kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Шалаөнімдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шалаөнімдердің түрлерін біледі. дайындау технологиясын меңгереді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Шалаөнімдер"»

Ақтоғай станциясы. «№ 8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ











Сабақтың тақырыбы: Шалаөнімдер



































Ракишева.З.Х 2015-2016 оқу жылы



ШҚО. Аягөз ауданы .Ақтоғай станциясы. «№ 8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ



Ракишева Зауре Хасановна технология пәнінен сабақ жоспары 9 «ә»сынып

Сабақтың тақырыбы

Шалаөнімдер

Типі ,түрі

Зерттеу сабағы

Сілтеме

Бағдарлама

Жалпы мақсаттар

Шалаөнімдер түрлерімен танысып , дайындалу ерекшелігін меңгеру.

Оқыту нәтижелері

Шалаөнімдердің түрлерін біледі, дайындалу ерекшелігін меңгереді.

Сабақтың негізгі идеясы

Сапалы оқу дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта ,слаидтар,карталар,ресурстар ,оқулық мәтін.

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару,,сабаққа психологиялық ахуал, сергіту сәтін ұйытдастыру, топ ережесімен таныстыру,бағалау парақшасымен таныстыру.

Топтық жұмыстың ережелерін қайталап өту.

Бағалау парақшасы критериилер бойынша топ басшысына беріледі.

Пельмен суреттері- А, котлет-В,

туралған шикі еттер- С топтарын деңгейлеп бөлу.

Кезекші сыныпты түгендейді, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеу,сергіту сәтін орындайды, шаттық шеңберін құрып, әркім өзінің қасындағы көршісіне есімінің бірінші әрпініне қарай жақсы тілек айтады.Мысалы: Ажарлы-Айдана..

А,В,С топтарға мұғалім таратқан суреттер бойынша бөлінеді. Топ ережесін алып қайталап шығады.Топ басшысын сайлайды, топ басшысы бағалау парақшасын алып бағалау критериилерімен танысады.

3мин

Қызығушылықты ояту

Интерактивті тақтадан слайд көрсету : Шалаөнімдер туралы.«Ойлан ,жұптас, талқыла» Осы бейне көріністен әр оқушы өз ойлары мен пікірін 2 мин ішінде қағаз бетіне түсіреді. Содан кейін өз жазғанын жұбымен 3 мин талқылайды,пікірлеседі. мұғалімнің бағыты бойынша топта жұмыс істейді-топ ортақ тізім жасайды Бірнеше қатысушы өз пікірлерін аудиторияға жариялайды.

Жеке ойланады, жұптар бірлеседі, пікірлеседі, топ мүшелерімен талқылайды, ортақ тізім жасайды.

5 мин

Жаңа тақырыпты ашып, мақсатын айқындау.

«Миға шабуыл»

1.Балалар бүгін сабақ басында топқа бөліну үшін таратылып берілген суретке мұқият қараңдар және өздерін көрген слайд бойынша ойлана отырып , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар топқа бөліну үшін таратылған суреттерге қарап топтар бір-бірімен пікірлесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын анықтайды.

1мин

Үй тапсырмасын қайталау

ҮйгеАтоп- ұлттық дәстүр бойынша қой етін мүшелеу, С топ -табақтың түрлері, С топ -еттің тағамдық құндылығы , Инфляция туралы қосымша материалдар .Үй тапсырмасын формативті бағалау.

Топтар үй тапсырмасын бір шалып шығады,

А топ деңгейлік тапсырма бойынша Ұлттық дәстүрмен етті мүшелеу(слайд)

В топ Табақтың түрлері .Қай табаққа қандай мүше салады?

С топ еттің тағамдық құндылығы

Барлық топқа инфляция туралы тапсырманы тыңдау.

Топ басшысы бағалап отырады.

10мин

Мағынаны ажырату кезеңі

Оқушыларға тақырыпты оқып

«Тезис конспект» жасауға тапсырма беріледі.Әр топқа топ ішінде бір-бірінің дәптерін тексеру тапсырылады.

Фронтальді түрде бақылау жасау.

Әр оқушы алдымен мәтінді оқып танысады. Басты ұғымдар, ережелер, негізгі идеялар бөліп алынып, тезис конспект жасайды. Шағын топта бірлесе отырып, топ ішінде талқылайды, бір-бірінің дәптерін тексереді. Топ басшысы бағалайды.

8мин

Ой толғаныс кезеңі

Топтарға ресурс таратылады, Шалаөнімдер

Ет шалаөнімдерін алу үшін салқындатылған, суытылған және мұздатылған сиыр немесе қой еті алынады.

Шалаөнімдер:Табиғи шалаөнім , шабылған , нан ұнтағына аунатылған.

Табиғи шалаөнімдер- ұшаның белгілі бір бөлігінің кесек еті.Мөлшеріне қарай шалаөнім ірі кесекті, порциялы және кіші кесекті деп бөлінеді .Ірі кесекті шалаөнім- шандырынан ажыратылған ірі кесекті жұмсақ ет.

Порциялы –бір немесе бірнеше кесек еттен тұратын,салмағы мен мөлшері бірдей шалаөнімдер.Ет талшықтарына қиғаш немесе көлденең 45 бұрышпен турайды.Көлденең туралған шалаөнім түрін жақсы сақтап, шикі кезіндеде өзгеріске ұшырамайды.Жылумен өңдегенде сөлін жоғалтпай,нәрлі әрі дәмді болады.

Антрекот- сопақша ұзына пішінді,қалыңдығы 1,5-2 см-лік қалың және жұқа қырлы,қабат майы 1см кем емес жұмсақ ет.

Бифштекс- кесек еттен дайындалады, дөңгелек пішінді, майсыз келеді.Қалыңдығы 2-3 см .

Лангет- бірдей салмақтағы қалыңдығы 1 см-лік екі кесек ет.

Табиғи котлет- ұзындығы 8 см-ден аспайтын қой қабырғасының жұмсақ еті.

Эскалоп- салмағы бірдей , сопақша-жалпақ пішіндегі қалыңдығы 1-1,5см екі жұмсақ ет.

Шницель- салмағы бірдей , сопақша- ұзынша пішінді, қалыңдығы 2-3 см бір немесе екі жұмсақ кесек ет.

Кіші кесекті шалаөнімдер- сүйексіз шалаөнімдер ( бефстроганов, азу, гуляш,қуырдақ), сүйекті ( көжелік жиынтық,бұқтыруға арналған сиыр еті,харчоға арналған) Бұлардың порциялық салмағы көбіне 125г болатын ұсақ ет кесектері.

Азу- ұзындығы 3-4 см , салмағы 10-15г ,төртбұрыштап туралған ет.

Бефстроганов- салмағы 5-7 г ,туралған ет.

Гуляш- 20-30 г ет кесектері.

Шабылған еттен дайындалатын шалаөнімдер мұздатылған түрде шығарылады.Оларға: тұшпаралар, жентек түйірлер, үзбелер жатады.Шабылған еттен әзірленген котлеттер, бифштекстер, шницель, ромштекс,тартылған еттер салқындатылған немесе мұздатылған түрде ,ұнға аунатылып немесе аунатылмай шығарылады.

мұғалімнің нұсқауымен топ мүшелері шалаөнімдерге кластер жасауға тапсырма беріледі.

Топтарды формативті бағалау, белсенділерге смайлик беру.

Деңгейлеп берілген тапсырма бойынша топтар тапсырманы кластер арқылы орындайды.Топтар пікірлеседі, талқылайды, жасайды, қорғайды.А тобына :Ірі кесекті шалаөнімдерге қойылатын талаптарға кластер дайындау.

В тобына: Табиғи порциялы шалаөнімдерге қойылатын талаптар.

С тобына: Ұнға аунатылған шалаөнімдерге қойылатын талаптарға кластер дайындау.

Топ басшылары әр оқушының топтық жұмысқа қосқан үлесін, құнды пікірін ескере отырып, бағалап отырады.

10мин

Негізгі идеяны ашу

«Микрофон» әр топтың қасына барып бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Шалаөнімдер деп нені айтады?

2.Порциялық шалаөнімдерді атаңдар?

3.Үлкен кесекті шалаөнімдерге қандай талаптар қойылады?

4.Ұсақ кесекті шалаөнімдер сапасына қойылатын талаптар туралы айтып беріңдер?

Қабілетті оқушыларға тапсырма: «Сәйкестендіру тест»

Формативті смайлик тарату арқылы бағалау.

Топтар пікірлесіп, анықтайды.

Берілген сұрақтарға топ ішінен суырылып біреуі жауап береді. Топ басшысы бағалайды.

4мин

Қорытындылау

Шығу парағы арқылы кері байланыс жасау.

1.Бүгін сабақта----білдім және түсіндім


2. Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрағын бар?

3.Бүгінгі сабақта маған ---ұнады.

4.Келесі сабақта ----- білгім келеді

5. Мен бүгін қалай жұмыс жасадым

а) белсенді ә) орташа

б) белсенбедім

6.Тілегім -------------

Топ басшылары бағалау парағы бойынша қойылған бағаларын айтып өтеді.Формативтік бағалау және жиынтық бағалау.

3мин

Үйге тапсырма

Шалаөнімдер. «Бефстрогонов» нұсқау карта даярлау. Етті механикалық және жылулық өңдеу бойынша іздену , Атоп оқушыларына: Порциялы шалаөнімдерінің бірнешеуіне нұсқау карта жасау.

Оқушылар күнделіктеріне берілген тапсырманы жазады.

1мин




























Шалаөнімдер

Ет шалаөнімдерін алу үшін салқындатылған, суытылған және мұздатылған сиыр немесе қой еті алынады.

Шалаөнімдер:Табиғи шалаөнім , шабылған , нан ұнтағына аунатылған.

Табиғи шалаөнімдер- ұшаның белгілі бір бөлігінің кесек еті.Мөлшеріне қарай шалаөнім ірі кесекті, порциялы және кіші кесекті деп бөлінеді .Ірі кесекті шалаөнім- шандырынан ажыратылған ірі кесекті жұмсақ ет.

Порциялы –бір немесе бірнеше кесек еттен тұратын,салмағы мен мөлшері бірдей шалаөнімдер.Ет талшықтарына қиғаш немесе көлденең 45 бұрышпен турайды.Көлденең туралған шалаөнім түрін жақсы сақтап, шикі кезіндеде өзгеріске ұшырамайды.Жылумен өңдегенде сөлін жоғалтпай,нәрлі әрі дәмді болады.

Антрекот- сопақша ұзына пішінді,қалыңдығы 1,5-2 см-лік қалың және жұқа қырлы,қабат майы 1см кем емес жұмсақ ет.

Бифштекс- кесек еттен дайындалады, дөңгелек пішінді, майсыз келеді.Қалыңдығы 2-3 см .

Лангет- бірдей салмақтағы қалыңдығы 1 см-лік екі кесек ет.

Табиғи котлет- ұзындығы 8 см-ден аспайтын қой қабырғасының жұмсақ еті.

Эскалоп- салмағы бірдей , сопақша-жалпақ пішіндегі қалыңдығы 1-1,5см екі жұмсақ ет.

Шницель- салмағы бірдей , сопақша- ұзынша пішінді, қалыңдығы 2-3 см бір немесе екі жұмсақ кесек ет.

Кіші кесекті шалаөнімдер- сүйексіз шалаөнімдер ( бефстроганов, азу, гуляш,қуырдақ), сүйекті ( көжелік жиынтық,бұқтыруға арналған сиыр еті,харчоға арналған) Бұлардың порциялық салмағы көбіне 125г болатын ұсақ ет кесектері.

Азу- ұзындығы 3-4 см , салмағы 10-15г ,төртбұрыштап туралған ет.

Бефстроганов- салмағы 5-7 г ,туралған ет.

Гуляш- 20-30 г ет кесектері.

Шабылған еттен дайындалатын шалаөнімдер мұздатылған түрде шығарылады.Оларға: тұшпаралар, жентек түйірлер, үзбелер жатады.Шабылған еттен әзірленген котлеттер, бифштекстер, шницель, ромштекс,тартылған еттер салқындатылған немесе мұздатылған түрде ,ұнға аунатылып немесе аунатылмай шығарылады.

Бағалау парақшасы

Критерийлер




Топ мүше лері

Үй тапс-ма б-а

идеялар

ұсынуы

«Ойлан,

жұптас,

талқыла».

жұппен пікір бөлісуі

Кластер

дайындау

ға идеясын ,

үлесін қосуы

«Микрофон»

сұрақтарға жауап беру,

тақырыпты

меңгеруі

Барлығы

Диана






Лаура






Балжан






Нургул






Бағалау парақшасы

Критерийлер




Топ мүше лері

Үй тапс-ма б-а

идеялар

ұсынуы

«Ойлан,

жұптас,

талқыла» жұппен пікір бөлісуі

Кластер

дайындау

ға идеясын ,

үлесін қосуы

«Микрофон»

сұрақтарға жауап беру,

тақырыпты

меңгеруі

Барлығы

Айнур






Ажар






Эльвира






Аружан






Айым






Бағалау парақшасы

Критерийлер




Топ мүше лері

Үй тапс-ма б-а

идеялар

ұсынуы

«Ойлан,

жұптас,

талқыла» жұппен пікір бөлісуі

Кластер

дайындау

ға идеясын ,

үлесін қосуы

«Микрофон»

сұрақтарға жауап беру,

тақырыпты

меңгеруі

Барлығы

Айгерім Айсуд.






Айгерім Абс.






Зарина






Гулден






Тоғанай















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ашық сабақ "Шалаөнімдер"

Автор: Ракишева Зауре Хасановна

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 361002

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?гінгі білім- ерте?гі болаша?ым ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "bughinghi-bilim-iertien-ghi-bolashag-ym-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429260311"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) ""А?дар ?ыс?ы суы?тан ?алай ?ор?анады?" ашы? саба?  ?орш?ан ортамен таныстыру "
    ["seo_title"] => string(84) "an-dar-k-ysk-y-suyk-tan-k-alai-k-org-anady-ashyk-sabak-k-orshg-an-ortamien-tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "202831"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429341239"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ашы? саба? Гимнастика"
    ["seo_title"] => string(20) "ashyksabakgimnastika"
    ["file_id"] => string(6) "269944"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450958293"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Шал мен бала" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(26) "shal-mien-bala-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "163873"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422546905"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? саба? Б?йтерек"
    ["seo_title"] => string(19) "ashyksabakbitieriek"
    ["file_id"] => string(6) "294966"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769394"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства