма дескрипторларын талқылау. интерьер стилі, сәндік бұйымды орналастыру үшін орын мен жай таңдалған; сәндік бұйымның түрі анықталған; пішіні мен түстік гаммасын үйлестіріп, оны интерьерге орналастырып, интерьерге арналған сәндік бұйым эскизін орындаған; материалдар атаулары аталған; бұйым дайындауға арналған техника таңдалған. Оқушылар сәндік бұйым жасалатын интерьер, бөлме стилін, оған сәндік бұйымды орналастыру тәсілі мен орнын (қабырғаға ілінген, полкада орналасқан және т.б.) таңдайды. Сәндік бұйым түрін (панно, коллаж, диван жастығы, сәндік сағат және т.б.) анықтайды. Бұл ақпараттарды эскиздің жоғарғы жағына жазады. Сәндік бұйым эскизін салады. Алдымен еркін масштабта нобай дайындауға, сонан соң бұйымның пішінін, өлшемі мен түстік гаммасын анықтай отырып, болашақ жұмыстың эскизін форматта орындауға болады. Эскиз композиция элементтерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетеді. Бөлменің схемасын қолдануға болады. Эскизге материалдардың атауы мен олардың болжаулы түсін енгізеді. Сәндік бұйым жасау техникасын жазады. |