kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. Тақырыбы: Тігін машинасында орындалатын талаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ. Тақырыбы : Тігін машинасында орындалатын талаптар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Тақырыбы: Тігін машинасында орындалатын талаптар»

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасында орындалатын талаптар

 Сабақтың мақсаты: Машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып,тігістерді орындау технологиясы үйрету.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындауға ептілгін дамыту. Оқушыларды еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.\

Күтілетін нәтиже:

Тігін машинасында жұмыс істеп біледі; Тігін машинасында орындалатын талаптарды орындай біледі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, өзбетінше сарамандық жұмыс.

Материалдық-техникалықжабдықтау: Слайд, плакат, мата қиындылары, ине, жіп, тігін машинасы.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезені.         

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

2.Оқушылардың жұмыс киімдерін және сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Үйге берілген бүгіптігу,сырып тігу тігісін тексеру.

 Қатемен жұмыс істеу кестесін қолдана отырып,таңдалған маталарға сәйкес келетін машина инесі мен жіпті тексеру.

Материал түрі

Ине нөміріЖіп нөмірлері Жұқа жібек,бәтес

70

80

Сиса,сәтен,жібек,ішкиімдік мата

80-90

60-80

Ауыр мақта-қағаз мата,бөз,фланель,жұқа жүн мата,ауыр қалың жібек,жаймалық мата

90-100

50-60

Костюмдік жүн мата,тик

100

40

Қалың  жүн мата

110-120

30

1.Жіптің тартылуын қалай реттейміз?

2.Сырып тігу тігісі мен нелерді тігеміз?

3. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

  • Үстіңгі жіпті сабақтау

  • Астыңғы жіпті сабақтау

  • Жіптің тартылуын реттеу

  • Тігістің ұзындығын реттеу

4.Машинамен жұмысістегенде жарық қай жақтан түсу керек?

5.Машинамен жұмыс істегенде отыратын орындық пен тігін машинасыны ң ара қашықтығы қанша болу керек?

Тұрмыстық тігін машиналарында жұмыс істеу ережелері

Тігін машинасында орындалатын жұмыс сапалы және әдемі болуы үшін мынандай ережелерді сақтау керек:

1.Бұйым мен тігінші көзінің арасындағы қашықтық 30-40 см болуы, ал шынтақ машина платформасымен бір деңгейде жатуы керек.

2.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға иіп, тік отыру керек.

3.Тігу барысында бөлшектерді машина табанына сол жаққа, тігілетін қосымшаларды оң жаққа қояды.

4.Жұмыс орынына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі қажет.

 Тігін машиналары мен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері.

1.Тігін машинасына отырмас бұрын, бұйымда түйрегіш немесе иненің бар-жоғына көз жеткізу.

2.Жұмыс барысында машинадан, әсіресе инеден көз тайдырмау, басқа нәрсеге алаңдамау.

3.Шашты көрсетпей,орамал тарту немесе кедергі келтірмейтіндей етіп жинап қою.

4.Ине, шөлмек немесе машинаның қандай да бір бөлігін ауыстырғанда, машинаны тоқтан ажырату(егер машина аяқ жетектегі болса,басқыш табанынан аяқты алу)

5.Барлық керекті құрал-жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшікке жинау.

6.Жұмыс барысында қайшыны немесе жіпті машина платформасына қоюға болмайды.

7.Машина жұмыс істеп тұрғанда майлауға немесе тазалауға  рұқсат етілмейді.

 ІҮ. Жаңасабақ.  

Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар

1.Жіптің түсі бұйым матасының түсімен сәйкес болу керек.

2.Ішкі тігімдердің ұшын иінтіректің көмегімен машинаны артқа қарай жүргізіп бекітеді.Бекіту ұзындығы 0,7-1см болады.

3.Тігін машинасымен жұмыс аяқталғаннан кейін барлық уақытша тігілген тігістер алынады (көктеу)

Ү. Сарамандық жұмыс

1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.

2. Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.

3. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қателерді түзеу.

ҮІ. Қорытынды

Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында кесте бойынша талқылау

 Шарттары

Тапсырма

Түсінік, саралау, мысалдар

Білім

Жаңадан қандай  тігіс түрлерімен таныстыңдар?

 Түсінік, ұғынуы

Берілген білімді түсіндіңдерме?

Оны қалай дәлелдейсіңдер?

 Қолдану

Алған білімдеріңді қалай қолданар едіңдер?

 Сарамандық жұмыс

Қабылдаған біліміңді сарамандық жұмыс пен көрсете аласыңдарма?

Дәлелдеңдер.

ҮІІ. Бағалау

Үйге тапсырма беру. Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптарды жаттау. Сабақта берілген үш тігіс түрін қайта тігіп келу.Ине,жіп,мата әкелу.

Жұмыс о рнын жинастыру. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашық сабақ. Тақырыбы: Тігін машинасында орындалатын талаптар

Автор: Корабаева Назгуль Жайыкбаевна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394584

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Машинада?ы тігіс т?рлері "
    ["seo_title"] => string(28) "mashinadag-y-tighis-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "143502"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418552748"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тұрғын үй мәдениеті"
    ["seo_title"] => string(23) "tu_rg_yn_ui_m_dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "408577"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491958918"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства