kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Научный проект Изделия из войлока

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы "Ж?ннен жасал?ан б?йымдар". Мазм?ны:1.Кіріспе.2.Ма?саты, міндеті. Ж?н о?деу жолдары..

Жа?а ?діспен ж?нді ??деу. Казіргі уа?ытта жа?а технология ж?ннен алуан т?рлі б?йымдар жасалады .Т?сеніштер,кілемдер,киімдер, баскиімдер, ая?киімдер, сувенирлер,ойыншы?тар,картиналар.

?зіме ?на?аны ж?нді ??деу жа?а ?дістері. 1- ?діс:??р?а? дайын ж?ннен картина жина?тау.Орындауына  2 са?ат кетеді.

Ж?мыс орындау?а ?ажетті ??рал-жабды?тар:

Эскиз, т?рлі т?сті ж?н,?айшы, мата,картон,?йнек,рамка,ж?нді ??деуге арнал?ан ине

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Научный проект Изделия из войлока »


Абай атындағы мектеп-гимназия


Ғылыми жоба





Тақырыбы: «Жүннен жасалған бұйымдар»








Орындаған:Темирбаева Айсұлу

10ә сынып оқушысы.

Жетекшісі : А.М.Темирбаева

технология пәні мұғалімі


Мазмұны




І. Кіріспе


ІІ. Мақсаты. Міндеті .

ІІІ. Негізгі бөлім

Жүн өңдеу жолдары.

Жүнді бояу технологиясы

Киіздің жасалу жолдары

Сырмақтың жасалу технологиясы

Ою-өрнек

Жаңа әдіспен жүнді өңдеу

ІІІ. Қорытынды


ІV. Пайдаланған әдебиеттер



























Кіріспе

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағынымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырдық.

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс жасөспірімдердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.

Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жаткан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттык қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдык, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.

Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.


Мақсаты.


Қазақ халқының ұлттық киіз басу әдісімен танысу, олардың түрлерін білу .

Жүн өңдеу және киіз басу жолдары туралы мәліметтерді табу және олардың қазіргі заманғы жасау тәсілдерін үйрену.


Міндеті.


  1. Киіз басу қол өнерінің тарихын білу.

  2. Киіз басу тәсілінің ерекшелігіне көз жеткізу.

  3. Тұрмыста қолдану ерекшеліктерін анықтау.



Жүн өңдеу

Қой жүнінің сан түрлі сорттарымен тайталаста жылулығы жағынан тез түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті. Әрі әсем, әрі сапалы да, мықты бұйым шығу үшін алғашкы шикізат жүннің сапасы ерекше орын алады. Сапалы бұйым шығуы үшін жүн өңдеуде кандай процестерге қай кезден бастап көңіл бөлген жөн? Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі, шебер иірілуі керек. Жүн таза қырқылып, рет-ретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой кырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі тиіс. Қырықтықшылардың айтуынша, қойды жабағы жүні көтеріліп, астынан жаңа өскін пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс. Қоңды малдың жүні уақытында біркелкі көтеріліп, кырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні керісінше, сабалақтанып өскен жүндері жетілмей жабағы көтерілмей калады. Жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты. Малдың күтімі талапка сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес.

Ғалымның айтуынша, жүн сапасы оның табиғи түсі, жылтырлығы. Ал керісінше, өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт - сапасы әр түрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуга мәжбүр болады. Бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанада ылғалды көп тартады. Әсіресе, жуылмаган жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді шірітеді. Сондықтан жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша кілемге арналған жүнді қағаз қаптарқа нығыздап салып, арасына «Молемор», «Дезмоль», «Антимоль» препараттарын салу керек.

Киім тоқып, бұйым жасаудан бөлек, сапасы нашарлау жүндерге қылшық, шуда, жылқының қылын араластырып, әр түрлі мақсатқа арналған жуанды-жіңішкелі арқан мен жіп, ноқта жасауға, т.б. күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ұсақ бұйымдарды есіп және өріп жасауға болады. Қазіргі таңда жүннен көптеген әсем бұйымдарды жасауға мүмкіндік зор. Мәселен, оюланған сөмкелер, үй іші аяқкиімдер, сақина, алқалар, қуыршақтар, т.б.


Жүнді бояу технологиясы

Жүнді бояу үшін қазанның қақпағын жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен бастырып отырған дұрыс (жүн салмастан бұрын бір литр суға бір шай қасық көлемінде сірке суы құйылады) . Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазан қазан түбіне жабысып қалады. Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Жүннін бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылғанды, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн суы сорықтырылып, жүн эмальді табаққа алынады. Бетін қақпақпен жауып үстін ауыр затпен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін жүн керілген жіпке, көлеңке жерде кептіріледі, оны арнайы жүн тарайтын таракпен тарап, түтіп түрлі әсем бұйымдарын жасауға болады.

Табиғи жүннен жасалған бұйымдардың адам денсаулығына өте көп пайдасы бар екендігін айтып өту кажет. Мысалға, жүннен жасалған кеудеше, байпақ адамға тек жылу беріп қана коймай, адамның жаман энергиясын тартып отырады, сондай-ақ емдік касиеті бар.

Қолөнер бұйымдарын жасаудың өсіп келе жаткан жасөспірімге берер тәлім-тәрбиесі, пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып колөнер шығармашылықтарын дамытады.



Жүн




Түбіт ешкі жүнінен қырқылады

Күзем күзде қырқылады

Жабағы жазда қырқылады









Сұрыптайды

Тазартып жуады

Сабайды

Ұршықпен иіреді

Шүйкелейді

Ширатады

Өңдейді

Түтеді

Тарайды

























Киіз басу жолдары

Киіз - шығыс халқының көшпенді тұрмысына орай колданылған мүліктін бірі. Киіздер негізінен: үй жабуға арналған киіз, сырмақтық киіз, түрлі киім-кешекке арналған жұка киіз, жабағы киіз деп өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Киіз басу әдісі:

Алдымен тоқылған 5 метрдей ши немесе кенеп қажет. Шидің үстіне жүнді шабақтап орналастырады да, бірнеше адам екі жағынан отырып білектеп соғады. Көшпенділікке байланысты пайдаланатын киізді бір түсті жүннен басады.

Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңын, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектерде қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді ететін-ді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.

Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым, шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын 1 метр 20 сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Ол сабаушылардың санына карай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен кос колдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді.

Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады. Ол үшін оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қант шиді екі қатар жарастыра көктейді немесе шидің шет бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе киіздің өңі мен теріскейі дейді.

Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса. онда оның астыңғы бетіне бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұка басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп өтіп, киізді алақанмен басып көреді. Жұка жеріне жүн косады, қалың жерін жаймалап жұкартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп кұяды. Жоғарыдан шашырап кұйылған су өз салмағымен жүнді басып біріне-бірін косып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.

Су себіле бастасымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан жүнді қабаттай шиыршықтап, ескен тәрізденіп, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы тәртіппен жүн тартылған ши түгел жиналған сон, оны сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып, екі басын тұйыктап бос салып кояды. Бұл шиыршықталып жатқан шиді домалатып сүйрету үшін кажет.

Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат тепкеннен кейін шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып, оны қайта орап, тағы да тебеді. Жалпы киізді тебу уакыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым шымыр, тегіс, әдемі шығады да, ондай киіз көп уақытқа дейін қопсып, түтеленбейді.






1.Шиге жүнді 9. Қыл-қыбырынан

сабақтап орау тазалау

2. Ыстық су себу

Киіз басу технологиясы

8. Кептіру

3. Тебу

7. Ұзындау


4. Кірігу үшін 6. Қарпу

булау

5. Білектеу














Сырмақ

Сырмақ - халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден - бір жарасымды дүние.

«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымак» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып калыптаскан.

Сырмақ түрлері:

Сырмақтар ұсталатын орнына қарай от киіз ( от сырмақ),ақ сырмақ ,

, тізе сырмағы, тер сырмақ, іргелік (ірге киіз), бұйым сырмак т.б деп аталады.

Үлгілеу және істелеу жолдарына карай бірнеше түрге бөлінеді. Байырғы үлгіден дәстүрлі сырмақ, оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, жиек сырмақ, кестелі сырмақ, біз кестелі сырмақ, баспа кестелі сырмақ, ашамай кестелі сырмақ, жапсырма кестелі сырмақ, кілем пішінді сырмақ, көне, жаңа үлгідегі от киіздер.

Істелеу материалына қарай оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, кестелі сырмақ, жиек сырмақ, кілемше сырмақ, құрақ сырмақ деп аталады.

Мына екі түсті киізді біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған бұйым сырмақ деп аталады.

Сырмақ сыру технологиясы:

  1. Екі түсті киізді біріне-бірін беттестіріп көктеп бетіне ою-өрнек сызу.

  2. Киіз ою. Өткір пышақпен асқан шеберлікпен ойып алу.

  3. Салңастыру - көктеу жібін сөгіп, киіздін екі түсінің ортасын ауыстырып киыстыру.

  4. Үйлестіру - оюларды жіппен іліп косу.

  5. Біріктіру - оюларды түйістіріп, жөрмеп тігу.

  6. Жиектеу жұмысы

Осындай өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге казіргі заман талабына сай күнделікті өмірде колдануға жарайтынына көз жеткізу керек. Сырмақ тек қана киізден ғана емес матадан, түрлі жіптермен ою нақыштарын келтіріп сыйлыктык бұйымдар жасауға болады. Осындай бұйымдардың бірі мойынға салатын жылы орамал.












Ою-өрнектер

Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.

Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді. Бүл ернек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында колданылған.

Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған.

Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс тіршілігі « жасырынып » жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады.

Қазак халкьның ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз». Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Сыңармүйіз», « Сынықмүйіз», «Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда «Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ.

Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

Тағы бір айта кететін нәрсе, казақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне сай орын тандаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар «Ит құйрық» аталатын өрнек ешкашан бас киімдерге колданылмаған. Мұның астарында «Дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «Дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырык балағына өрнектелген.

Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген.

Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқармүйіз секілді ою-өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Ою-өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады.

Қорыта айтқанда, халык мұрасындағы үлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалык мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпакка аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз.




Ою-өрнек түрлері

Атаулары:

1.Зооморфтық

2. Өсімдік тектес

3. Геометриялық

4. Космогониялық

Қошқармүйіз, құсқанат Бадам, сегізжапырақ

Торкөз,шимай,ирек

Айшық, жұлдыз, кемпірқосақ т.б.






Бұйымдарға өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу қажет. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы.

Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым

табуы - колорит деп аталады.

Жалпы алғанда, ою-өрнек - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.


















Ою-өрнектердің түрлері

 

«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл  элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.


«ГҮЛ»  ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.


«ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.

 


«БАҒАНӨРНЕК» қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы ағаш секілді ою-өрнөк салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз қылып алып, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек асадал, кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

 


«ИТҚҰЙРЫҚ» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.


«ШЕТОЮ» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» ес іктің жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.







Өрнектердің түстері мен бояулары

 

Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды  шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға әр түрлі қоспаларды қосып.
Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.
Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.  



















Жаңа әдіспен жүнді өңдеу


Қазіргі уақытта жаңа технология бойынша жүннен алуан түрлі

бұйымдар жасалады. Төсеніштер, кілемдер, киімдер, бас киімдер, аяқкиімдер, сувенирлер, ойыншықтар , картиналар.




















Өзіме ұнағаны жүнді өңдеу жаңа әдістері.

І әдіс: құрғақ дайын жүннен картина жинақтау. Орындауына 2 сағат кетеді.


Жұмыс орындауға қажетті құрал-жабдықтар:


Эскиз, түрлі түсті жүн, қайшы, мата, картон, әйнек, рамка , жүнді өңдеуге арналған ине.


Орындау жолдары:

Мата немесе картон бетіне жүнді үзіп салып біртіндеп жабамын. Мысалы: «Көкнәр» картинасын жинағанда жүннің жасыл, күлгін, көк, қоңыр түстерін фонға , гүл сабағына жасыл түс реңдерін қолдандым. Қызғылт-сары, ашық қызыл түсті жүннен күлтелерді орындадым. Жүмысты аяқтаған соң әйнекпен жауып рамкаға бекіттім. Осы әдіс өте оңай және тез орындалады.










ІІ әдіс: Шағын киіз басу.


Қажетті құрал-жабдықтар:


Жүн, кенеп, полиэтилен пакеты, сабан су, өрнек суреті.

Орындау жолдары:

1.Кенеп бетіне бірнеше қабат дайын жүн саламыз.

2.Тегістігін алақанмен басып тексереміз.

3. Жүннің бетіне ою түрін саламыз.

4. Сабын суды ыстық сумен араластырып, үстіне себелейміз.

5.Бетін пакетпен жауып, кенепті ораймыз.

6.Алақанмен басып 15 минуттай жұдырықтаймыз.

7.Біркелкілігін тексереміз, тағы да 15 минут басамыз.

8.Жұмыс аяқталғаннан соң , дайын киізді кептіреміз.
















Қорытынды:

Жұмысымды қортындылай келе , қазақ халқының жүннен жасалған бұйымдары туралы жаздым.

Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдеп – ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Жалпы табиғи материалдардан бұйымдар жасаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған.

Табиғи заттардың адам баласына тигізер әсері мол. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей табиғи заттарды немесе тұтынуға жарамсыз заттарды пайдаға жарата білу қажет. Табиғи бір ғана нәрсені өңдеп сәндік бұйым шығару үшін ойын бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Басқа да қасиеттері толып жатыр.

Сөзімді қорытындылай келе дәстүрлі қолөнерімізді дамытып ешқашан ұмытпай,халық қажетін өтейтін табиғат байлығын мақтан етіп халық игілігіне пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді.

Замана көшнен қалып қоймай ұлттық өнерімізді дамыту жас ұрпақтың мақсаты.



























Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері»

  2. Шаңырақ. Үй – тұрмыс энциклопедиясы

  3. Оразбаев Н. А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Ленинград –2007ж

  4. «Мектептегі технология» №7 2009 ж.

  5. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1997 ж.

  6. Басенов Т. К. Казахский народный орнамент.

  7. Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы. 2007 ж.

8.Интернет желісінен.
































21



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Научный проект Изделия из войлока

Автор: Темирбаева Айгуль Максутовна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(205) "Ковровая вышивка - часть декоративно – прикладного искусства, формирующая навыки функциональной грамотности". "
    ["seo_title"] => string(113) "kovrovaia-vyshivka-chast-diekorativno-prikladnogho-iskusstva-formiruiushchaia-navyki-funktsional-noi-ghramotnosti"
    ["file_id"] => string(6) "181827"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425399000"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1790 руб.
2550 руб.
1620 руб.
2320 руб.
1830 руб.
2620 руб.
1620 руб.
2320 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства